Органикалық химияға кіріспе


Изомерлену –молекула бірдей сапалық және сандық құрамы бар,бірақ құрылысы, қасиеттері әртүрлі болатын құбылыс ,ал ол заттар -изомерлер



бет3/9
Дата08.02.2022
өлшемі123,28 Kb.
#117891
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 лекция

Изомерлену –молекула бірдей сапалық және сандық құрамы бар,бірақ құрылысы, қасиеттері әртүрлі болатын құбылыс ,ал ол заттар -изомерлер
СН– СН– СН– СНСН– СН – СН3
|
СН3


нормаль бутан изобутан
Қалыпты бутан мен изобутанның молекулалық формулалары бірдей С4Н10
болғанымен физикалық және химиялық қасиеттері бір-бірінен өзгеше әр түрлі заттар. Мысалы, бутанның қайнау температурасы -0,5°С, изобутанның қайнау температурасы ­11,7°С. Бұл заттар бір-біріне изомер болып табылады

  1. Молекуладағы көмірсутек атомының саны өскен сайын,изомерлнрдіңде саны өседі.Мысалы: формуласы С10 Н22 болатын заттың 75 изомері , формуласы С14 Н30 болатын заттың 1858 изомері бар.

  2. 4.Қасиетіне қарай заттың молекуласының құрылысын ,құрылысына қарай –қасиетін болжап айтуға болады.



ОҚХҚТ маңызы:


    1. теория табиғатты диалектико – материалистік тұрғыдан түсіндіруге болатынын дәләлдеді

    2. теория заттарды атом-молекулалық ілім негізінде терең қарастыруға мүмкіндік берді.

    3. теория химиядағы жинақталған деректерді түсіндірді және жүйеледі,жаңа заттардың бар екендігін болжауға және олардың құрылысын анықтауға,химия өнеркәсібінің дамуына көмектесті

    4. теория көміртек тізбегінің құрылыс негізінде заттарды ғылыми негізде классификациялауға мүмкіндік береді

    5. теория ары қарай екі бағытта дамыды : стереохимия, атомның электрондық құрылысы туралы білім алу.

XIX ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің негізі көміртекті заттар екені анықталды. Органикалық химияның ғылымның жеке саласы ретінде бөлінуінің бесты себебі, сол кездегі минералды және органикалық заттардың тегіне деген көзқарас болды. 1808 жылы швед ғалымы Я.Берцелиус организмнен алынатын заттарды «органикалық заттар» деп, ал оларды зерттейтін химияның саласын «органикалық химия» деп атауды ұсынды. Сол кездегі кейбір ғалымдар органикалық заттар тек тірі организмде ғана «тіршілік күші» әсерінен түзіледі, оларды бейорганикалық заттар сияқты лабораториялық әдіспен алуға болмайды деп есептеді Бірақ XIX ғасырдың басында Фридрих Велер дициан мен судан қымыздық қышқылын, несепнәрді ; 1845 жылы Кольбе көміртектен сірке қышқылын; Бертло -1854 жылы этиленнен этил спиртін синтездеп алды,бұл органикалық заттардың организмнен тыс бейорганикалық заттардан синтезделуі органикалық және бейорганикалық заттарды жеке бөлуге болмайтынын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет