2 тапсырма. Дене тәрбиесін мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламалар мен үкімдерге сараптама



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі62,5 Kb.
#94495
  1   2
Байланысты:
Дене тәрбиесін мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламалар мен үкімдерге сараптама


2 тапсырма. Дене тәрбиесін мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламалар мен үкімдерге сараптама
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 168 Жарлығы бойынша Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыт

тары оның ішінде халықты дене шынықтыру-спорттық тәрбиелеудің жалпыұлттық жүйесін қалыптастыру үшін тұрғылықты жері бойынша спорт клубтарының, оның ішінде дене шынықтырумен және спортпен өз бетінше айналысатын адамдар үшін демалыс күнгі спорт клубтары желісін құру мәселесінің қажеттілігі атап көрсетілді..


Халықты дене шынықтыру-спорттық тәрбиелеудің жалпыұлттық жүйесін қалыптастыру шеңберінде азаматтардың жеке ерекшеліктеріне қарай, таңғы және өндірістік гимнастиканы қоса алғанда, қимыл-қозғалыс белсенділігінің көлемі бойынша ұсынымдар әзірлеу мен енгізу, білім беру мекемелерінде дене тәрбиелеу бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз ету қажеттілігі аса маңызға ие болуда
Халық тығыздығын, көлікке қолжетімділікті және дамып келе жатқан спорт түрлерін есепке ала отырып, спорт объектілерін орналастырудың сараланған тәсілін іске асыруды жалғастыру, спорт түрлерінен спорт федерацияларының мәртебесін жоғарылату көзделіп отыр.
Нормативтік құқықтық реттеуді жетілдіру жөніндегі, оның ішінде Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спорт субъектілерінің функциялары мен өкілеттіктерін нақтылау, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысатындардың мониторингін жүргізу жөніндегі жұмысты жалғастыру айқын мақсаттың бірі.

2. Халықтық бос уақытына бағдарланған спорттық өмірді жандандыру, балалармен және жастармен жұмыс істеу әдістерін жетілдіруде елдің спорттық өмірі ұлтты жұмылдырудың маңызды факторына айналуға тиіс екендігі атап көрсетілді..


Спорт пен дене шынықтыру саласындағы бастамаларды іске асыру кезінде еліміздің әр өңірі халықтың әлеуметтік өмірінің алуан түрлілігіне ықпал ететін ақпараттық және оқиғаларға толы ортаны қалыптастыра отырып, жергілікті спорт қоғамдастықтары маңызды ролге ие. Іс-шараларға қатысуға партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблея
сы мен өзге де мүдделі қоғамдық ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, спорттық оқиғаларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша өзара іс-қимылды күшейту.
Ел азаматтарының спортпен шұғылдануын ұйымдастыруды көздейтін халықты әлеуметтік жұмыспен қамтуға бағдарланған дене шынықтыру-спорт бірлестіктері мен спорт клубтарының жұмысын жандандыру ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.
Дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары мен спорт клубтарындағы ашық есік күндері акциялары дәстүрге айналуға тиіс.
Сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша спорт клубтарының, оның ішінде дене шынықтырумен және спортпен өз бетінше шұғылданушыларға арналған демалыс күнгі спорт клубтарының желісін құрудың тиімді және қарапайым алгоритмін пысықтаған жөн.
Ауылда қоғамдық бастамаларда спорт акцияларын, әуесқойлар чемпионатын, конкурстар мен т.б. өткізу арқылы оқиғаларға толы спорттық өмірді қалыптастыру маңызды атап көрсетілді.
Осыған байланысты, танымал әрі қолжетімді спорт түрі ретінде футболды жаппай дамыту перспективалық бағыт болуы мүмкіндігі көрінуде.. Футболдан әуесқойлар командаларын мектептер, жекелеген елді мекендер, облыстар және т.б. деңгейде қалыптасуда . Әуесқойлар арасындағы футбол жарыстардың жалпыұлттық кестесіне енгізіліп Қазақстан Футбол федерациясы кубогына әуесқойлар мен кәсіпқойлардың ақтық сайысымен аяқталатын "әуесқойлар футбол лигасы" матчтары ұйымдастыру .
Барлық деңгейдегі әкімдерге жергілікті ерекшеліктерді есепке ала отырып, тиісті аумақтарда спорттық-бұқаралық іс-шараларды тұрақты негізде өткізуге жеке жауапкершілік жүктелуде.
Өңірлердің спорттық имиджін қалыптастыру мақсатында "Елдің спорттық өмірінің орталығы" өңірлік эстафетасы қағидаты бойынша спорттық іс-шаралар желісін жоспарлануда.
Басты қағидаттар - спортпен және дене шынықтырумен шұғылдануға тең мүмкіндік жасау, талантты адамдардың дамуына жәрдемдесу.
Саламатты ұрпақ қалыптастыру мақсатында спорттық іс-шараларға тең мүмкіндіктер мен тең қолжетімділік арқылы бала жасында бастапқы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажет.
Стратегиялық маңызды міндеттер - елдің барлық өңірінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері желісін жоспарлы дамыту, спорт түрлерінен спорт федерацияларымен ынтымақтас спорт секциялары мен клубтары қызметін жандандыру арқылы дене шынықтыру мен спорт саласында қосымша білім беру жүйесінің дамуын ынталандыру.
Бірінші кезектегі ұйымдастыру шарасы ретінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің жұмысына қойылатын талаптардың айқын жүйесін қалыптастыру да қажет, мұның негізіне, дене күшінің және техникалық даярлықтың, дене дамуы мен денсаулық жағдайын бағалаудың үлгілік сипаттамаларын есепке ала отырып, дарынды жас спортшыларды ұзақ жылғы спорттық іріктеу қағидаттары қалыптасатын болады.
Практикалық тұрғыда облыстарда орта мектептерді кешенді спорт алаңдарымен қамтамасыз ету, сабақтан тыс уақытта жұмыс істейтін спорт түрлерінен спорт секциялары мен клубтарын дамыту арқылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға балалар мен жасөспірімдерді көбірек тарту, республикалық деңгейде жастарға арналған әскери-спорттық чемпионаттарды тұрақты негізде өткізу мәселесін пысықтаған жөн.
Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен барынша қамтуды қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасауды жандандыру.
Мемлекет те дене шынықтыру мен спорт саласындағы қоғамдық жастар ұйымдарының дамуына жүйелі қолдау көрсететін болады.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, денсаулықты нығайтуға және жан-жақты тәни дамуға бағытталған жастар арасындағы Дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмысының кешенді іс-қимыл жоспарын жасау мәселесін пысықтау қажет.
Жастарды неғұрлым көбірек қамту үшін баскетболдан, волейболдан, футболдан, бокстан және басқа да бұқаралық спорт түрлерінен студенттік және мектеп лигаларын дамыту..
Елімізде бейімделген дене шынықтыруды дамыту шеңберінде денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау құрдастарының ортасына тарту мақсатында олардың қатысуымен спорт жарыстары мен турнирлерін жүйелі түрде өткізу қажет.

3. Жоғары жетістіктер спортын, спорт резервін даярлау жүйесін,саланы кадрлық қамтамасыз етуді одан әрі дамыту және саланың заманауи ғылыми әлеуетін қалыптастыру. Жаһандану кезеңінде әлемдік спорт аренасында Қазақстанның спорттық имиджін одан әрі нығайту мен ілгерілеудің, сондай-ақ халықаралық спорт қоғамдастығымен ықпалдастырудың маңызы зор. Спорт еліміздің жалпыұлттық


спорт ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыру көзделуде.
Халықаралық имидждік жобаларды іске асыру шеңберінде Батыс Еуропа - Батыс Қытай көлік дәлізінің ашылуына орайластырылған Халықаралық велотур ұйымдастыру мәселесін пысықтау жоспарлануда. Аңызға айналған тарихи маршруттармен өтетін "Ұлы Жібек жолы" халықаралық ралли гран- брендінің маңызды құрауышы болып табылатындықтан, бұл Қазақстан үшін де маңызды.
Осы мақсатта Қазақстанның Халықаралық Олимпиада комитетінің, Спорт жөніндегі Еуропа кеңесінің және Азия олимпиадалық кеңесінің атқарушы органдарына және т.б. енуі арқылы дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі бағыттары бойынша халықаралық приін өткізу саламатты өмір салтын насихаттауды жандандыруға, спорт қызметі мен іс-шараларға туристерді тартуға мүмкіндік береді.
Спорт туризмін (әсіресе, ішкі) дамытуға жаңа серпін беру мақсатында елдің танымал туристік маршруттар картасына неғұрлым тартымды спорт объектілерін кіріктіру, аумақтардың спорттық брендтерін қалыптастыру қажеттілігіне көңіл бөлу.
Еліміздің дамуында Жоғары жетістіктер спорты - келешекте елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы факторларының біріне айналатын спорт индустриясының дамуын пәрменді ынталандырушы күш болғандықтан барынша әлемдік тұрғыдан көңіл бөлу
Жоғары жетістіктер спорты Қазақстанның әлемдік аренада ілгерілеуіне, отансүйгіштіктің, елі үшін мақтаныш сезімінің қалыптасуына, азаматтардың ұйысуына да ықпал ететіні сөзсіз.
Жоғары сыныпты спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға қабілеті бар перспективалы спортшылар санын ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттілігі аса маңызға ие.
Спорт резервін даярлауға, ел өңірлерінде балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің желісін одан әрі дамытудың жол картасын қалыптастыруға ерекше назар аударып оларды арнайы спорт мектептерінде тәрбиелеу..
Жұмыстың перспективалы бағыттары - дене шынықтыру мен спорт саласының жоғары оқу орындары базасында олимпиадалық спорт түрлерінен құрама командаларды спорттық даярлау орталықтарын құру жөніндегі мәселені пысықтау болып отыр.
Спортшыларды ғылыми-әдістемелік және медициналық сүйемелдеудің сапасын жақсарту, сондай-ақ спорттық мүкәммал мен арнайы киім-кешекке қажеттіліктерін сапалы қанағаттандыру талап етіледі.
Сонымен қатар елдің спорт резервін даярлау шеңберінде спорт түрлерін дамыту жөніндегі федерациялар жұмысының тиімділігін арттыру қажет.
Жаттықтырушылар құрамының, спорттық медицина мамандары мен спорт төрешілерінің біліктілігін арттыру мақсатында оқытудың дуальді қағидаттары негізінде үздіксіз кәсіптік білім берудің тиімді жүйесін қалыптастыру туралы мәселені пысықтау қажет.
Спорт саласындағы ұлттық біліктілік жүйесін жетілдіру және кәсіби стандарттарды әзірлеу шеңберінде спорт саласының заманауи менеджерлер мен мамандарды даярлау, сондай-ақ спортпен дене шынықтыру саласындағы жоғары білім беру стандарттарына "Спорт менеджменті", "Спорт экономикасы", "Спорттық дәрігер" және "Спорттық психолог" мамандықтарын енгізу қажет.
2025 жылға қарай Нұр-Сұлтан қаласында Спорт академиясын құру мәселесін пысықтау да перспективалы жоба болып табылады, ол спорт саласы үшін кадрлар даярлаудың жетекші жалпыұлттық орталығы болады.
Соңғы жылдары халықаралық спорт аренасында бәсекелестік айтарлықтай өсті, осыған байланысты жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спорттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін жеке ғылыми базаны құру және дамыту қажет.
Осы мақсатта спорт саласын дамыту мәселелерінде ғылыми тәсілді дамыту және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары тақырыбы қажет.
Бұл жағдай жаттығу мен жарыс процестері уақытында медициналық қамтамасыз етуге де толығымен қатысты. Қазіргі таңда спорттың дамуы мәселелерінде осы саладағы ең жаңа жетістіктер негізінде спорт қызметін медициналық-биологиялық реттеу деңгейіне баса назар аударылуда.
Спорт резервін даярлау жүйесінің теориялық-әдістемелік және медициналық-биологиялық негіздері саласында ауқымды ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізу мәселесі де пысықтауды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет