1 дәріс Әлеуметтану ғылым ретінде Әдебиеттер


-тақырып.Әлеуметтік ақпаратты жинау әдістері



бет17/59
Дата09.01.2022
өлшемі1,2 Mb.
#110414
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59
Байланысты:
ЛЕК 1
Қосымша 1, 123, Мақсатын кою, жол ережесі
5-тақырып.Әлеуметтік ақпаратты жинау әдістері
Әдебиеттер:

  1. Руденко Р.И. Практикум по социологии. М: 2000

  2. Андрущенко В.П. Социология: наука об обществе. Харьков, 1996

  3. Смелзер Н. Социология .-М., 1994

  4. Ядов В.А. Социологическое исследование: методология, прграмма, методы. Саратов, 1995


Жоспар:

  1. Әлеуметтанудағы әдіс ұғымы.

  2. Әдіс, әдістеме, техника және процедура әлеуметтанулық зерттеудің құрамдас бөлігі

ретінде.

  1. Зерттеудің жалпы ғылыми және әлеуметтанулық прициптері.

  2. Сұрау алғашқы әлеуметтанулық ақпарат жинау әдіс ретінде.

  3. Анкета әлеуметтанулық әдіс ретінде. Сұхбат әдіс ретінде

1. Әлеуметтанулық зерттеу әдістері жиналатын ақпараттардың мазмұнына қарай сандық және сапалық болып бөлінеді. Сандық әдістерге: сауалнама, халық санағы және статистикалық зерттеулер жатқызылса сапалық әдістерге бақылау, сұхбат, контент талдау, фокус топ әдістері жатады. Сандық әдістер сапалық әдістерге қарағанда әлеуметтік ақпарат жинау және талдау кезінде әлдеқайда ертерек қолдана бастады. 19 - 20 ғасырдың басында зерттеушілер халық санағы, арнайы статистикалық зерттеулер мәліметтерін белсенді пайдаланды. К.Маркстің “Капиталы”, Ф.Энгельстің “Англиядағы жұмысшы табының жағдайы”, Э.Дюркгеймнің “Өзін-өзі өлтіру” сияқты өткінші емес, даңққа ие болған еңбектері статистикалық ақпаратты ғылыми социологиялық талдаудың тамаша үлгілеріне айналды.

Көбінесе сапалық ақпарат негізінде жасалынған және қалың бұқараның көңілін аударған ең ірі социологиялық зерттеу У.Томас пен Ф.Знанецкийдің “Еуропа және Америкадағы поляк шаруасы” атты еңбегі болды. Кезінде АҚШ-қа қоныс тепкен эмигранттардың көп бөлігін Польша келімсектері құраған. Олар қалыптасқан сұрау әдісімен зерттеу үшін жақсы сандық базасын құрай алды. Мұндай сұрау мигранттардың кету себептері, жаңа әлеуметтік, экономикалық және мәдени ортаға қосылу деңгейі мен формасы, олардың материалдық жағдайы, жергілікті халықтың оларға деген қатынасы және т.б. туралы бай ақпарат берер еді. Алайда, Томас пен Знанецкий процестің субъективтік жағына көңіл бөлуді ұйғарды. Олар респонденттерді зерттеуші қойған сұраққа ғана жауап беруге көндіруге тырысқан жоқ, респонденттерге олармен не болып жатқанын өзіндік сезінуі, алуан түрлі сезімдері арқылы ақпарат жеткізуге мүмкіндік берілді. У.Томас пен Ф.Знанецкий жеке құжаттарды талдау және терең сұхбат әдістерін қолданды. Олар поляк эмигранттарының өздерінің туысқандарына жіберген 764 хатын зерттеп, АҚШ-та орналасқан поляктармен терең сұхбат жүргізді.

Сапалық зерттеулер колданбалы социологияда да, қоғамдық пікірді зерделеуде де, нарықты зерттеуде де кең таралған жоқ. Сонымен бірге, 20-ғасырдың 30-жылдардың басында американдық зерттеуші Джордж Гэллап құрған ұйым президент сайлауы нәтижелерін болжаудан тауарлардың потенциалды сұранысын есептеуге дейін болжамның тиімді құралы болған жаппай формализмге неізделген сұраулардың алғашқы үлгілерін берді.


Сол уақыттан бастап эмпирикалық социологиялық және маркетингтік зерттеулер дербес ғылыми-қолданбалы салаға ғана емес, сондай-ақ ерекше индустрия мен бизнес саласына айнала бастады. Осы өзгерудің екі негізгі факторы - іс-әрекет қарқыны мен ұйымдастырудың сипаты аса маңызды белгілерге айналды.

Өткізілу технологиясы бойынша терең сұхбатты нарративтік (narratіve - әңгіме, хикая), жартылай құрылымдық және фокустық деп бөлуге болады. Нарративтік сұхбат - сұхбат алушының ешқандай араласпауынсыз респонденттің еркін әңгімесі. Мұндай жағдайда баяндаудың толық еркіндігі респондент үшін ең маңызды сәттер жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік береді деп белгінеді. Нарративтік сұхбатты қолдану әсіресе респонденттің жеке қабылдауы, оның сезімдері маңызды болған жағдайда өзін ақтайды. Қолданбалы социологиялық және маркетингтік зерттеулерде нарративтік техника өте сирек қолданылады.

Барлық сапалы әдістемелер ішінен соңғы кездері ең көп таралғаны фокус-топтар болып табылады. Бұл - зерттелетін объект жөнінде ақпарат алу мақсатындағы топтық пікір алысулар. Фокус-топтар құрамы (6-дан 12-ке дейінгі әрбір адам) зерттелетін жиынтық ішіндегі пікірлер, көңіл-күй, қажеттіліктер, талғамдар айырмашылығын барынша көрсету үшін іріктеп алынады (фокус-топты іріктеп алу рекруттеу деп аталады). Фокус-топтың жүргізушісі модератор деп аталады. Модератордың жұмысы жоғары біліктілікті қажет етеді, көбінесе фокус-топты кәсіби психологтар немесе социологтар жүргізеді. Модераторда терең сұхбатта гайд деп аталатын пікір алысудың жалпы жоспары болады. Бірақ, терең сұхбатқа қарағанда, фокус-топта гайд одан да төмен нақтыланған. Әдетте, ол компьютермен терілген мәтіннің 2 бетін алады. Фокус-топтың өзі 2-2,5 сағат жүргізіледі. Бұл модератордың суырып салма қабілетінің үлкен рөлін көрсетеді. Модератор фокус-топтың қымбат уақытын тек қана зерттеу мақсаттары үшін пайдалануды қамтамасыз етіп, қызықты пікір талас тудырып, әрбір қатысушыдан барынша көбірек пайдалы ақпаратты “сығып алып”, гайдтың барлық сұрақтары бойынша “пікірлер таратуды” белгілеу тиіс. Әсіресе кез келген топта таныс емес адамдар арасындағы әңгімеде кездесетін “лидерді басу” міндеті түрде қиындыққа әкеледі. Модератор тең шамада, пікір алысу үшін барлық қатысушыларды әңгімеге тартуы тиіс, өйткені олардың әрқайсысы ақпараттың бірегей қайнар көзі болып табылады.

Фокус-топтар аудио немесе бейнепленкаға жазылады, жазбалар негізінде арнайы әдістемен түсіндіру (транскриптер), резюме мен есептер дайындалады.

Бақылаушының зерттеу объектісіне қатысты жағдайына орай бақылау енгізілмеген және енгізілген (қатысушы) болуы мүмкін. Енгізілмеген бақылау кезінде зерттеуші зерттелетін объектіден тыс тұрады. Ол оқиға барысына енгізілмейді және сұрақтар қоймайды. Енгізілген бақылауда зертттеуші бақыланушылармен тікелей байланыста болады, олардың іс-әрекетіне қатысады. Енгізілген бақылау өз кезегінде жасырын (жариялы емес, құпиялы) және ашық болып бөлінеді.

2. Қоғамдық құбылыстарды зерттеген кезде сұрау әдісін қолданғанда көбінесе анкета тарату әдісі, интервью мен тест әдістері жиі қолданылады. Алдын ала дайындалған сұрақтар жазылған анкеталар тарату әдісі жиі қолданылады. Анкета тарату жолдары түрліше болады. Анкеталарды почта арқылы жеткізуге болады немесе баспасөзде жарияланып, оқушылардың қойылған сұрақтарға жауап қайыруына өтініш білдіріледі. Алайда зерттеуші анкеталарды тікелей өзі таратуы да мүмкін. Анкета құрылымы: зерттелетін проблема бойынша шешімді қабылдау үшін қажетті ақпараттарды жинауға болатын сұрақтар жүйесін құрайтын, бірнеше бөлімдерден тұрады. 1-ші кіріспе бөлімі. Мұнда сауалды кім жүргізгені көрсетіледі. Анкетаны толтыру инструкциясы және толтырған анкеталарды қайтару көрсетіледі. 2-ші орында респонденттің әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары үшін сұрақтар қамтылады. Ол көбінесе анкетаның соңында беріледі. Бұл мәселеде жынысы, жас ерекшелігі, білімі, мамандығы, әлеуметтік тегі, отбасылық жағдайы ескеріледі.

Анкетада берілген жауаптар неғұрлым дәлірек болу үшін, анкета әдетте анонимді болады, яғни жауап беруші өзінің аты-жөнін көрсетпейді.

Ғылымда сауалнама жүргізуші адамдар-интервьюерлер (Сауалшылар) және сұрақтарға жауап қайтарушылар – респоденттер деп аталады. Алынған ақпараттың сипатына қарай және оны алу тәсіліне қарап сауалнама бірнеше түрге бөлінеді




Сауалға жауап алу ұжымдардың және жеке адамдардың кез келген проблема бойынша пікірін білуге мүмкіндік жасайды. Әсіресе бұл әдіс құжаттар арқылы зерттеу, бақылау т.б әдістерді қолдану үлкен қиыншылықтар туғызғанда пайдаланады. Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респоденттің аты жөні көрсетілмей анонимді түрде болады.


Үндеулік бөлімде қысқаша зерттеудің мақсаты туралы айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі және зерттеу нәтижесі қалайша қолданылатыны жазылады, анкетаны толтыру ережесі көрсетіледі, Қайтарылған жауаптардың құпия түрінде болатынына кепілдік беріледі. Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналасады.Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті, қызықты болуы керек. Осыдан кейін сұрақтар олардың пікірін , оқиғалар мен қазіргі жағдайға беретін бағаларын білуге бағытталуы әрі күрделі болуы шарт. Ал төлқұжаттық бөлімде респоденттердің демографиялық мәліметтері (жасы, жынысы т.б) жөніндегі сұрақтар қойылады. Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұжырымдылығына баса назар аударылады.. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап біліп алады, содан соң логикалық жүйеде сұрақтар қарастырылып, оның жауаптарының түрлері корсетіледі.

Сауалнама – бұл алғашқы мәліметтерді жинақтаудың бір түрі. Қазіргі қолданбалы социологияда сауалдар әртүрлі негізіне қарай жіктеледі; зерттеуші мен респонденттің байланысының сипаты бойынша сауалдар сыртқы-анкеталық және ішкі –сұхбат болып бөлінеді. Қалыптасу дәрежесіне қарай стандартталған (алдын-ала дайындалған жоспармен болған), стандартталмаған (еркін) болып бөлінеді. Жүргізілу жиілігіне қарай бір ретті және көп ретті болып бөлінеді. Ол зерттеуші мен зерттелушінің ауызша сөйлесуі түрінде жүргізіледі. Зерттеуші өзіне керекті құбылыстар жайлы сұрақтарды ауызша не жазбаша түрде қоюы мүмкін. Ауызша сұрақтар еркін түрде немесе алдынала жазылып қойылған сұрақтар түрінде қойылуы мүмкін. Егер сұралуға тиісті адамдардың саны көп болса, онда сұрақтар алдынала жазылып қойылады. Сұрақтар классификациясы. Мазмұнына қарай сұрақтар жабық, жартылай жабық және жартылай ашық болып бөлінеді. Жабық сұрақтары жауаптың варианттары беріледі; одан біреуі немесе бірнешеуі таңдалады. Жабық сұрақтарда альтернативті және альтернативті емес болып бөлінеді. Альтернативті сұрақта респондент тек бір жауапты ғана таңдайды (ия, жоқ). Ал егер сұрақтарда респонденттің өз ойын жазуға қалдырылған варианты болса мұндай сұрақтар жартылай жабық формада болады. Ашық сұрақтар – респондентке жауаптың ешқандай варианттары берілмейді. Ол өз сөзімен жауап береді. Мысалы: «Сіздің жұмысыңызда сізді не қызықтырады?» Тікелей және жанама сұрақтар. Тікелей сұрақтар дегеніміз - респонденттен тікелей ақпарат алуға бағытталған сұрақ. (Мысалы: сіз еңбегіңізге қанағаттанасыз ба?). Мұндай сұрақтар кейде жауапсыз қалады немесе дәл емес ақпарат береді. Мұндай жағдайда жанама сұрақтар қойылады. Ал жанама сұрақтар - көптеген көмекші сұрақтардың көмегімен тікелей емес қажетті ақпарат жинау. Мыс: біздің есептеуімізше ..., ал сіздің қандай? Негізгі, негізгі емес сұрақтар. Негізгі сұрақтар зерттелетін құбылыстың мазмұны туралы ақпарат жинауға бағытталған сұрақтар. Ал негізгі емес сұрақтарды-зерттеуші өз респондентіне күдіктенсе. Бақылаушы сұрақтар арқылы жауаптың ақиқаттығын тексеру үшін қолданылуы мүмкін. Зерттеушіні қызықтыратын респонденттің бөлігін басқасынан бөлу үшін фильтр-сұрақтар қойылады.



3. Социологиялық зерттеу нәтижелері жабық сипатта болмаса, оларды жұртшылыққа жеткізу қажет. Сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдары пайдалануы мүмкін әрі тиіс.

Соңғы кездері баспа, электронды сияқты әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдары социологиялық сұраудың нәтижелерін пайдалануға талпынады. Әдетте, БАҚ социологиялық сұрауларды дәлел келтірудің немесе иллюстрацияның белгілі бір құралы ретінде пайдаланады. Кейбір БАҚ социологиялық сұрау көмегімен өзінің рейтингін көтереді. Адамдар әдетте сұрау нәтижелерін қызығушылықпен түсіне отырып, көптеген БАҚ-дың өздері социологиялық зерттеудің жүргізілуіне тапсырыс жасайды. Мұндай тәжірибе қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында бар. 90-жылдары “Гиллер институты” деген атпен белгілі қоғамдық пікірді зерттеу орталығы “Караван” газетінің құрылтайшыларымен құрылғаны белгілі. Караван газеті өзінің беттерінде осы институттың зерттеу нәтижелерін апта сайын жариялап отырды (мысал, мақала фрагментінің көшірмесі).

“Панорама” газеті құрамына кәсіби социологтар кіретін сарапшылар тобы (VІP Problem тобы) бірнеше жылдар бойы сараптамалық сұраулардың нәтижелерін жариялайтын айдарды жүргізуде (мысал, мақала фрагментінің көшірмесі).

Хабар агенттігі талдамалық бағдарламаларында, сондай-ақ жаңалықтар топтамасында “КОМКОН-2 Еуразия” зерттеу компаниясы жүргізген социологиялық зерттеудің нәтижелерін жиі пайдаланады.

2002 жылы “Казахстанская правда” республикалық апталық газеті елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірінің ең өзекті мәселелері, сыртқы саясат мәселелері және т.б. бойынша сараптамалық сұраулар өткізу “Социоөлшеу” жөніндегі жобасының бастамасы болды. Бұл жобаны “Казахстанская правда” газетінің саясат бөлімі “ЦЕССИ-Қазақстан” салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институтымен бірлесе жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған жағдайлардың барлығында социологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы есептердің өзі олардың тапсырыс берушілері болған басылымдар материалдары түрінде болады.

Сонымен бірге, өткізілген социологиялық зерттеу туралы есепте баяндалған нәтижелер БАҚ-тағы тиісті басылымдар арқасында қалың жұртшылыққа жеткізілетіні жөнінде мысалдар көп (мысал, мақала көшірмесі).

Осымен қатар, барлық белгілі социологиялық компаниялар өз зерттеулерінің нәтижелерін (тапсырыс берушінің келісілуімен) өз сайттарында жариялайды, бұл ақпаратты олар әрдайым жаңартып отырады. Социологиялық зерттеу нәтижелері берілген социологиялық орталықтар шығаратын электрондық жаршылар да бар. Қазақстанда осы бірегей тәжірибе социологиялық және маркетингтік қызмет көрсету нарығында белгілі “БРИФ” Агенттігімен енгізілген. Көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар “Караван” жаршысын алады (мысал, мақала көшірмесі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет