3. Типтер теориясы: Жерар әрбір затты біртұтас қарауды ұсынды.Барлық органикалық қосылыстар қарапайым бейорганикалық қосылыстардың туындылары деп есептеді:сутек ,хлорлы сутек, су деп бірнеше типке бөлуді ұсынды:
1 тип – сутек, 2 тип – хлорсутек, 3 тип – су.
4. Радикалдар теориясы: Берцелиус органикалық заттар екі бөліктен –радикалдардан тұрады деп пайымдады.Ол химиялық реакция кезінде радикалдар өзгеріссіз сақталады деп есептеді .
5. 1860 жылы Карлсруэ қаласында өткен химиктер съезінде атом-молекулалық ілімді қабылдады.
6. Франкленд және Кекуле жұмыстарының нәтижесінде химияда валенттілік туралы түсінік қабылданып,көміртек атомының 4 валенттігі туралы түсінік енгізілді (Кекуле).
7.Ал 1857жылы Кекуле және Купер қосылыстардағы атомдардың тізбектелу идеясын ұсынды.
Қорытынды: Ғылымдағы барлық жетістіктер органикалық химияның дамуында жаңа жағдайлар туғызды – органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы.