1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


-дәріс. Жыныс генетикасы



бет18/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78
Байланысты:
darister

6-дәріс. Жыныс генетикасы.

1. Жыныстың анықталуы және тұқым қуалауы. Жыныстар арақатынасы.


2. Организнің бисексуалдығы. Жынысты анықтаудың баланстық (теңгерімдік) теориясы.
3. Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы.
4. Жыныспен шектеулі және жынысқа тәуелді белгілірдің тұқым қуалауы. Голандрлық тұқым қуалау.
5. Жынысты реттеу проблемасы. Жынысты ерте анықтау



  1. Жыныстың анықталуы және тұқым қуалауы. Жыныстар арақатынасы.

Жыныс – организнің белгілері мен қасиеттерінің ерекше жиынтығы. Жыныс, басқа ьелгілер сияқты генетикалық жолмен анықталып, тұқым қуалайды. Алуан түрлі организмдерде жыныстың гентикалық анықталуы ерекше жыныс хромосомаларының жиынтығына байланысты.
Жыныс детерминациясы үш түрге бөлінеді:

  1. эпигамдық - жыныс өсіп даму кезінде жіктеледі;

  2. прогамдық – ата-ана гаметогенезі кезінде;

  3. сингамдық – ата-ана гаметалары қосылғанда

Жануарларда хромосомалардың бір ғана жұбында айырмашылық байқалады, олар жыныс немесе гетерохромосомалар, кейде гоносомалар деп аталады. Ұрғашы және еркек жыныстардағы басқа бірдей хромосомалар аутосома деп аталады. ХХ – бірдей жыныс хромосомалары жыныс гомогаметалы деп аталады, өйткені ол гаметаның бір ғана сортын береді. ХУ – гетерогаметалы. Құста, көблекте және балықта ZZ – еркек, гетерогаметалы – ZW – ұрғашы жынысты болып келеді.
Гапло-диплоидты деп аталатын жынысты анықтаудың мүлде басқа механизмі ара мен құмырсқада кеңінен таралған. Бұл насекомдардың жыныс хромосомасы жоқ: ұрғашы (патша), және жұмысшы аралар – диплоидты дарақтар (2n = 32), ал еркек аралар (трутеньдер) – гаплоидты (n = 16). Аналық ара ұрықтанған жұмыртқалардан дамиды, ал ұрықтанбаған жұмыртқалардан жалқау ара – трутень дамиды (партенегенез). Сонымен трутеньдердің әкесі жоқ, дегенмен шешелері жағынан аталары бар. Ұрықтанған аналық жыныс клеткадан не көбеюге қабілетті ірі «аналық», не стерильді жұмысшы ара дамуы мүмкін (бұл личинканың әр түрлі қоректену жағдайына байланысты).
Сүт қоректілер Құстар, көбелектер
Р ♀ХХ х ♂ХУ Р ♀ ZW х ♂ ZZ
Гаметалар Х Х У Гаметалар Z W Z
F1 ♀ХХ ♂ХУ F1 ♀ ZW ♂ ZZ
Схемада көрсетілгендей аналық және аталық ұрпақтар сан жағынан бірдей (1:1) деуге болады. Шынында да жануарларда еркек: ұрғашы 1:1, бірақ бұл жағдай түрдің бір жынысы гомогаметалы, екіншіші гетерогаметалы болатын организмдерде кездеседі. Бал арасы мен оған жақын насекомдарда жыныстар арақатынасы тең емес.
Жыныстардың арақатынасы тең деп санағанмен, үй жануарларының басым көпшілігінде еркек жыныс байқалады. Бұны ғалымдар У сперматозоидтың Х қарағанда жеңіл, әрі тезірек қозғалғыш қасиетімен түсіндіреді.
Сүтқоректілердің ұрғашы жынысының тіршілік қабілеттілігі еркектермен салыстырғанда жоғары. Бұның нәтижесінде жыныстар арақатынасы ұрғашы жынысқа қарай ауытқиды. Ұрғашы жыныстың тіршілік қабілеттілігінің еркектен артықшылығының себебі толық белгісіз. Оның бірі болып жыныспен тіркескен гендердің зиянды әсері еркек жыныста жиі кездесуі саналады.
Адамдарда жыныстар арақатынасын талдау, оның әр түрлі себептермен өзгеретінің көрсетеді. Алғашқы тумалардың және егіздерге қарағанда жалғыз тумалардың арасында арақатынас ұл бала жағына ауытқиды.
Жыныс хромосоманың жынысты анықтау механизмін қарастырайық. Ұрықтың бастапқы даму стадиясында аналық та, аталық та емес көбею органдарының бастамалары – гонодалар пайда болады. Бұлардан не дамитыны жыныс хромосомаларға байланысты. Гетерогаметалы дарақ гонадаларының дифференциясы ерекше белок – НУ антигеннің әсерімен жүреді. Жыныс көптеген гендер әсері арқылы дамитын күрделі полигенді белгі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет