Әлеуметтік мәні бар аурулар дегеніміз не?


– Әлеуметтік мәні бар аурумен ауыратын науқастарға оңалтудан өтуге бола ма?



бет3/4
Дата04.11.2022
өлшемі28 Kb.
#156561
1   2   3   4
Байланысты:
Әлеуметтік мәні бар аурулар
Зертхана-практикалық сабақ №8, Вакцина
– Әлеуметтік мәні бар аурумен ауыратын науқастарға оңалтудан өтуге бола ма?
– Әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастар оңалтуға жататын аурулардың тізбесі бойынша жалпы негізде медициналық оңалтудан өте алады. Оңалту немесе қалпына келтіру емі қызметтерін алу үшін науқас учаскелік дәрігерге жүгіну қажет. Ол оңалтудың қажеттілігі мен тиімділігін анықтау үшін реабилитолог немесе мультидисциплинарлық топ мамандарының консультациясына жібереді. Медициналық оңалту МӘМС пакетіне кіреді, сондықтан одан өту үшін сақтандырылған мәртебесі болу керек.
– Қолжетімділікті қамтамасыз ету туралы толығырақ айтсаңыз?
– Өңірде медициналық көмекті ұйымдастыруға және медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге жергілікті атқарушы органдар, яғни, әкімдіктер жауапты болады. Бұл үшін олардың құрылымында денсаулық сақтау басқармалары көзделген. Олар халықтың өңірдегі медициналық көмекті алуын, оны медициналық ұйымдардың толық және сапалы ұсынуын тікелей бақылайды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармалары өңір тұрғындарын әлеуметтік мәні бар аурулардың және аса қауіпті инфекциялардың таралуы туралы хабардар етуге міндетті.
Әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде медициналық-әлеуметтік көмек кешенді жан басына шаққандағы нормативке кіреді және пациенттерге емханада тіркелуі бойынша ұсынылады.

ТУБЕРКУЛЕЗ


Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.
Тарихы
Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің заманымыздан бұрын 3 – 2-мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің (Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де Туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар Туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде Туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді.

Туберкулез түрлері
Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болады, сондықтан Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты Туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста Туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.
ҚАНТ ДИАБЕТІ
Диабет (лат. diabetes mellitus) — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулинніңасқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.
Қант диабетінің негізгі симптомдары үнемі сусап тұру (полидипсия) кіші дәреттің жиілеп, көп болуы (полиурия) үнемі шаршаулы сезіну (полифагия) қол-аяқтың үйып, жансыздануы үнемі қарын аштығынан арылмау салмақ азаюы 
РЕВМАТИЗМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет