1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы



бет43/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78
Байланысты:
darister

12-дәріс. БИОТЕХНОЛОГИЯ

Биотехнология“ атауын ен алғаш венгр карл Эреки 1919 жылы тірі организмдердің көмегімен өндірілетін жұмыстарды анықтау үшін қолданған. 1986 жылғы шығарылған Биологиялық энциклопедиялық сөздікті, өндірістегі биологиялық процестерді және тірі организмдерді қолдануды айтады. Европалы. Биотехнология одағы (EFB) осы күнгі биотехнологияны табиғаттану ғылымдарын (биологияны, химияны, физиканы) және инжернелік ғылымдарды (мысалы эректрониканы биоөнеркәсіпті биожүйелерге қодану деп біледі, ал европалық комиссия (ЕС) – биологиялық қауымдастықты қажетті өнімдермен және қызметтермен қамтамасыз ету деп толықтырады.


Биотехнология алғашқы кезеңде негізінен микробиологияның және энзимологияның жетістіктеріне сүйенсе, ал соңғы 20-25 ол өзінің дамуына итеруші күшті қарқынды дамып келе жатқан биологиялық ғылымдардан алды, олар : вирисология, молекулалық және клеткалық биология, молекулалық генетика.
Бүгінгі XXI ғасырға ұмтылған биотехнология ғылыми техникалық процестің алдынғы қатарынан орын алады.
Ген инжериясының әдістерінің ашылуы биотехнология дген ерекше өндіріс түрінің дүниеге келуіне ықпал жасап отыр. Биотехнология дегеніміз микроорганизмдердің және таза белоктардың (ферменттердің) жүргізілетін биологиялық процестердің халық шаруашылығының әртүрлі саласында пайдалану.
Мал шаруашылығында алдағы 10-15 жыл ішінде биотехнологияның алға ьасуы (процессі) гендік, клеткалық және эмбриогенетикалық инжернерияның дамуымен анықталмақшы.
Ген инженериясы молекулалық биологияның жаңа саласы. Ол лабораториялық әдіс арқылы гентикалық жүйелер мен тұқымы өзгерген организдерді алу жолын қарастырады. Ген инжерниясы пайда болуы гентиканың, биохимияның микробиологияның және молекулалық биологяның жетістігімен байланысты. Бұл атауды екі түрі қолданылады:"гентикалық инженерия " және "ген инженериясы ". Соңғы кезде “генетикалық инженерия” жалпылама түрде қолданып жүр, ген инженериясы да осының ішіне кіреді.
Молекулалық биология ғылымы жетістіктерінің нәтижесінде пайда болған ген инженериясы организмның бағалы қасиетің сақтап қана қоймай оған жаңа саңалы қасиет те бере алады. “Инженерия” дген атау құрастылуы деген мағананы білдіреді. Яғни, ген инженериясы дегенді ген құрастыру деп түсіну қажет. Ген инженериясының дәуірі басталмай тұрып 1969 жылы Г. Корана нуклеотидтерді белгілі бір жүйемен орналасқан ДНК синтезінің методологиясының жасап берген. Жекелеген дербес амин қышқылы – ашытқының аланинді тРНҚ-ның бастауыш жүйесі ашылғаннан кейін Г. Корана химиялық жолмен осы РНҚ –ның көлемі 77 поленклеотидтен тұратын кодтық бөлігін синтездеді. Кейінен 1979 жылы осы лобороторияда ішектаяқшасының териозиндік тРНҚ-сы синтезделеді және ол Т4 бактериофагының құрамына енгізіліп, бактерияның клеткасында жұмыс істейді.
Ген инженериясының дүниеге келген уақыты 1972 жылы деп есептеледі. Сол жылы Т.Берг алғаш рет пробиркадан үш түрлі микроорганизмнің ДНҚ-ларының фрагмент – терінен жаңа гибридтік ДНҚ құрастырылады. Бірақ маймылдың рак вирусын, бактериофагтың және ішек бактериясының гендік ДНҚ-ларына құрастырылған ол гибридтік ДНҚ-ның клетка ішінде ойдағыдай жұмыс істей алатындығы тексеріледі, себебі құрамында рак вирусының нуклейн қышқылы болғандықтан ғалымдар туекелге бармады.
Клеткада жұмыс істей алатын гибридтік ДНҚ-ны 1973 жылы – 74 жылдары С.Коэн мен Г.Бойер құрастырды. Ол басқа организмнен бөліп алған ДНҚ ферменттің (генін) бактерия плазмедиясының құрамына енгізді. Ол плазмериядағы бөтен гендердің алғаш рет жаңа организм ішінде жұмыс істей алатынын көрсетті. Сонын артыншы –ақ дүние жүзінің көптеген лобороторияларындағы жұмыс істей алатын әр плазмидадалар алынады. Совет елінде ондай бөтен гені бар плазмида академик А.А.Баевтың басшылығымен жасалды.
Ген инженериясы деп рекомбинаты ДНҚ-лар жасап, оларды басқа тірі клеткаларының енгізуді айтады.
Ген инеженериясы шешетін мәселелер:

  1. Генді химиялық немесе ферметті қолдану жолымен синтездеу;

  2. Ген әр түрлі организмнен алынған ДНҚ фрагменттерін бір-бірімен жанастыру (ДНҚ рекокомбинаттарын алу);

  3. Бөтен генді жаңа клеткаға векторлық ДНҚ арқылы жеткізу және оларды қызмет жасауын қамтамасыз ету;

  4. Клеткаларға гендерді немесе гентикалық жүйлерді енгізу жыне бөтен белокты синтездеу;

  5. Бөтен генге ие болған клеткаларды тандап алу жолдарын ашу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет