1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы



бет1/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
darister
Enzyme worksheet

1-дәріс. Генетика - тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы

1. Генетика пәні, маңызы, зерттеу объектілері.


2. Генетика ғылымының даму тариғы.
3. Өзгергіштік түрлері
4. Генетиканың зерттеу әдістері
5. Генетиканың практикалық маңызы.

1. Генетика пәні, маңызы, зерттеу объектілері.


Генетика биологиялық ғылымдар тобына жатады. Ғылымның атауы латынша qeneo (туу), qenus (туыс), qeneticos (шыққан тегі) деген сөздерден шыққан. Осы сөздердің мағынасына сүйеніп генетика тұқым қуалаушылықты зерртейді деуге болады. Тұқым қуалаушылық өзгергіштікпен тығыз байланысты. Қорыта айтқанда генетика тұқым қуалаушылық және өзгергіштік туралы ғылым.
Тұқым қуалаушылық - организмдердің өз белгілері мен даму ерекшеліктерін келесі ұрпаққа беру, ұрпақтарында ата-аналарының және арғы тектерінің белгілерінің байқалуы және түрге тән белгілердің сақталуы, олардың тұрақты болуы. Тұқым қуалаушылықтың арқасында бір түрге жататын организдер бір-біріне ұқсас болады. Белгілердің тұқым қуалауы көбею арқылы жүзеге асады. Тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері жыныс жасаушаларында жатады.
Өзгергіштік - жеке даму процесінде организмдердің тұқым қуалаушылық және сыртқы орта факторлардың әсерлерінен жаңа белгілерге ие болу қасиеті. Өзгергіштіктің арқасында бір түрге жататың организмдердің өзара айырмашылықтары брлады.
Ч. Дарвин бойынша эволюцияның қозғаушы күшінің бірі - табиғи сұрыптау. Өзгергіштік табиғи сұрыптауға материал дайындайды, тұқым қуалаушылық жаңа белгілерді ұрпақтарға беріп қалыптастырады. Сонымен генетика Ч. Дарвинның эволюциялық ілімімен тығыз байланысты. Ұзақ эволюция және табиғи сұрыпталу нәтижесінде пайда болған түр белгілерінің тұрақтылығы жоғары, жануарларды қолға үйрету нәтижесінде пайда болған белгілер тұрақтылығы төмендеу, өзгергіштігі жоғары. Осыны пайдаланып жаңа тұқымдарды шығаруға болады.


2. Генетика ғылымының даму тарихы.
Генетика жеке ғылым ретінде бөлініп осылай аталуы ағылшын ғалымы Бэтсонның есімімен байланысты (1907 жыл). Ұрпақтардың ата-аналарына, арғы тектеріне ұқсас болуы бұдан бұрын да белгілі болған, бірақта 19 ғасырға дейін оны ешкім зерттемеген. Осы уақытқа дейін түрлер өзгермейді деп санаған, бұл да генетиканың ғылым ретінде дамуын тежеген.
1761 жылы Кельрейтер өсімдіктерде жыныстың болуын анықтаған. Г. Спенсер, Ч.Дарвин - тұқым қуалаушылықтың цитологиялық негіздерінің болуын болжамдаған. А.Вейсман, Г. де Фриз - тұқым қуалаушылықтың хромосомалармен байланысының барын айтқан. Г.Спенсер тұқым қуалаушылық зат еселеніп көбеюі туралы айтқан, ал тек 80 жыл өткеннен соң бұл экспериментальды түрде дәлелденген. 19 ғасырдың бірінші жартысында Сажрэ, Нодэн өсімдіктердің тұқым қуалаушылығын зерттеу үшін алғашқы тәжірибелер қойған.
1865 жылы Г.Мендель тұқым қуалаушылықтың заңдарын ашқан. 1900 жылы Г.де Фриз (Голландия), К.Корренс (Германия), Э.Чермак (Австрия) бір-бірінен тәуелсіз Мендель зандарығ қайтадан ашып, Г.Мендельдің "Өсімдіктер гибридтеріне өткізілген тәжірибелер" атты шығармасын ғалымдарға танытты. 1910 жылы Т.Морган, А.Стертевант, К.Бриджес жеміс шыбының зерттей отыра тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының негіздерін қалаған. Осы теория бойанша гендер хромосомаларда белгілі өз ретімен орналасады. 1912 жылы Ресейде А.Богданов "Менделизм" монографиясын жазып шығарды. Сол уақыттағы генетика жетістіктері осы монографияда орын алды.
19 ғасырда қате теорилар да орын алды, А.Вейсманның (1896жыл) автогенез теориясы. А.Вейсман сыртқы орта факторлары гендерді өзгертпейді, гендер өздері өзгеріп, мутациялар пайда болады деп түсіндірген. 1925 жылы А.Надсон, Е.Филиппов бактерияларда рентген сәулелерінің әсерлерінен мутацияларды байқаған. Н.Вавилов өсімдіктердің гомологиялық қатарлар заның ашқан. Д.Карпеченко өсімдіктер түрлерін будандастыру арқылы жаңа формалар шығару мүмкіндігін дәлелдеген. А.Серебровский, Н.Дубинин геннің бөлшектенуін дәлелдеген. 1944жылы О.Эйвери - ДНК-тұқым қуалаушылық материалы деп тапқан. 1953 жылы Уотсон және Крик ДНК моделін жасаған. Д.Уотсон клеткалардағы ең басты процестің өрнегін былай жазып көрсеткен еді: ДНК → РНК → белок. Ген теориясына сүйене отырып, ДНК молекуласына құрылымдық талдау жасаған осы жұмыстар молекулалық генетиканың пайда болуына көп ықпалын тигізді. 1961 жылы О.Кельнер клетканың репарациялық (өзін-өзі емдеу) жүйесін ашты. 1961-1964 жылдары генетикалық код құпиясы ашылды. (Г.Гамов, М.Нирнберг, Х.Корана). Үндіден шыққан америкалық ғалым Х.Корана (1968) ашытқы клеткасынан генді химиялық жолмен синтездеді. 1970 жылы Х.Темин РНК-ны негізге ала отырып РНК-дан ДНК синтездейтін фермент - кері транскриптазаны (ревертаза) тапты. Бұл жаңалық генді ферменттік синтездеуге жол ашты.
Генетика қалыптасуының алғашқы кезеңдерінен бастап ақ селекцияға теорияық негіз болды. Генетика мен селекцияның біртұтастығы совет ғалымы Н.И.Вавилов (1887-1943) еңбектерінен айқын көрінеді. Н.Вавиловтың басқаруымен дүние жүзіндегі мәдени өсімдіктерді олардың жабайы туыстарын зерттеу, селекцияда пайдалану жұмыстары жүргізілді. Н.Вавилов тұқым қуудың гомологиялық қатарлары заңын ашты.Совет ғалымы Н.К.Кольцов (1927-1935) хромосоманың молекулалық құрылысы жөнінде алғаш пікір айтты. Алыс туысты организдерді будандастыру негізін қалаушылар Г.Карпеченко мен И.Мичурин болды. Жануарлар селекциясының негізін қалыптастыруда совет ғалымдары М.Иванов, А.Серебровский, П.Кулешов, Б.Васин үлкен үлес қосты.
Генетиканың қазіргі кезеңін әдетте молекулалық генетика кезеңі деп атайды. 20-30 жылдары Совет үкіметінде генетика ерекше дамып, дүние зүзіндегі генетика ғылымына жетекші болды. Бірақ 1930 жылдан бастап, әсіресе 1948 жылғы тамыз айындағы ВАСХНИЛ сессиясынан кейін генетиканың дамуы тежеліп, 1964 жылдан қайта дами бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет