1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


-дәріс. Мутациялық өзгергіштік



бет26/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78
Байланысты:
darister

8-дәріс. Мутациялық өзгергіштік



  1. Мутация туралы түсінік. Мутацияның маңызы.

  2. Геномдық мутациялар:

    1. Хромосома санының өзгеруіне байланысты мутациялар

    2. Құрылымдық мутациялар немесе хромосомалық аберрациялар

  3. Гендік (нүктелік) мутациялар


  1. Мутация туралы түсінік. Мутацияның жіктелуі.

Мутация - өзгеру, ауыстыру деген мағынаны білдіреді. Мутация терминың алғаш рет ХХ ғасырда Гуго де Фриз ұсынған. Алғаш рет өзгергіштіктің пайда болуын және тұқым қуалауын ол өсімдіктерде байқаған. Мутациялар жеке организмдерде және бір топ организмдерде байқалады. Мутацияның негізінде жататын генетикалық материалдың сапалы жағынан немесе сандық түрде өзгеруі (хромосомалар санының ауытқуы, ДНҚ молекуласының құрамының өзгеруі). Мутациялар пайда болу үрдісі мутагенез деп аталады. Мутациялар организм тіршілігінің кез келген кезеңінде пайда болуы мүмкін (гамета, зигота, өмір сүру, қартаю). Олар сомалық және жыныстық жасушаларында байқалады. Өсімдіктерде сомалық мутациялар пайда болған орында өнім беретін бұтақ пайда болса, ол мутация тұқым қуаламайды. Тне қана жыныстық жолмен көбейетін жануарларда сомалық мутациялар тұқым қуаламайды. Кейбір ғаламдардың айтуынша сомалық мутациялар жиналып, жасушаның қаліпті қызметін бұзып қартаюға апарып соғады (рак ауыруының пайда болуы).
Мутациялар табиғи түрде немесе жасанды түрде пайда болады. Табиғи түрде өтуі спонтанды (кездейсоқ) болады. Жасанды түрдегі мутация физикалық, химиялық және биологиялық әсерден болады.
Мутагенез - әртүрлі физикалық және химиялық фактордың әсерінен организмде тұқым қуатын өзгерістің пайда болу үрдісі. Организмнің табиғи не әр түрлі факторлар әсерінен тұқым қуатын өзгеріске бейімділігі мутабильдік деп аталады. Мутацияға бейім болу көптеген себептерге – организмнің жас мөлшеріне, даму сатысына, to-ға, генотьиптің ерекшелігіне байланысты. Гендердің мутацияға бейімділігі бірдей болмайды, оларды стабильді және мутабильді деп бөледі. Жеке гомологты хромосомаларда орналасқан аллель жұптары мутацияға бір мезгілде ұшырамайды. Генотиптегі гендер мутацияға жиі ұшырайды. Жеміс шыбынының бір ұрпағында 100 гаметаға бір мутация сәйкес келеді. Тышқанның радиация әсеріне мутабильдігі дрозофиладан жоғары. Генетикалық факторларға байланысты болғандықтан мутабильдікті қолдан сұрыптау арқылы арттырып не кемітіп отыруға болады.
Мутагендер деп мутацияның жүруіне әсер ететін заттарды атайды. Бұған физикалық және химиялық заттар жатады. Мутант – организмнің мутация нәтижесінде алғашқы типіне ұқсамайтын, тұқым қуатын өзгеше қасиеттері бар тұлғалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет