1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


Имунногенетикалық және биохимиялық полиморфты жүенің малдың өімділігімен ауруға төзімділігімен байланысы



бет33/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78
Байланысты:
darister

Имунногенетикалық және биохимиялық полиморфты жүенің малдың өімділігімен ауруға төзімділігімен байланысы.

Кан белоктары мен антигендерінің генетикалық полиморфтарының ашылуы антиген не фракцияларының синтезделуін бақылайтын нақты гендер мен малдардың шаруашылық ушін бағалы белгілері арасындағы байланысты зерттеуге үлкен талпыныс берді. Мұндай байланыс генетикалық ттұрғыдан мынадай теорииялық ой желістеріне негізделуі мумкін : 1) Геннің плейотроптық әсеріне яғни кан тобы не биохимиялық полиморфты жүйені қамтамасыз ететін ген малдың өнімділігіне немесе оның ауруға тікелей я жанама әсер етеді ; 2)Қан тобы не биохимиялық полиморфты жүйенің локусы мен шаруашылық үшін бағалы белгінің локусы бір хромосомада орналасып , тіркесіп тұқым қуалауына; 3) Гетерозис құбылысына,яғни қан не биохимиялық полиморфты жүйе бойынша гетерозиготалық өнімділікті немесе ауруға төзімділікті жариялатады; 4)ата-аналық формамен эмбрионның полиморфты жүйе бойынша генотиптерінің әртүрлі болуына байланысты иммуногенетикалық сәйкестігіне.


Аталған болжамдардың әрқайсысының практикалық мүмкіндігі бар. Дегенмен өнімділік немесе ауруға төзімділік- орга-ң күрделі белгілері ,осыған орай олардың дамуы бірнеше гендердің өзара әрекеттесуінің бақылауында боатынын есепке алу керек . Сондықтан тек генетикалық анықталатын иммунологиялық қасиетпен шаруашылық үшін бағалы белгілер арасындағы тығыз байланысты кез келген жағдайда байқау мүмкін болмайды. Байланыстық заңдылық ретінде қаралуы ең алдымен оның генетикалық табиғатымен анықталады, кейде оған сыртқы орта факторлары әсер етуі мүмкін. Мұндай байланысты сұрыптаудың нәтижесі деп қараған жөн: белгілі ортада белгілі генотиптердің дамуына қолайлы жағдай туады, ал басқа генотиптердің бейімділігі төмен болуы мүмкін , сондықтан да олардың шаруашылық үшін бағалы белгілері толық дами алмайды. Осыған байланысты жеке популяциядағы байланыстарды талдаудың белгілі дәрежедегі селекциялық маңызы бар.


Қан тобы және белок пен ферменттердің полиморфты жүйелерінің мал өнімділігімен байланысты.
Көптеген зерттеуде қан тобының сүт өнімділік көрсеткіштерімен байланысыы табылды . Алайда , бір табында кан тобы мен сиыр сүттілігі арасында байқалған оң байланыс басқа табындарда расталмай отыр. Кейбір зерттеулер Тf АС, ТfАВ және ТfВС генотиптерінің қойдын төлдегіштілігімен, ТfАД және ТfАВ генотиптерінің тірі маса мен жүннің қалындығымен оң байланыста екенің көрмсетті . Сонымен қатар ТfССгенотипі койдың аталған белгілері е кері әсер етеді. Жылқы Шаруашылығында Тfжәне кейбір кан топтары бойынша генотипі гетерозиготалық ұрпақтарды алуды қамтамасыз ететін талдау олардың көбею функциясын жоғарылататының дәлелдеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет