Әлеуметтік мәні бар аурулар дегеніміз не?



бет4/4
Дата04.11.2022
өлшемі28 Kb.
#156561
1   2   3   4
Байланысты:
Әлеуметтік мәні бар аурулар
Зертхана-практикалық сабақ №8, Вакцина
Ревматизм (грек. rheumatіsmos — өту) — дәнекер тіндерді, негізінен жүрек-қантамыр жүйесі мен буындарды зақымдайтын жұқпалы-аллергиялық ауру. Бұл аурудың клиникасынзерттеген француз дәрігері Ж.Б. Буйо (1796 — 1881) мен орыс терапевті Г.И. Сокольский (1807 — 1886) болды, сондықтан Ревматизмді Сокольский-Буйо ауруы деп те атайды. Аурудың пайда болуы, өршуі А тобына жататын бетагемолитик. стрептококк бактериясына және организмнің тұқым қуалайтын ауруларға бейімділігіне байланысты. Ревматизммен негізінен жасөспірімдер (7 — 15 жас аралығындағылар) ауырады. Аурудың белең алуы баспа, скарлатина, фарингит ауруларынан кейін 1 — 2 апта өткесін басталады; аяқ астынан дене қызуы көтеріліп, тізе, білезік, шынтақ, иықтың буындары қызарып, ісінеді. Табан, балтыр буындарының ісінуін — полиартрит деп атайды. 10 — 12 күннен кейін буын ісігі басылып, дене қызуы қайтады. Егер ауру асқынса, жүректі және оның барлық қабаттарын (эндокард, миокард, сондай-ақ клапандар және перикард) зақымдайды. Мұны ревмокардит деп атайды. Бұл кезде науқастың жүрек соғысы жиілеп, ентігеді, әлсіздік пайда болады, дене темп-расының көтерілуі мүмкін. Ревматизм бірте-бірте басқа органдар мен тіндерді, әсіресе, жүйке жүйесін (қ.Хорея.) зақымдайды. Ревматизм әлеум. тұрғыдан да өте қауіпті, себебі ауру асқынып, созылмалы түріне ауысса, науқас мүгедек те болып қалуы мүмкін. Бұл жасөспірімдер мен жұмысқа қабілетті адамдар арасында еңбекке жарамсыздықты көбейтеді
Алдын алу шаралары
Аурулардың бастапқы профилактика жүйесі денсаулық сақтау ұйымдарының ведомствоаралық өзара тығыз іс-қимылын көздейді және негізгі үш қағидаттан тұрады.
«Денсаулық және өмір сүру жағдайлары» деген бірінші қағидат – дұрыс және қауіпсіз тамақтану, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, қауіпсіз сумен жабдықтау негізінде ауыз судың кепілдік берілген сапасы.
«Саламатты өмір салты» деген екінші қағидат – зиянды әдеттерден бас тару, денешынық тыру мен спортты дамыту, темекі тартудың, алкогольдік және әртүрлі энергетикалық сусындарды пайдаланудың, наркотиктердің зияндығы туралы халыққа кеңі нен ақпарат беру негізінде жеке гигиенаны сақтау, сондай-ақ инфекциялық аурулардың, әсіресе, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар аурулар ретінде ВИЧ, туберкулез, жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялардың алдын алу шараларын сақтау.
«Алдын алу» деген үшінші қағидат – тиісті еңбек жағдайларын жасау, халық арасында профилак­тикалық медициналық тексерулерді ұйымдастыру, кәсіптік аурулардың даму қаупі бар контингенттерді диспансеризациялау, халықты заманауи вакциналармен кеңінен иммундау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет