Әлеуметтік мәні бар аурулар дегеніміз не?



бет1/4
Дата04.11.2022
өлшемі28 Kb.
#156561
  1   2   3   4
Байланысты:
Әлеуметтік мәні бар аурулар


Әлеуметтік мәні бар аурулар дегеніміз не?
– Бұл аурулар қоғамда кең таралуына байланысты ең көп өлім алып келетін және мүгедектігін тудыратын аурулардың қатарына жатады. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесінде оларды диагностикалау мен емдеуге үлкен мән беріледі. Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулардың бекітілген тізбесіне:
Туберкулез;
Адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру);
Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы;
Қатерлі ісік;
Қант диабеті;
Психикалық мінез-құлық бұзылуы (аурулар);
Балалардың церебралды сал ауруы;
Жедел миокард инфарктісі (алғашқы 6 ай);
Ревматизм;
Дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы;
Жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары;
Орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялаушы аурулары;
Орфандық аурулар жатады. 
– Әлеуметтік мәні бар аурумен ауыратын азаматтар үшін медициналық көмек нені қамтиды?
– Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға көрсетілетін медициналық көмек диагностиканың, емдеудің, динамикалық байқаудың медициналық қызметтерін қамтиды.
Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастарға (яғни, оларға диагноз қойылған болса және олар өз емханасында әлеуметтік мәні бар ауру бойынша диспансерлік есепте тұрса) негізгі ауруы бойынша медициналық қызметтер ТМККК шеңберінде көрсетілетінін түсіну маңызды. Осылайша, жүргізілетін терапияны түзету немесе созылмалы аурудың өршуі кезінде медициналық қызметтер ТМККК шеңберінде ұсынылады, демек, МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесіне қарамастан қолжетімді болады.
Алайда диспансерлік есепке қою үшін диагностикалық процедуралар мен мамандардың консультациялары талап етіледі. Ондай қызметтер МӘМС пакетіне енгізілген. Осыған орай әлеуметтік мәні бар ауруды анықтау үшін бастапқы диагностика, сондай-ақ, басқа ауруларды, оның ішінде әлеуметтік мәні бар ауру расталған кезінде ілеспе ауруларды диагностикалау МӘМС жүйесінде жүргізіледі, яғни ол қызметтерді алу үшін сақтандыру мәртебесі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет