1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы



бет9/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78
Байланысты:
darister
Enzyme worksheet
5. Дигибридті будандастыру
Мендельдің 3-ші заңы - белгілердің тәуелсіз ажырауы. Бұл заң полигибридтік будандастыруда ашылды. Мұндай будандастыруда бастапқы формалар екі және одан көп белгілері бойынша айырмашылығы болады. Полигибридтік будандастырудың ең қарапайым түрі дигибридтік будандастыру, мұнда екі белгінің тұқым қуалауын талдайды. Мендель ас бұршақтың сары тегіс қабықты сортын (ААВВ) жасыл бұдыр қабықты сортымен (аавв) будандастырды, яғни олардың альтернативті екі белгісі - тұқымның түсі және пішіні жағынан айырмашылығы болды. Будандардың бірінші ұрпағында тұқым сары түсті, оның қабығы тегіс болып шықты, демек, бастапқы ата-аналық формалар аталған екі белгі бойынша гомозиготалы болған. Бірінші ұрпақтың генотипі дигетерозиготалы - АаВв. Өздігінен тозаңданған бірінші ұрпақ өсімдіктерін зерттеп, Мендель F2-де фенотип бойынша төрт категорияға бөлінген 556 дән алды, атап айтқанда 315-сары тегіс (АВ), 108-жасыл тегіс (аВ), 101-сары бұдыр (Ав) және 32-жасыл бұдыр (ав). Мендель 32 санын арақатынас бірлігі ретінде алды, сөйтіп дигибридтік ажырау формуласын жалпы тұрғыдан алғанда былайша өрнектеді: 9АВ:3Ав:3аВ:1ав.
Дигибридтік ажырасуды талдай отырып, Мендель белгілер жұбының тәуелсіз ажырауы жөнінде заңдылықты ашты. Дигибридттік будандастырудағы белгілердің ажырасы, моногибридтік будандаструдағы екі дербес, бір-біріне тәуелсіз ажыраудың жиынтығы екені көрінеді:
9АВ+3аВ+3Ав+1ав = /3А+1а/ x /3В+1в/.
Дигетерозиготалы организнің төрт түрлі гамета беретіндігі және олардың өзара еркін (кездейсоқ) қосылуы, жұп аллельдердің бір-бірімен тәуелсіз қосылу заңдылығының сырын ашты. Гаметалардың үйлесуін Пеннет торы арқылы көруге болады:
♀ ААВВ х ♂ аавв
сары тегіс бұжыр жасыл
F1 cары тегіс АаВв
F2



АВ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет