1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


-дәріс. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



бет41/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78
Байланысты:
darister

10-дәріс. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Цитогенетикалық сипаттамасы


2. Шаруашылыққа керекті белгілердің селекция негіздері

Бірінші цитогенетикалык зерттеу отызыншы жылдары кошқарлардың ұрық безін тексеру арқылы басталды, алпысыншы жылдардың ортасынан бастап арнаулы методтармен жілік майы клеткаларының хромосомдары тексеріле басталды. Қазақстанда қой кариотипін зерттеу ерте басталғанымен (А. С. Бутарин, 1935) хромосомның морфологиясы, әр аймақта өсірілетін тұқымдар тұрғысынан тексеріліп жинақталуы қазақ ғылыми академиясының экспериментальді биология институтының кол-лективімен сексенінші жылдары аяқталды. 1979 жылы А. М. Мурзамадиев пен Р. Жапбасов "Қой цитогенетикасы" деген жинақты шығарды.



2 - с у р е т. 2-жасар аналыктыц кариотиш (А. Мурзамадисв, Р. Жапбасов, 1479 ж.).

Қойдың кариотипіндегі диплоидты жинақта 2п =54 хромосом бар, олардың бір жұбы жыныс хромосомдары (XX.XV), ал қалғандары аутосомдар (52).


Аутосомдардың ішінде (2-сурет) үш жұп метацентрикалы және 23 жұп акроцентрикалы хромосомдар бар. Қойларға жақын түрлердің кариотипінде келесі хромосомдар кездеседі: үлкен мүйізді койлар — 2п = 54, Европа және Азия муфлондары 2п = 54 тең, құлан — 60, ешкі — 60, архар — 56. Көптеген болжаулар бойынша үй қойларының кариотипінің қалыптасуы немесе гетероплоидиямен байланысты. Жілік майы клетка-ларында 20%-ке дейінгі жиілігі бар гетероплоидия орын алады, сондықтан ірі қара малға қарағанда кездесетін кемістіктер мен өсімталдылықтың нашарлауы койда көп кездеседі. Жаңа туған қозылармен 9—10 айлық тоқтыларда хромосомдық мутациялар арқылы пайда болатын кемістіктер және жеке дамуға кедергі жасайтын қуалаушы аурулардың жиілігі 0,53—2,36% тең. Полиплоидты клеткалар жиілігі 0,53—1,36%, бұл ірі кара салыстырғанда (0,11% 5—9 есе көп, ал қошқарларға қарағанда аз (1,7—2,7%). Қой эмбрионында 4,6—8,16 есе көбейген хромосом жинақтары бар, көбінесе хриплоидтар — 64,0%, және актоплоидтар —21%.
Қойлардың жасы өскен сайын хромосомдық мутациялар көбейе түседі. Ірі қарадағы сияқты робертсондық транслока-циялардың клетка аралығындағы жиілігі 1,26%, ал Англияның ромни-марш породасында бұл құбылыс 14,0—26,4% дейін жетеді, бірак фенотипте хромосомдық мутациялардың әсері көрінбейді. Көбінесе транслокация 6/7, 7/2, 4/24, 7/25, 8/25 хромосомдар арасында етеді. Бұл акроцентрикалықтар орталық буыңдықтарымен бір-біріне жабысып, клеткадағы хромосомдар санын азайтады, осыған байланысты жана төртінші метацентрик көрінуі мүмкін.
Робертсондық транслокациялар қошқарлардың жыныс бездерінің кемістігіне, жыныс клеткасының дұрыс өсіп-дамымауына әкеледі — артынан ұрпақ қалдыру қабілеті бұзылады.
Бір анадан туған екі-үш козылар айырымды жыныспен сипатталса, осы төлдердің кариотипінде, эмбриогенезде жыныс гармондарының әсерінен пайда болған, кариотиптің мутациялары орын алады. 100 егіз туған жыныс айырымды қозылардың арасында 2,0% жуығының генотиптерінде екі жыныстың хромосомдары кездеседі (фримартинизм 2п = 52+ХХ, ХУ). Бұндай организмде гаметагенез дұрыс өтпейді, ұрық клеткалары түзілмейді. Эмбриогенез уақытында кариотиптің потологиясы ретінде жыныс хромосомдарының дұрыс бөлінбеуін айта кету керек. Осының салдарынан екі жынысты немесе жыныс аралық особтар (интерсекстер) калыптасады. Мысалы аналық қойларда XX және ХУ хромосомдарының бірге кездесуі немесе артық X — хромосомның орын алуы (2п = 52 + ХХХ), қошқарлардың кариотиптерінде X не У — хромосомдарының артық болуы (2п = 52 + ХУХ, 52 + ХУУ) және жетіспеуі (2п = 52 + ХО). Осы кұбылыстардын барлығы ен алдымен особтардың ұрпак қалдыру кабілеттерін жояды және тіршілікке бейімділігін бұзады. Сондықтан қой шаруашылығында асыл тұқымды қошқарларды колдан ұрыктандыруға пайдаланардан бұрын олардың цито-генетикалық сипаттамасын жасау керек. Осыңдай лабораториялық жұмыс популяция ішінде көп таралған бедеулікті жоюдың басты әдісі. болып табылады. Қазіргі иммуногенетикалық және биотехникалық осындай зерттеуді жүргізулер толығынан меңгерілген. Әр түрлі қой тұқымдарының пішінінің мөлшерін 3-кестеден көруге болады.

3-кесте. Әр түрлі тұқымға жататын хромосом пішінінің ұзындығын мкм, (А. М. Мурзамадиев, Р. Жапбасов, 1979).





Кариотиптегі 27 жұп хромосомдардың ең ұзындары 1—3 жұптағылар. Қазақстанның оңтүстік және орталық аймақтарында өсірілетін қазақтың биязы жүнді, еділбай тұқымдарында да және Англия тұкымдарының гибридтері үшін 1—3 жұптағы хромосомдардың мөлшері 5,49—7,15 мкм дейін өзгереді, хромосомдар екінші ұзындықпен 1,98—2,71 мкм, үшінші топ 10—26 жұптарды косады 0,93—1,97 мкм, У — хромосомдар ең аз мөлшерлі 0,61—0,67 ал X — хромосомның ұзындығы 3,00—3,11 мкм шамасында.

2. Шаруашылыққа керекті белгілердің селекция негіздері


САНДЫҚ БЕЛГІЛЕР. Селекцияға керекті маңызды сандық белгілері дене бітімі, салмағы, жүннің салмағы, ұзындығы, қалыңдығы, иректігі, шәйірлігі, тазалығы, аналық қойлардың өсімталдығы, сүттілігі т. б. Бұл белгілердің онтогенездегі өзгергіштігі көбінесе сыртқы ортаның қозғаушы күштеріне тәуелді, ал генотиптің әсері әртүрлі дәрежелермен сипатталады. Қазақстан селекционерлерінің мәліметтерінде (М. К. Кройтер, 1973, Ф. М. Мухамедгалиев, 1973, К. Н. Байбугенов, 1986) жүн өнімінің тұқым қуалаушылық коэффициенті һ2 = 0,3-0,5 таза жүннің -һ2 = 0,5-0,7 жүн қылшығының үзындыгы -һ2 = 0,4-0,6 қалыңдығы һ2 = 0,3 - 0,5 өсімталдығы һ2 = 0,1 - 0,4.
Қой өнімдеріндегі жүнділігі, еттілігі, өсімталдыгы өте күрделі белгілер олар жекеленген белгілердің жинағынан тұрады және әр белгінің онтогенезіндегі өзгергіштігі әртүрлі. Сондықтан негізгі өнімнің құндылығын арттыру көп корреляциялық байланыстарды зерттеу, осы ара қатынастардың полигенді тұқым қуалаушылық сипаттамасының негізгі өнімге тигізетін әсерін анықтау арқылы жүргізіледі.
Биязы жүнді тұқымдардан өндірілетін негізгі өнім көктемде қырқылатын жабағы жүн. Бұл жүн өнімі таза жүннен, шайырдан және бөгде заттардан тұрады. Ал таза жүн көптеген белгілердің жинағынан тұрады (81-сурет). Сондықтан жүн өнімін арттыру селекция процесінде жабағының құндылығына әсер ететін белгілердің сүрыптау және іріктеу жұмыстарының негізі ретінде қолдануға байланысты. Әр белгінің өнімге тигізетін әсерін есептеуді тек корреляциялық немесе дисперсиялық әдіспен тексереді және жеке белгілердің өзара қарым-қатынасында анықталған жөн. Мысалы қылшықтың қалыңдығымен (диаметр) ұзындығының арасында оң бағытты арақатынас бар (Г = 0,3-0,7), ал қылшықтың диаметрі денедегі өсетін жүннің қалыңдығымен, тері қорымен және организмнің салмағымен сол бағыттағы аракатынаста болады (г = 0,2-0,7).
Таза жүннің өнімі кейбір породалар мен будандарда дене салмағының жүннің қалыңдығынан, үзындығынан, мүшелерінің жүнділігінен тәуелді екені анықталды. Екінші жағынан — азықтандырудың, күтімнің будандастыру әдістерінің әсерлері де бар. Сондықтан сандық өзгергіштің құндылығын өркендету жан-жақтан көп белгілердің, факторлардың әсерін есептеп, іріктеп алынған критерилерге негізделуі керек.

3 - с у р е т. Жүн өнімінің селекциялык әсерін тигізетін белгілер.


САПАЛЫҚ ӨНІМДЕРІ. Әртүрлі бағытта өсірілетін қой тұқымдарының сапалық өнімдерінің негіздері — жүннің түсі және терінің құндылығы. Арнаулы елтірі үшін өсірілетін қаракөл, балбас және басқа қылшық жүнді майқұйрықты породаларда — қолдан сұрыптаудың нәтижесінде өндірілетін елтірідегі жүн түгінің бояуы, пішіні және бұйралылығы, басқа (сапалық белгілердегідей емес) күрделі тұқым қуалаушылық ережеге бағынады. Мысалы каракол түқымында елтірінің қараға боялуы доминантты да рецессивті де болуы мүмкін, қоңыр-қараға тәуелді бояу, сұр түс қара және ак реңді жүн түктерінің араласуымен көрінеді, қызғылт-қоңыр және ақ жүндердің аракатынасы, күміс-сары түсті жүн түктерінің асты түтін, үсті күміс реңмен боялғаннан пайда болады. Бір түсті елтірінің арасында аллеоморфтык өзгергіштік бар, олардың тұқым қуалаушылығы сыртынан күрделі көрінгенмен генотипте Н. И. Вавиловтың тұқым куалаушылық езгергіштер заңына бағынады.


Елтірінің сүр түрі сегіз топқа белінеді. Бұл топтардың пайда болуы теріде өсетін жүн кылшықтарының қара және ақ реңділерінің ара катынасына, ұзындығына және жүннің бүйралығының пішініне сәйкесті. Бұлардан басқа да белгілер мен касиеттер сұр түрлі елтірінің қалыптасуына қатысады. Ң. С. Гигинеивили (1979) кеп тәжірибелерді жинактап елтірінің реңіне әсер ететін күштерді талдап келесі схеманы үсынады (82-сурет).
Қойдың сапалық енімі де, сандық өзгергіштікті талдағанда кездесетін бір күрделі белгінің көп жекелеген белгілердің тәуелді екенін акындайды. Бірақ, егер сандык белгілер жеке дамуда сыртқы факторлардың арасында кептеген езгерістер-ге үшыраса, сапалық белгілердің сыртқы күштерден тәуелді-лігі шамалы немесе жоқ. Сондықтан онтогенездің сатыларындағы бұл белгілердің қалыптасуына тигізетін генотиптің әсері һ2=1,0-ге жакындайды: бірак елтірі реңі полигенді түрде тұқым қуалайтынын еске алу керек. Полигенділік, бұл жағдайда аллельді гендерден баска модификациялық және плоейтропты әрекеттері бар генетикалык информациялармен байланысты.
Қолданылған әдебиет:

1. Стамбеков С.Ж. Генетика, Новосибирск, 2002


2. Бегімқұл Б.А, Генетика, Алматы, 1994


3. Байбугенов К.Н., Исабеков Қ.И., Ақмола, 1993


4. Імбай С.М. Қой иммугогенетикасы және оны селекцияда қолдану,


Астана, 2008ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет