1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


ДНҚ-ның екі еселенуі (репликациясы)



бет24/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78
Байланысты:
darister
Enzyme worksheet
3. ДНҚ-ның екі еселенуі (репликациясы).
Кез келген клетка бөлінер алдында оның ДНҚ молекуласы екі еселенеді және соның нәтижесінде ұрпақ клеткалары алғашқы аналық клеткалардағыдай ДНҚ молекуласына ие болады. Олай болса, бөлінетін клетканың ДНҚ-сы дәл өзіне ұқсас тағы бір ДНҚ молекуласын қалай жасайды?
1940 жылы Л. Полинг пен М. Дельбрюк ген (ДНҚ) өзінше бір бейненің қалыбы секілді, ол қалыпқа саз балшық құйып, оның формасын алуға, содан кейін осы формадан қалып етіп пйдаланған алғашқы форманы қайтадан жасауғңа болады деген пікір айтқан. Яғни, бұл геннің алғашқы құрылымына комплементарлы ДНҚ құрлымы жасалады, одан алғашқы құрлымға сәкес ДНК пайда болады деген сөз. Шынында да ДНҚ-ның бір тізбегін бір бейне десек, оған комплементарлы екінші тізбек оның кері бейнесі болып табылады. Демек, Уотсон мен Крик көрсеткен ДНК-ның еселенуінің немесе репликацияның жүру жолы шын
Ондай фрагментердің ұзындығы қарапайым бкатерияларда 2000-ға жуық. Осындай фрагментерді алғаш байқаған жапон ғалымы Р. Оказаки, сондықтан оларды оказаки фрагментері деп атайды.
1953 жылы Дж.Уотсон және Ф. Крик ұсынған ДНК құрылымының үлгісі (моделі) генетикалық хабардың кодын (шартты қысқарту), мутациялық өзгергіштіктің және гендердің көшірмесінің (ДНК молекуласынын бөліктері) алынуын түсінуге мүмкіншілік береді. 1957 жылы М. Мезельсон мен Ф. Сталь, Дж. Уотсон және Ф. Криктің бактериялық клеткадағы ДНК-ның жартылай консервативті түрде екі еселенуі (репликация) жөніндегі көз қарасын дәлелдеді. Ал Г. Стент ДНҚ екі еселенуінің үш түрін ұсынды:
1)консервативтік (лат.“косервативус”- сақташы, негізгі қалыпын сақтау) еселенуде ұрпақтың ДНҚ-ларда аналық ДНҚ-ның материалы болмайды;
2)жартылай консервативтік түрінде ДНҚ-ның жаңа молекуласының бір тізбегі аналық ДНҚ-дан болса, екіншісі-жаңадан құрылған тізбек;
3) дисперциялық (лат.“дисперсис”-шашырау, батырыңқы) түрінде аналық ДНҚ-ның материалы кездей соқ шашырап жаңа ДНҚ молекуласында рын алады.
М. Мезельсон мен Ф. Стальдың зертеулері осы үшеудің ішінен ДНҚ-ның жартылай консервативті екі еселену түрін таңдап алуға көмектесті. ДНҚ екі еселенуінің жартылай концервативті жолмен жүруін дәлелдеу Дж. Уотсон мен Ф. Криктің жасаған ДНҚ молекуласының үлгісінің дұрыстығының айғағы болды.
Сонымен ДНҚ еселенуі оының тізбектерінің ажырауынан басталады дедік. Ол тізбектерді геликаза (хеликс-спираль)- дезоксирибонуклеаза ферменттері-ДНҚ молекуласының бойымен екі бағытта жоғары және төмен ажыратады. Нуклеотидтер жұптарымен ДНҚ-ның шиыршықты тізбегінің арасындағы сутегінің байланыстары молекуланың бір жақ шетінде бірте-бірте үзіле бастайды және (ДНҚ) тізбектердің екеуі де бірінен бірі босай отырып, жазылады. Осылайша жазылған тізбек, өзінің қосылыстарын оське тік “қоя” отырып, дезоксирибоза және фосфор қышқылының қалдықтары арасында байланыстар арқылы ұсталып тұрады. Қоршаған ортадан клеткада жинақталған бос нуклеотидтер бар, олар ДНҚ-ның жазылған тізбегінің бос қосылыстарымен реацияға түсе алады. Бірақ әр қосылысқа бір жұп, “толықтыра түсетін” нуклеотид қана жуықтап, жалғаса алады. Бұл жазылған тізбекке басқа, ДНҚ-ның жетіспейтін тізбегі жалғаса бастайды деген сөз. Осы процестердің нәтижесінде ДНҚ-ның екі молекуласы пайда болады, олардың әр қайсысында қайтадан жинақталған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет