Сонымен, дигибридтік будандастыру кезінде аллельді гендердің екі жұбы да бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды, бұл Мендельдің үшінші заңы. Схемада көрсетілген генотиптің 16 рет қисындасуы төрт түрлі гаметалардың бір-бірімен үйлесуінен шыққан. Жұп белгілердің тәуелсіз тұқым қуу комбинативті өзгергіштіктің негізі болып табылады. Ол өсімдіктер мен жануарларды будандастырғанда әрдайым байқалады.
Сонымен Мендельдің 3-ші заңы мынандай қорытынды жасауға болады. Әр гомологты хромосомада орналасқан түрлі гендер бір-біріне тәуелсіз тұқым қуалайды.
Белгілердің тәуелсіз комбинациялануы туралы қорытындының дұрыстығын Мендель кері шағылыстыру ақұылы дәлелдеді. Бірінші ұрпақ будандарын гомозиготалы ата-аналық формалармен шағылыстыру кері шағылыстыру деп аталады. Шынында да АаВв х аавв типтес кері шағылыстыру арқалы төрт түрлі фенотип – АаВВ, Аавв, ааВв және аавв – алынады. Мұның өзі дигетерозиготалы бірінші ұрпақтың гендері мейоз кезінде кездейсоқ таралып жиіліктері бірдей төрт түрлі гамета типтерін – АВ, Ав, аВ және ав түзгенін көрсетеді.
Белгілердің тәуелсіз комбинациялану заңы мал селекциясында жиі қолданылады. Мысалы, қазақтың ақ бас ірі қара тұқымы жергілікті қазақы сиырларын ағылшынның герефорд тұқымымен шағылыстыру арқылы алынған. Осы тұқымды қалыптастыруда сұрыптау жұмысы қазақы сиырдың жергілікті жағдайда ерекше бейімділігі мен ауруға төзімділігін герефорд тұқымының жоғары еттілік сапасымен үйлестіру бағытында жүргізілді.