Пестицидтердің токсикологиялық-гигиеналық сипаттамасы жəне гигиеналық нормалануы



Дата10.03.2020
өлшемі156,56 Kb.
#59842
Байланысты:
Пестицидтердің токсикологиялық

Пестицидтердің токсикологиялық-гигиеналық сипаттамасы жəне гигиеналық нормалануы

Қазіргі уақытта химиялық қосылыстардың түрлі топтарына жататын 300 əрекет ететін заттар негізінде пестицид препараттарының 600-ге жуығының қолданысы қарастырылған.



Хлорорганикалық пестицидтер (ХОП). Хлорорганикалық пестицидтер классына:

1) 4,4’-дихлордифенилтрихлорэтан (ДДТ) жəне оның метаболиттері:

- 4,4’-дихлордифенилдихлорэтан (ДДД);

- 4,4’-дифенилдихлорэтилен (ДДЭ);

2) гексахлорциклогексан (ГХЦГ) жəне оның изомерлері - гексахлорциклогексанның альфа-изомері; - гексахлорциклогексанның бета-изомері; - гексахлорциклогексанның гамма-изомері (линдан);

3) гептахлор; 92

4) 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылы (2,4-Д қышқылы, 2,4-Д);

5) кельтан;

6) альдрин;

7) гексахлорбензол;

8) гексахлорбутадиен;

9) метоксихлор жəне т.б. жатады.

Қоршаған ортадағы жоғары төзімділігі жəне тағам тізбегінде биошоғырлануы қабілетінің арқасында ХОП-тер ғаламдық ластағыштарға айналды. Оларға аса көп жинақталу тəн.

Хлорорганикалық пестицидтер физикалық, химиялық жəне микробиологиялық факторлар əсерінен өте баяу ыдырайды, тағам тізбегімен беріле отырып, тірі ағзада шоғырлануға, топырақ жəне өсімдіктерде жинақталуға қабілетті.Көптеген хлорорганикалық пестицидтердің топырақтағы жартылай ыдырау кезеңі 1,5 жылдан асады, ал ДДТ жəне оның метаболиттері-15-20 жылда жартылай ыдырайды. Бұл пестицидтер топырақта ұзақ сақталуы мүмкін, топырақ фаунасына əсер етіп, өсіп жатқан өсімдікке өтіп, осылайша тағам тізбегіне қосылуы мүмкін.

Басқа да көптеген хлорорганикалық қосылыстар сияқты хлорқұрамдас пестицидтер гидрофобты, өсімдікке түбір жүйесі арқылы кіре алмайды, бірақ оларды əуе кеңістігіндегі жапырақтар жақсы жұтады. Топырақтың органикалық компоненттеріне, су экожүйесінің түбіндегі шөгінділер жəне басқа да элементтеріне жақсы сіңетін пестицидтер үстіңгі сулармен қозғалып, үлкен қашықтықтарға дейін таралып, екіншілік ластануды туындатады. Сондықтан ылғалдылығы өте жоғары топырақтарда өсірілетін өсімдіктер, мысалы, күріш құрғақ егістіктерде өсетін өсімдіктерге қарағанда, пестицидтерді қарқынды жəне жылдам сіңіріп алады.

Топырақ хлорорганикалық пестицидтермен ластанғанда топырақтың жағдайына қолайлы əсер ететін топырақтың кейбір ферменттерінің (дегидрогеназалар, липазалар инвертазалар) биоактивтілігі бəсеңдейді, клетчаткалардың ыдырау жылдамдығы жəне топырақтың тыныс алу қарқындылығы азаяды. Осы көрсеткіштер бойынша топырақтың өндірістік қалдықтармен ластануы туралы қорытынды жасауға болады. Уақыт өте келе пестицидтер ауа оттегісі, күн радиациясы, су əсерінен, яғни топырақта тиісті ферменттердің болуынан туындайтын гидролиз процесінде ыдырайды. Топырақтың пестицидтерден осылай тазалануы препарат дозасына, топырақ сипаттамасы жəне пестицидтің өзіне байланысты 93 түрлі жылдамдықпен жүреді. Мысалы, ГХЦГ – 3 жыл, дефолиант үшін 2,4-Д – 1 жыл қажет. Пестицидтер адам ағзасына негізінен балық арқылы енеді, оны индикатор, яғни су экожүйесінің ластану деңгейін бағалайтын биологиялық нысана деп есептейді. ХОП ішінде эмбриотоксикалық əсерге ие (гексахлорбутадиен, линдан, ДДТ, каптан, кельтан, мильбекс), сонымен қатар даму ақауларын (ДДТ, эупарен) жəне мутагендік өзгерістер тудыратын (ДДТ, линдан, кельтан, каптан) заттар бар. Кейбір ХОП канцерогендер (ГХЦГ, гептахлор, каптан, линдан, фталан) жəне аллергендер (каптан, линдан) болып табылады. Мəскеудегі баспасөз конференциясында РҒА академигі Алексей Яблоковтың айтуы бойынша қазіргі замандағы гомосексуализмнің таралу себебі пестицидтерді пайдаланудан болуы мүмкін. Ол пестицидтердің ағзаның эндокринді жүйесіне басып кіру қасиеті бар, бұл жыныс гормондары жұмысының теріс өзгерісіне алып келеді деп түсіндірді. Бұдан басқа, пестицидтерді қолдану біртіндеп бедеулікке алып келуі мүмкін. Ғалымдардың мəліметтері бойынша, қазіргі уақытта орташа статистикалық ер адамның ұрықтық сұйықтығындағы сперматозоидтарының саны 40 жыл бұрынғымен салыстырғанда екі есе аз.

Пестицидтерді қолдану адамның ақыл-ой қабілеті жəне иммунитетін төмендетеді, осы жайттар экологтардың көзқарасы бойынша бұл заттарды иммунодефицит вирусымен салыстыруға мүмкіндік береді.

Фосфорорганикалық пестицидтер (ФОП) – кеңінен таралған саны көп пестицидтер топтарының бірі. Оларға афуган, актеллик, дибром, карбфос, бромофос, метафос, фталофос, хлорофос, цидиал жəне басқалары жатады. Көптеген ФОП суда əлсіз ериді. ФОПдың қоршаған ортада төзімділігі ХОП-тен төмен. Бірақ олардың кейбіреулері өздерінің уытты қасиеттерін топырақта жəне өсімдікте бірнеше айлар бойы сақтайды, нəтижесінде олар адам ағзасына тағам өнімдері, ауа жəне сумен кіруі мүмкін. Цитрус дақылдарындағы ФОП-дің қалдықты мөлшері өте тұрақты, себебі олар қабығының майында ериді. Бұдан басқа ФОП ұзақ уақыт бойы сақталатын тағам өнімдерінде, мысалы, дəнде сақталады.

ФОП ағзада ХОП сияқты қарқынды жинақталмаса да функционалды кумуляцияға – кумулятивті қасиетке ие, ол уытты эффекттерді қосындылау нəтижесінде, əртүрлі деңгейде көрінеді. ФОП-дің созылмалы улану жəне күрделі интоксикация симптомдары ұқсас болады. Олар бас ауруымен, есте сақтау қабілетінің нашарлауымен, 94 ұйқының бұзылуымен, самайдың қысылуымен, кеңістікте бағыттан адасу сияқты белгілермен білінеді. Кейбір ФОП-мен уланғанда неврит жəне кесіп алу оқиғалары туындауы мүмкін.



Сынапорганикалық пестицидтерді (СОП) шектеулі түрде, тұқымдардың бактериалды жəне саңырауқұлақ ауруларымен күресу үшін қолданады. Сынапорганикалық қосылыстарға гранозан, меркуран жəне басқалар жатады. Қоршаған ортада СОП трансформацияланады: соңғы айналу өніміне метилсынап жатады.

Созылмалы улану барысында салмақ азаю, əлсіздік, шаршағандық, психикалық бұзылыстар, көру жəне есту галлюцинациясы, стоматит байқалады.



Бейорганикалық жəне органикалық металқұрамдас пестицидтер. Берілген пестицидтер тобының арасында мыстың бейорганикалық жəне органикалық қосылыстары кеңінен таралған. Қазіргі уақытта мысқұрамдас пестицидтер арасында (МП) мыс купаросын, бордос сұйықтығын, купрозан жəне басқаларын қолданады. МП қауіптілігін улану жағдайлары растайды. Ересек адам үшін өлім дозасы – 10 г, 2 г-нан кем емес дозада ауыр уланулар байқалады. МПмен жедел уланғанда құсық массалары жасыл немесе көкшіл түске боялады. Бұдан басқа мысқұрамдас пестицидтер теріні тітіркендіріп, дерматит ауруын тудырады.

Органикалық металқұрамдас пестицидтер ішінен акарицид, фунгицид жəне бактерицид сияқты қалайы органикалық пестицидтерді (ҚОП) қолданады. ҚОП – мен улану симптомдары қалайымен улану жағдайларына ұқсас болады.

Тері, өкпе немесе асқазан-ішек жолдары арқылы ағзаға түсетін уыттылық жəне өлтіретін дозасының шамалары пестицидтердің уыттылық критериі болып табылады.

Адамға арналған пестицидтердің қауіптілігін бірқатар критерилермен анықтайды, ол критерилер пестицидтердің ағзаға түсу мүмкіндігін жəне жағымсыз əсер көрсететін қабілетін сипаттайды. Пестицидтердің қауіптілік критерилеріне олардың қоршаған ортада тұрақтылығы, тағамдық ауылшаруашылық шикізаттары жəне тағам өнімдерін технологиялық жəне кулинарлық əдіспен өңдеу барысында химиялық, физикалық жəне басқа да факторларға төзімділігі жатады.

Пестицидтермен жұмыс істеу қауіптілігінің деңгейі ағзаға түрлі жолдармен түсу барысында орташа өлтіретін (ӨД50) жəне шекті (ең аз бұзылыстарды тудыратын) дозасы жəне концентрациясы 95 шамаларымен; уытты əсер ету зонасы – ӨД50-ның шекті дозаға (бұл зона нашар болған сайын жедел улану қауіптілігі жоғары) қатынасымен; зақымдалмаған тері қабығына кіру қабілетімен жəне улы əсер көрсетуімен; кумулятивті қасиеттердің айқын білінуімен анықталады.

Барлық зиянды заттар:

- I – аса қауіпті (РЕШК-сы 0,1 мг/м3 -тан кем);

- II – қауіптілігі жоғары (РЕШК-сы 0,1-ден 1,0 мг/м3 -ке дейін);

- III – қауіптілігі орташа (РЕШК-сы 1,1-ден 10,0 мг/м3 -ке дейін);

- IV – қауіптілігі аз (РЕШК-сы 10,0 мг/м3 -тен көп ) қауіптіліктің төрт класына бөлінеді.

Пестицидтер үшін РЕШК-ны анықтау үшін үйлесімді əрекеттің негізгі қағидасы сақталады. Ауа, су жəне жекелеген тағам өнімдерімен бірге тəулік бойы ағзаға зиянсыз, максималды рұқсат етілетін тəуліктік дозадан аспайтын, күн сайын адам ағзасына жəне келешек ұрпаққа зиянды өзгерістер тудырмайтын заттар келіп түсуі тиіс.

Балалар тағамында пестицидтерді нормалау жұмысына ерекше назар аударылуда. Санитарлық нормалар балаларға арналған тағамдар құрамында өнімге ғаламдық ластағыштар ретінде түсетін хлорораникалық пестицидтерден басқа пестицидтердің қалдықты мөлшерінің болуына рұқсат етпейді. «Рұқсат етілмейді» – термині қолданылатын анықтау əдісінің сезімталдық шегінде пестицидтердің жоқ болуын түсіндіреді.

Қазіргі уақытта қоршаған орта объектілеріндегі пестицидтер мөлшерін қадағалау жəне бақылауды ұйымдастыру саласындағы нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi N:193-IV «Халықтың санитарлықэпидемиологиялық салауаттылығы туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы N:515- Қаулысы бойынша бекітілген «Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті жəне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық ережелер жəне гигиеналық нормативтермен ұсынған басқа да құжаттардан тұрады.

Тағам өнімдеріндегі пестицидтер мөлшерін регламенттейтін негізгі құжатқа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 6 тамызындағы № 611-бұйрығымен бекітілген «Тағам өнімдеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелері жатады. Осы құжатқа сəйкес өсімдік текті 96 азық-түлік шикізаты үшін ауылшаруашылық дақылдарын өсіру барысында қолданылатын пестицидтер туралы, оларды сақтайтын қойманы жəне ыдысты фумигациялау, сонымен қатар пестицидтермен өңделген соңғы мерзімі туралы ақпарат міндетті түрде қажет. Жануар текті азық түлік шикізаты үшін эктопаразиттер немесе жануар жəне құстардың ауруларымен күресуге (немесе олардың жоқтығы) сонымен қатар малшаруашылығы жəне құсшаруашылығы орындарын, балық өндіретін тоған шаруашылығы жəне суаттарды өңдеуге арналған пестицидтер туралы, пестицид атауы жəне соңғы рет қолданылған мерзімі көрсетілген ақпараттар міндетті түрде қажет. Қолданылған пестицидтер туралы ақпараты жоқ өсімдік текті жəне жануар текті азық-түлік шикізатын сырттан əкелуге, қолдануға жəне айналымға түсуіне тыйым салынады.

Пестицидтер азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерінің барлық түрлерінде бақыланады: ГХЦГ (альфа-, бета-, гамма-изомерлер), ДДТ жəне оның метаболиттері. Дəн жəне дəннен өңделген өнімдерде сынапорганикалық пестицидтер, 2,4-Д қышқылы, оның тұздары жəне эфирлері бақыланады. Балық жəне балықтан өңделген өнімдерде 2,4-Д қышқылы, оның тұздары жəне эфирлері бақыланады.

Азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерінің құрамындағы қалдықты пестицидтер мөлшерін, соның ішінде фумиганттарды бақылау жұмысы – өндіру барысында қолданылған пестицидтер жəне агрохимикаттар жəне оларды сақтау туралы өнімді өндіруші (жеткізуші) ұсынған ақпаратқа негізделеді.

Құрамында пестицидтері бар азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерін санитарлы-эпидемиологиялық сараптау жұмысы қоршаған орта объектілеріндегі пестицидтер мөлшерінің қолданыстағы гигиеналық нормативтеріне сəйкес жүргізіледі.

Тағам шикізатындағы пестицидтердің қалдықты мөлшерін төмендету үшін ауылшаруашылық өнімдерінің технологиялық жəне кулинарлық əдіспен өңделуін ұқыпты түрде жүргізу қажет.




Тағам шикізаты жəне тағам өнімдеріндегі пестицидтердің қалдықты мөлшерін төмендетудің технологиялық əдістері

Пестицидтердің қалдықты мөлшерін төмендетудің тиімділігіне олардың өсімдіктердің түрлі бөліктеріне таралу мінезі əсер етеді. Белгілі болғандай, ФОП жəне ХОП-дің негізгі мөлшері жеміс жəне 97 көкөністердің қабығында немесе оның бетінде шоғырланып, жеміс ішіне кірмейтіні белгілі. Кезегінше, жеміс, көкөніс жəне жидектерді өнеркəсіптік жəне кулинарлық əдіспен өңдеудің бастапқы кезеңіне оларды жуу процесін жатқызады. Оларды су, сілті ерітінділері, беттік-белсенді заттармен жүзеге асырады. Бірақ тағам шикізатының құрамында липофильді қасиеттерге ие жəне кутикуланың балауызымен берік байланысқан препараттар немесе заттардың қалдықты мөлшері болса, оларды жуудың тиімділігі төмен. Карбамин жəне тиокарбамин қышқылдарының туындылары, қалайы органикалық қосылыстар сумен жақсы жуылады.

Жуу тиімділігі майлық жəне май жəне балауызды жоятын (детергенттер, күйдіргіш сода, спирттер) түрлі жуу құралдарын пайдалану барысында едəуір жоғарылайды. Өнім көлемі жəне жуу сұйықтығының арасындағы арақатынас 1:5-тен кем болмауы тиіс.

Тағам өнімдеріндегі пестицидтердің қалдықты мөлшерін төмендетудің ең тиімді əдісі өсімдіктің сыртқы бөліктерінен тазарту болып табылады. Мысалы, цитрус дақылдары, алма, алмұрт, банан, шабдалы жəне т.б. жемістердің қабығын алғанда 90-100 %-ға дейін пестицидтердің максималды мөлшері жойылады, бірақ ливинфос, монокротофос, ортен, дравин, темик, кропетон сияқты пестицидтер 50-70 %-дан көп жойылмайды.

Картоп, қияр жəне қызанақтарды тазалау, қырыққабат жəне жапырақты көкөністердің сыртқы жапырақтарын алып тастау барысында пестицидтердің қалдықты концентрациялары айтарлықтай жоғары деңгейде төмендейді.

Қуыру, пісіру, консервілеу, тосап, джем, мармелад дайындау сияқты жəне т.б. өнімдерді дəстүрлі технологиямен жəне кулинарлық əдіспен өңдеу барысында пестицидтер тағам өнімдерінен шығып кетеді.

Кептіру процесінде шикізат мінездемесі, түрі жəне қасиетіне байланысты пестицидтер қалдықты мөлшерінің концентрациясы ұлғаяды немесе жойылады. Дəнді дақылдарды өңдеу барысында пестицидтер ұн тартудың түрлі фракцияларында біркелкі таралмайды. Ластағыштардың ең көп мөлшері əдетте, кебекте, ең төмен мөлшері ұсақ тартылған ұнда байқалады.

Пестицидтер деструкциясының жылдамдығы сақтау шарты, жекелеп айтқанда температура параметрлері, орта ылғалдылығы, өнім түрі оның тағайындалуы жəне басқа шарттарға байланысты болады. Төмен температурада (-18...-23 °С) пестицидтердің қалдықты 98 мөлшері аз ғана, сақтау мерзімі екі жылдан асқан жағдайда да аз ғана төмендейді.

Пестицидтердің ет жəне сүт өнімдеріндегі қалдықты мөлшерін жылумен, өңдеу жолымен төмендетуге болады. Бұл жағдайда етті суға қайнату өте тиімді. Бұл жағдайда пестицидтердің қалдықты мөлшерлерінің сорпаға өтуін, сонымен қатар пестицидтердің өте уытты қосылыстар түзіп, өзгеруін ескеру қажет.

Осылайша адамды пестицидтердің зиянды əсерлерінен қорғауды гигиеналық нормативтер жəне регламенттер қамтамасыз етеді, оларды орындамаған жағдайда жедел жəне созылмалы уланулар, денсаулықтың басқа да бұзылыстары пайда болады.




Тағам өнімдері жəне азық-түлік шикізатындағы пестицидтердің қалдықты мөлшерін анықтау əдістері

Тағам өнімдерінің құрамындағы пестицидтердің қалдықты мөлшерін зерттеудің негізгі зертханалық əдістеріне газдық жəне жұқа қабатты хроматография жатады. Хромато-энзимдік, полярографиялық, фотометрлік əдістердің үлесі жыл сайын төмендеп, қазіргі зерттеулердің 1%-дан төмен санын құрайды. Бұл əдістердің сезімталдығы жəне селективтілігі төмен болуымен сипатталады.

Зертханалардың материалдық-техникалық базасының жақсаруы жəне аспап парктерінің жаңаруы пестицидтерді сандық анықтау үшін өте күрделі хроматографиялық əдістерді (капиллярлы газсұйықтық, жоғары эффектті сұйықты, хромато-массспектрометрия) қолдануға мүмкіндік береді, алайда, бағасының өте жоғары болуы жəне аспапқа өте қымбат бағада қызмет көрсету, олардың біздің мемлекетте кеңінен қолданылуына мүмкіндік бермейді. Көптеген аймақтарда, соның ішінде ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін аймақтарда жұқақабатты хроматография – бақылаудың негізгі əдісі болып саналады, ол сезімталдығы, сандық анықтаудың объективтілігі жəне дəлдігі бойынша инструментальды хроматографиялық талдау əдісінен кем түседі.

Қазіргі уақытта тағам өнімдері жəне шикізатта нормаланатын хлорорганикалық пестицидтерді анықтаудың арбитражды əдісі ретінде капиллярлы газсұйықтық хроматографияны қолданады.

Хлорорганикалық пестицидтерді анықтаудың арбитражды əдісі өнім үлгісіндегі пестицидтерді этилацетатпен бөліп алуға (экс- 99 тракциялау), экстрактты күкірт қышқылы немесе силикагельмен тазартуға, тазартылған сығындыны қойылтуға (концентрлеу), содан кейін электронұстағыш детекторы бар газ хроматографында талдауға негізделген .

Жеңіл қайнайтын еріткіштегі (гександағы) талданатын пестицидтердің ерітіндісі микрошприцпен енгізіліп, буландырғышта буланады, газтаратушының (азот) ағынына ұсталып, капиллярлы хроматографиялық колонкаға түседі, мұнда анықталатын пестицидтердің қоспалары жекелеген компоненттерге бөлінеді. Бөлінген заттар хроматографиялық колонкадағы газтаратушының ағынымен элюирленеді, содан кейін детекторда тіркеліп, пик түрінде хроматограммада белгіленеді. Алынған хроматограмма заттар қоспасын сапалық жəне сандық талдауға негіз болады.

Хроматограммадағы пиктерді идентификациялау үшін заттардың стандартты қоспасына, яғни берілген хроматографиялау жағдайында белгілі концентрациялары бар, белгілі тəртіппен шығатын арнайы құрылған жəне аттестациядан өткен қоспасына талдау жүргізеді.

Хлорорганикалық пестицидтерді талдаудың ерекшелігі электронұстағыш детекторды қолдану болып табылады. Бұл детектордың жұмыс істеу принципі: радиоактивті көздермен сəулеленетін жылдам электрондар газтаратушының (азот) молекулаларын иондайды. Бұл жағдайда оң зарядталған катод арқылы жиналатын жəне детектор арқылы тұрақты бедерсіз бір түсті токтың болуын қамтамасыз ететін баяу электрондар пайда болады. Аз қозғалатын теріс иондарды түзіп, электрондарды белсенді түрде байланыстыруға қабілеті бар электронға өте ұқсас заттар детектордағы электронды токты дереу төмендетеді жəне ол электрометрде тіркеледі. Бұл заттарға галоген атомы бар қосылыстар жатады. Сондықтан электронұстағыш детекторлар хлорорганикалық пестицидтерге жоғары сезімталдық жəне селективтілік көрсетуімен ерекшеленеді.


Азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерінің пестицидтермен ластану құрылымын талдау

Жүргізілген мониторинг нəтижелері бойынша азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерінің барлық топтарында пестицидтер мөлшерінің болатындығы анықталған.

Ғаламдық контаминанттардың (ГХЦГ жəне оның изомерлері; ДДТ жəне оның метаболиттері; 2,4-Д қышқылы, оның тұздары жəне эфирлері) қалдықты мөлшерін зерттейтін зертханалық нəтижелер халықтың денсаулығына зиянды əсері болуы мүмкін ең жоғарғы шекті межеде болатын өнім түрлерін анықтауға мүмкіндік берді, себебі ол өнімдерде осы пестицид топтарының РЕШК-ның жоғарылауы байқалады.

ДДТ тобы пестицидтерінің қалдықты мөлшері алма, сүт, майлы сүзбе, анар, сары май, майлылығы-3,2% ашыған сүт сусындары, майлылығы 20%-дық қаймақ, сырлар, сарымсақ, теңіз өнімдері, тұзды ірімшіктер (брынза), ірімшік өнімдері, майлылығы 10%-дық кілегей өнімдерінде РЕШК-дан жоғарылағаны анықталған.

ГХЦГ препаратына негізделген пестицидтердің қалдықты мөлшерінің жоғары концентрациясы ысталған балық, күнбағыс майы, сары май, майлылығы-3,2% ашыған сүт өнімдері, қаймақ, майлылығы 9%-дық сүзбе, сырлар, майлы сүзбе, теңіз өнімдері жəне кілегей өнімдерінде анықталған.

2,4-Д тобы пестицидтерінің қалдықты мөлшері ысталған балық, ашыған сүт сусындары, алма, майлы сүзбе өнімдерінде РЕШК-дан жоғарылағаны анықталған.

Адам ағзасында ХОП-дің жинақталу көрсеткішін талдайтын зерттеу нəтижелері – бұл көрсеткіштердің ауылдық жерде тұратын тұрғындарда (жасы өскен сайын ұлғаяды), сонымен қатар əйелдерде (май тінінің мөлшері көп болғандықтан) жоғары жəне тағам сипатына тəуелді болатынын көрсетеді. Ет жемейтін адамдарда ХОП аз 101 жинақталады, ал адам рационында май, ет, жұмыртқа, сүт жəне сүт өнімдерінің мөлшері жоғары болса, олардың көп жинақталатыны байқалған. Көптеген онжылдар бойы хлорорганикалық пестицидтерді кеңінен қолдану, олардың қоршаған ортадағы жоғары төзімділігі олардың орасан зор аумаққа таралуына алып келді, осылайша олар ғаламдық ластағыштарға айналды. Тағам тізбегі бойынша биоконцентрация, миграцияға қабілеті болғандықтан, ХОП тұщы су жəне теңіз жануарларының тіндерінде жоғары жиілікпен табылған, олардың еті адам рационында маңызды орынға ие екені белгілі.

Тағамның қауіпсіздігін бақылаумен айналысатын қызметтік мекемелердің негізгі күші қоршаған орта, жекелеп айтқанда, тағам өнімдерінің пестицидтермен ластануын тудыратын факторларды анықтауға бағытталуы тиіс.

Тұтынушылардың құқығын қорғау жəне адам саулығы саласын қадағалаудың мемлекеттік қызметі қолданатын «Пестотест» мониторинг жүйесінің көмегімен алынған талдау мəліметтері бойынша, тағам өнімдеріндегі пестицидтердің РЕШК-дан асып кету жағдайы топырақ жəне мал азығы фуражының ластануымен байланысты болатындығы анықталған. Мал азығының ластануы себептеріне жақын орналасқан учаскелердегі пестицидтерді өңдеу процесінде олардың орнын ауыстыру, азық дақылдарын жинау жəне пішен шабу мерзімін сақтамау, азықты пестицидтермен ластанған топырақтарда өсіру жатады. Пестицидтерді тасымалдау жəне сақтауды санитарлық қадағалауды жүзеге асыру барысында ыдыс, көлік құралдары, қойма орындарының гигиеналық талаптарға сəйкестігіне бақылау жүргізу қажет. Улы химикаттарды тасымалдауға қолданылатын көлік құралын фураж, тағам өнімдерін жəне адамдарды тасымалдау үшін қолдануға тыйым салынады. Төгілген немесе зақымдалған ыдыстағы пестицидтерді тасымалдауға үзілді-кесілді тыйым салынады. Көлік құралдары тиянақты түрде зиянсыз болуы тиіс. Қойма орындары базисті немесе шығыс қоймаларына, санитарлы-қорғау зонасы – қойма сыйымдылығына қойылатын гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс.

Өнімдердегі пестицидтердің қалдықты мөлшерін анықтауға сынамаларды таңдау орны жəне іс-шарасы көп əсер етеді. Азықтүлік шикізаттарын зерттеуді жүргізу тиімдірек болып саналады. Өнімдердегі пестицидтердің мөлшері технологиялық тізбек бойынша заңдылықпен төмендейді: шаруашылық – көлік – өңдеу 102 кəсіпорны. Өкінішке орай ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер өз өнімдерінің құрамындағы пестицидтердің қалдықты мөлшерін зерттеуге мүдделі емес, алайда, шикізат, шикізатты жəне өңделмеген өнімдерді талдау барысында контаминациялану себептерін анықтап, ластанған шикізатты өнеркəсіптік өңдеуге жібермеуге болады.

Осылайша, пестицидтерді қолдану қауіпсіздігі олардың ассортиментін қатаң ғылыми негізде таңдауға, қолдану шартының регламентациясына, сонымен қатар гигиена тұрғысынан қабылданған профилактикалық ұсынымдарды тиянақты орындауға негізделуі тиіс.

Қолданылған әдебиет
Азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерінің қауіпсіздігі - М. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов, М. Қ. Қадырбаев

Жоспар:

1) Пестицидтердің токсикологиялық-гигиеналық сипаттамасы жəне гигиеналық нормалануы


2) Тағам шикізаты жəне тағам өнімдеріндегі пестицидтердің қалдықты мөлшерін төмендетудің технологиялық əдістері
3) Тағам өнімдері жəне азық-түлік шикізатындағы пестицидтердің қалдықты мөлшерін анықтау əдістері
4) Азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерінің пестицидтермен ластану құрылымын талдау



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет