Генетикалық код ДНҚ-дан – белокка.Ген ДНҚ- дан тұратынын, ал ДНҚ қос тізбекті шиыршық екені белгілі. Егер ДНҚ шын мәнінде генетикалық молекула болса, ол белгілі бір ферменттің құрылымын да белгілеуін тиіс. Уотсон мен Криктің пікірі бойынша ДНҚ ның нақ осы ролін молекуласындағы нуклеотидтердің жүйелікпен орналасуымен түсіндіруге болады, мұнда ДНҚ тізбектеріндегі төрт нуклеотид кезектесіп отырады. Бірақ, ферментер химиялық жағынан белоктардың молекулалары, ал соңғылардың құрылымдық элементтері – амин қышқылы болып табылатындықтан, ол қышқылдардың белок молекуласында (демек, ферменттердікі де) орналасу реті ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің орналасуына, дәліректайтқанда, нуклеотидтердің ДНҚ молекуласының тізбектерінде орналасуына қарай белгіленеді.
Тұқым қуалау информациясы ДНҚ- да қалай жазылған? Бұл мәселені алғаш 1954 жылы көтерген физик Г.Гамов болатын. ДНҚ – ның құрылысы толық анықталғаннан кейін бір жылдан соң, белоктағы амин қышқылдарының орналасу тәртібі ДНҚ – ның бір тізбегіндегі төрт түрлі нуклеотидтердің белгілі тәртіппен тізбектелу жолы арқылы белгіленуі керек деген ой түйді. Г.Гамов клеткада ДНҚ – ның төрт әріпті (нуклеотидті) тілін жиырма әріпті (амин қышқылдары) белок тіліне аударатын "сөздіктің болуы керек деп санады.