Биология пәні бойынша кешенді емтиханның сұрақтары



бет1/5
Дата13.05.2022
өлшемі42,82 Kb.
#143042
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Программа Итоговая аттестация БШ каз (1)
кмж 1


Биология пәні бойынша кешенді емтиханның сұрақтары



  1. Клеткалық мембрана. Мембрана моделі. Активті және пассивті транспорт. Осмос. Диффузия. Транспорттық механизмі арқылы клеткалық мембранасы.

Биологиялық мембрана — жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрия, хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 — 10 нм), ақуызды-липидтік құрылымды жұқа қабықша. Биологиялық мембрана фосфолипидтік құрылымына байланысты өткізгіштік қасиетіне ие, яғни жасушада тұздардың, қанттың, амин қышқылдарының, иондардың, т.б. заттардың алмасу өнімдерінің концентрациясын, олардың тасымалын және алмасуын реттейді. Клетканың протоплазмасын қоршап тұрған биологиялық мембрана жасушалық мембрана деп аталады. Клеткалық мембрана қос қабатты ақуызды-липидті молекулалардан тұрады. Биологиялық мембрананың құрылымының алғашқы моделі 1902ж. ұсынылған. биологиялық мембрананың бірінші моделі -липидтердің моноқабатына негізделген. 1925 ж. Гортер және Грендель гемолизденген эритроциттерден липидтерді ацетон арқылы бөліп алып, оларды су бетіне құйып, пайда болған бір қабаттан тұратын мономолекулалар пленкасының ауданын анықтаған. Мембрананың екінші моделі -жалпақ биқабат.Бұндай мембраналарды су құйылған пластикалық (мысалы, фторопласт) материалдардың диаметрі 1мм жуық кішкене тесіктерінде алынады, яғни липидтер биқабатты құрылымдарды (қара пленкаларды) құрайды. Бұл құбылыс алғашқы рет О. Мюллермен зерттелген. Мембрананың үшінші моделі – сфералық бірқабатты (бірламеллярлы) липосома. Олардың полярлық топтары суда, ал гидрофобты топтары ауада орналасады, мономолекулярлы қабатты құрып, жайылады (9 сурет).Олар биқабатты мембранадан тұратын, ұсақ көпіршіктер (везикулалар) түрінде болады. Пассивті транспорт — энергия жұмсалынбай, заттардың концентрация градиенті бойынша орын ауыстыруы. Қарапайым диффузия немесе осмостық қысым арқылы жүзеге асады.

Активті транспорт — энергия жұмсалынып, заттардың концентрация градиентіне қарсы тасмалдануы. Мемрана құрамындағы нәруыздар (ақуыздар) арқылы жүзеге асады.


Фагоцитоз.




  1. Нәрауыздардың құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәрауыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәрауыз денатурациясы мен ренатурациясы.

  2. Эволюцияның дәлеледемелері: салыстырмалы-анатомиялық, эмбриологиялық, палеонтологиялық, биогеографиялық, билохимиялық.

  3. Балықтардың экологиялық топтары және олардың сипаттамасы. Балықтардың қоршаған орта жағдайларына бейімделуі.

  4. Микроағзаларды өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада, тұрмыста қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Гендік инженерияның маңызы.

  5. Генетика пәні және әдістері. Генетиканың басқа биологиялық ғылымдармен пәнаралық байланыстары. Қазіргі заманғы генетиканың медицинада, ауыл шаруашылығыда, сәндік жануарларды өсіруде, педагогика мен психологияда маңызы.

  6. Жалпақ құрттардың жалпы сипаттамасы. Жалпақ құрттардың жіктелуі.

  7. Дезоксирибонулеинқышқылы құрылысы. Дезоксирибонулеинқышқылы құрылымы (бірінші және екінші реттік). ДНҚ молекуласының қызметі.

  8. Түр және оның критерийлері. Түрдің эволюциялық тағдыры. Түртүзілістің тәсілдері (симпатриялық, аллопатриялық, парапатриялық). Түртүзілістегі оқшаулаудың ролі. Джордан ережесі.

  9. Өсімдік жасушасы құрылысының морфофункционалдық ерекшеліктері. Протопласт және оның өнімдері: жасуша қабығы және вакуоль. Жасуша органоидтарының құрылысы және қызметі.

  10. Экологиялық ғылым жүйесіндегі жануарлардың экологиялық орны.

  11. ДНҚ репликациясы механизмі. Мезелсон мен Сталь тәжірибесі. Чаргафф ережесі.

  12. Жасуша органоидтерінің құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері. Жасушаның негізгі компоненттері: жасуша қабырғасы, плазмалық мембрана, цитоплазма және оның органоидтары (мембранасыз, бірмембраналы және қосмембраналы). Ядро. Жасушаның негізгі компонентерінің қызметі.

  13. Адам қаңқасының құрылысы және функциясы. Қаңқа және оның маңызы. Қаңқаның құрылысы, химиялық құрамы және классификациясы. Қаңқаның қосылу түрлері.

  14. Бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушаларының құрылым ерекшеліктері мен қызметтері.

  15. Жүрек. Жүректің формасы, орналасуы, қабаты, шеті және шекарасы. Жүректің қабырға құрылысы, жүректің клапан аппараты.

  16. Павлодар облысының Қызыл кітапқа енген омыртқалы жануарлары. ҚР-да омыртқалылардың биоәртүрлілігін сақтау үшін өткізілетін іс-шаралар.

  17. Аллелопатия. Осы терминге анықтама берініз және бұндай әрекеттесу қалай жүретінің айтыныз?

  18. Жыныс генетикасы. Жунаурлардың алуан түріндегі гермафродитизмі және бөлек жыныстығы. Қос ұялылар өсімдіктерінде жынысты анықтау. Бөлек жынысты ағзаларда жынысты қалыптастыру механизмі: прогамды, сингамды, эпигамды. Меотикалық партеногенез жыныс көбеюінің әдісі ретінде. Ағзалардың әртүрлі топтарындағы аналық жынысының гомогаметалығы және гетерогаметалығы.

  19. РНҚ және ДНҚ молекулалары құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  20. Түр түзілудің тәсілдері. Түр түзілудің механизмі. Түр түзілудің оқшаулаушы механизмі. Түртүзілудегі репродуктивті оқшаулану. Полиплоидия және гибридизация.

  21. Трематодоздар ( Жануарлардың описторхозы және фасциолезы )

  22. Аденозинүшфосфаттың синтезі: глюкозаның анаэробты және аэробты ыдырау кезеңдері.

  23. Популяция түрдің тіршілік етуінің формасы және эволюцияның элементарлы бірлігі ретінде. Популяцияның құрылымы (жыныстық, жастық, кеністіктік). Популяциядағы панмиксия, гендердің дрейфі мен ағыны эволюциялық факторлар ретінде.

  24. Эргастикалық заттар: көмірсулар, ақуыздар, майлар, олардың пайда болу реакциялары. Жасуша тіршілігіндегі ақуыздар, көмірсулар мен майлардың рөлі. Фармация мен медицинада қор заттарының маңызы. Секреторлық заттар, оның биологиялық маңызы. Фармацияда өсімдік шикізаты диагностикасы үшін секреторлық заттарды қолдану.

  25. Кребс циклі. Циклдің негізгі және аралық қосылыстары мен реакцияның соңғы өнімдері. Элеткрондық тасылмалдау тізбегі. Бологиялық жүйелер үшін маңызы.

  26. Жануарлардың ақпараттарын шарттың, қордың және бастауының сапалық экофакторы. Экологиялық факторлары және оның әрекеттестігі.

  27. Қаңқа бұлшық етінің құрылысы және функциясы. Бұлшық еттердің негізгі топтары. Бұлшық еттің нервтік қозуы. Синапс.

  28. Жүректің өткізгіш ситемасы. Миокардың негізгі ерекшелік: автоматия, қозу, өткізгіштік және жиырылуы.

  29. Сүйекті балықтар ұйымының шеміршекті балықтармен салыстырғандағы дамыған белгілері. Сүйекті балықтардың биологиялық дамуының себептері.

  30. Фитоалексин және оның өсімдіктердің ауруына төзімділігіне рөлі.

  31. Спонтанды және индукцияланған мутациялар. Қоршаған ортаның мутагендік факторлары. Мутациялардың жіктеуі (көлемі, себептер бойынша, фенотиптік көрінуде, тіршілікке қабілеттілікке әсері бойынша).

  32. Экологиялық пирамидалар. Трофикалық деңгейлер. Қарым-қатынас түрлері.

  33. Табиғат туралы ғылымдар жүйесіндегі эволюциялық тұжырымдамалар. Эволюцияның синтетикалық ілімі, оның құрамы және классикалық дарвинизмден айырмашылығы. Казіргі заманғы эволюциялық ілімнің пікірталас мәселелері.

  34. Өсімдік ұлпасы туралы түсінік. Өсімдік ұлпасы классификациясының принциптері. Ұлпалардың түрлері және олардың қызметтері.

  35. Экологиялық факторлардың классификациясы. Біріншілік және екіншілік периодтық факторлары.

  36. Нерв құрылымының жалпы сипаттамасы. Орталық нерв жүйесі. Артқы ми. Артқы мидың құрылысы мен орналасуы. Артқы мидың физиологиясы.

  37. Ас қорыту системасы. Ауыз қуысындағы ас қорыту. Қорындағы ас қорыту. Тоқ билектегі ас қорыту. Аш ішектегі ас қорыту қалыптығы.

  38. Бауырымен жорғалаушылардан кейінгі құстар класы, омыртқалылардың жер-әуе өмір салтына бейімделу сатысы ретінде.

  39. Хемосинтез. Фотосинтез бен хемосинтез үдерістерінің салыстыру.

  40. Тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын өзгергіштік. Модификациялар және морфоздар. Популяциялардың үйлестірілген полиморфизмі мен адаптациогенезінде мутациялық және комбинативтік өзгергіштіктің ролі. Жыныс үрдісі комбинативті өзгергіштіктің көзі ретінде. Прокариоттарды және эукариоттардың жнысы үрдісінің түрлері.

  41. Антиденелердің құрылысы мен құрылымы. Антиденелердің арнайылығы (белсенді орталығының). Антиген мен антидененің әрекеттесуі.

  42. Буылтық құрттардың жалпы сипаттамасы. Буылтық құрттардың жіктелуі.

  43. Микроэволюция және макроэволюция. Макроэволюцияның негізгі бағыттары – анықтамасы, мәні, мысалдары. Ағзалардың бір таксономиялық тобын мысалыға келтіріп эволюцияның негізгі бағыттарының әрекеттесуін көрсету. Эволюцияның қарқыны (брадителия, горотелия, тахителия).

  44. Жануарлар организмінің негізгі ортасы, олардың экологиялық факторлық жағдайы

  45. Организмнің рефлекторлық қызметі. Қозу мен тежеу. Нерв процессінің координациясы.

  46. Көру органы. Көз алмасы және оның қабырщағы. Рецепторлық тор аппараты. Көз алмасының камерасы. Көз аппаратының аккомодациясы. Көздің қосалқы аппараты.

  47. Тістердің шығу тегі және олардың омыртқалылардың түрлеріндегі эволюциясы.

  48. Тыныс алудың аэробты фазасы: декарбоксильді тотықтырғыш, Кребс циклі, электронтранспоттық тізбегі?

  49. Белгілердің тұқымқуалаудағы цитологиялық негіздер. Дигибридті будандастыру кезіндегі хромосомалардың тәуелсіз ажырауы. Жынысқа тіркес тұқым қуалау.

  50. Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер класы.

  51. Тірі табиғаттың прогрессі мен регрессі. Катагенездің бейімделгіш сипаты. Морфофизиологиялық және биологиялық прогресс – олардың әрекеттесулері мен үйлеспеушілігі. Жеке топтардың эволюциясында мамандандырудың және прогресстің аракатынасы (телогенез бен ароморфоз). Эволюциялық өзгерістердің қайтымсыздылығы туралы Долло заңы.

  52. Фотосинтездің қараңғы кезені. Кальвин циклі.

  53. Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Кроссинговер нәтижесінде белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарының бұзылуы.

  54. Жер астындағы жануарлардың адаптациясы, көбеюі.

  55. Эндокриндік жүйе жайлы түсінік. Организмнің ішкі секрецияның классификациясы және жалпы сипаттама.

  56. Көру анализаторының функциялдық маңызы

  57. Бауырымен жорғалаушылардың мысалы ретінде омыртқалы жануарлардың жерүсті өмір салтына бейімделуі. Жоғары жерүсті омыртқалылар қатарындағы бауырымен жорғалаушылардың қарапайымдылығы.

  58. Фотосинтезбен тыныс алудың айырмашылықтары мен ұқсастықтары қандай?

  59. Аллельді емес гендердің әрекеттесуі: комплиментарлығы, эпистаз, полимерия, модификатор-гендерінің әсері. Бұл құбылыстардың сипаттамасы, мысалдар. Модификатор-гендерінің эволюциядағы маңызы.

  60. Буынаяқтылар типі. Өрмекшітәрізділер класы.

  61. Эволюцияның қозғаушы күштері. Тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыптау. Эволюцияның элементарлы факторлары, материалы, құбылыс. Түраралық және түрішілік бәсекелестік және синергизм. Адаптациогенез эволюциялық үрдістердің негізгі нәтижесі ретінде. Нақты түрін немесе ағзалар тобын мысалыға келтіріп қоршаған ортаға бейімдеуді көрсету.

  62. Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез. Гаметалар. Гаметогенез кезеңдері. Өсімдіктердегі спорогенез және гамтеогенез.

  63. Сабақ анықтамасы.Сабақ қызыметі.Анатомиялық құрылысы.Сабақтың алғашқы құрылысының дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктердің айырмашылығы. Шөптік және ағаш тектес өсімдіктердің екіншілік сабақтың құрылысы. Қос жарнақты ағаштектес және қылқан жапырақты өсімдіктерінің ағаш сабағының анатомиялық құрылысының айырмашылығы.

  64. Хуго де Фриздің мутация теориясы. Кенеттен және индукцияланған мутация. Нуктелік, хромосомалық, геномдық, ядролық және цитоплазмалық мутациялар.

  65. Қан организмнің ішкі ортасы. Қаның элементтік құрамы: эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер.

  66. Нефрон бүйректің құрылысы, функциясы. Несептің пайда болу механизмі.

  67. Сүтқоректілер ұйымының диагностикалық ерекшеліктері және олардың эволюциядағы мәні. Сүтқоректілердің шығу тегі.

  68. Тыныс алу алмасуын – әлдебір орталық тетік ретінде сипаттап бер. Олар өзара әртүрлі қосылыстар тобын құрайды: көмірсулар, органикалық қышкылдар, майлар, нәруыздар.

  69. Тұқым куалаушылық және орта. Фенотип қалыптастыруында генотиптің және сыртқы ортаның ролі. Сандық және сапалық белгілер, олардың білінуінде қоршаған ортаның ролі. Коадаптация және геномындағы гендердің әрекеттесулері. Полимерия және плейотропия.

  70. Буынаяқтылар типі.Жәңдіктер класы.

  71. Психика мен мінез-құлықтың эволюциясы. Цефализация туралы Данның заңы. Генотиптік және фенотиптік мінез-құлығы, олардың сыртқы ортаға бейімделудегі ролі. Адам еңбегінің жоғары сатыдағы маймылдардың құралдық іс-әрекетінен, адам тілінің жануарлардың дыбысты коммуникациясынан айырмашылықтары

  72. Жапырақ – өсімдіктің вегетативті мүшесі. Жапырақтың басты бөлшектері. Жапырақтардың морфологиялық жіктелуі. Жапырақтың орналасу реті. Жапырақты мозаика. Жапырақ пен оның бөлшектерінің метаморфозы. Жапырақтың қызметімен байланысты анатомиялық құрылысы.

  73. Табын және ойнақтар, өмірдің табын және ойнақ бейнесінің артықшылықтары

  74. Тромбоциттер. Қан түрушілігі.

  75. Организмнің ішкі секрециясы, құрылымы мен оның функциялары.

  76. Қосмекенділер экологиясы. Құйрықсыз қосмекенділердің бейімделу мысалдары мен бейімделу сәулеленуі (радиациясы).

  77. Гликолиз – тыныс алудың анаэробты фазасы. Гликолиздің сатылары.

  78. Адамдардың тұқым қуалайтын және туа пайда болатын аурулары; тұқым қуалау бейімделген жаңдайлар және патаологиялар. Аутосомды-рецессивті, аутосомды-доминантты және жыныспен тіркескен аурулар. Халықтың және жалпы адамзаттың генетикалық денсаулығын сақтау жолдары. Адамның тұқым куалаушылығын зерттеуінің этика мен мәселелері.

  79. Қарапайымдылардың жалпы сипаттамасы. Қарапайымдылардың жіктелуі.

  80. Адамның пайда болуы, антропогенездің қозғаушы күштері. Адамның пайда болуының биологиялық дәлелдері (молекулалық-генетикалық, эмбриологиялық, анатомиялық-морфологиялық, пелаонтологиялық). Адамзаттың биологиялық түр ретінде тұтастығы; биологиялық және мәдени-әлеуметтік көзқарастарынан нәсілшілдік тұжырымдамаларды сынау. Қазіргі заманғы молекулалық-генетикалық мәліметтердің нәсілшілдік пен ұлтшылдықты сынауда ғылыми негізі ретінде.

  81. Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Эпистаз. Комплиментарность. Полимерия.

  82. Тамыр – өсімдіктің білік мүшесі. Қызмет, өсім, тармақталу. Тамыр түрлері. Тамыр жүйесінің тұрпаты. Тамырдың метаморфозы мен мамандандырылуы. Тамырдың бірінші ретті анатомиялық құрылысы. Шөпті қосжарнақты өсімдік тамырының екінші ретті құрылысы.Ағашты қосжарнақты өсімдік тамырының екінші ретті құрылысы

  83. Түрлердің алуантүрлілігі. Харди-Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін қорғау.

  84. Әртүрлі популяциялық жануарлардың әрекетестігі, классификациялық принциптері

  85. Қан топтары. Қан құйылуы. Резус фактор.

  86. Қан айналу меңбері. Құрылымы мен функциясы.

  87. Баурымен жорғалаушылар класының бөлімдерінің айрықша белгілері.

  88. Транспирация, өсімдік өмірінде транспирацияның орны.

  89. Популяциялар генетикасы. Харди-Вайнберг заңы және оның әрекетін шектейтін факторлар. Гендердің жиілігін, генотиптер мен фенотиптірдің мөлшерін есептеу әдістері. Популяциялардың генетикалық жүгі, оның түрлері және адаптацияогенездегі эволюциялық ролі. Адамзаттың генетикалық жүгі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет