1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


РЕСТРИКЦИЯ ФЕРМЕНТТЕРІ (РЕСТРИКТАЗАЛАР)



бет45/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   78
Байланысты:
darister
Enzyme worksheet
РЕСТРИКЦИЯ ФЕРМЕНТТЕРІ (РЕСТРИКТАЗАЛАР).
Рестрикциялау- модификациялау құбылысы 50-ші жылдары байқалған болатын. Рецтрикция тоқтату деген мағананы білдіреді, ал модификация –млоекуланың белгілі топтарын химиялық жолмен немесе оларға басқа топтарды жалғау арқылы өзгерту. Рецтрикция мен модификациялау құпиясын В. Арбер ашты.
Бактерияның “өзінің” нуклейн қышқылын “бөтен” фагтардың (вирустардың) нуклеин қышқылынан ажырататын арнайы ферменттері болады. Рестрикция ферменттері фагтың нуклеин қышқылын үзіп, оның клеткада көбеюіне жол бермейді. Рестриктазалармен қатар бактерияларда метилаза деген фермент бар. Ол бактерияның өзінің ДНҚ тізбегіндегі азоттық негіздерге белгілі мөлшерде әрбір репликациядан кейін метил тобын (CH3) жалғап, модификациялап отырады. Метилденген ДНҚ-ны рестриктаза “өзінікі” санап оған “тейіспейді”. Бұл бактериялардағы өзіндік бір “иммундық жүйе” іспеттес. Дегенмен, кейде бактерия клеткасына енген фагтың кейбір нуклеин қышқылы кездейсоқ метилденіп кетеді. Осы қателігінен бактерияның өзі фагтың әсерінен қырылып қалады. Осы құбылыстар О.Смит, Д. Натанс және В. Арбер ашты. Рестриктазалар табиғаттың ген инженериясына арнап жасалған таптырмас құралы. Бактерия әр түрлі болғандықтан олардың рестриктазалары ДНҚ-ны әр түрлі жолмен үзеді. Қазір 500-ден аса рестриктаза түрі белгілі және олар ДНҚ-ны бір-бірінен өзгеше 120 жерінен үзе алады. Яғни зерттеуші рестриктазаны таңдай отырып ДНҚ-дан қалаған ферментті немесе генді бүлдірмей бүтін күйінде кесіп алады. Генді бөліп алу мен ген өркенін (клондарын) алу үшін әртүрлі объектілер (баетерияны, сүтқоректілер клеткаларынан, құстардан т.б. алынған) және әр түрлі вирустар жұқтырылған ортада өсірілетін ерекше ферменттер құрал ретінде пайдаланылады. Негізінде олар үш түрлі ферменттер: рестриктазалар, лигаза және кері транкриптаза.
Рестиктазалар – дезоксирибонуклеазалардың ДНҚ молекуласын қысқа немесе ферменттердің бір түрі. Рестриктазалардың ерекшеліктері ДНҚ молекуласын кез келген жерден кеспей тек белгілі нуклеотидтер арасында кесуінде. Әрбір рестриктазаның таңдайтын нуклеотидтер орналасу тәртібі бар. Бұл әдетте 4-6 жұп нуклеотидтер, әртүрлі рестриктазалар үзетін жеріндегі нуклеотидтердің құрамында айырмашылығы болады. Мысалы E.coli рестриктазасы ДНҚ молекуласын ГААТТЦ учаскесінде үзеді, Ват- HI- ГГАТЦЦ учаскесінде. Қазір әр түрлі рестриктазалардың жүзден артық өзіндік бірізділігі белгілі. ДНК тізбегінің ұзына бойында нуклеотидтер кездейсоқ орналасса, төрт белгілі нуклеотидтен тұратын жүйелік (бірізділік) 1/256-ға, ал алты нуклеотидтен-1/4096 тең болады. Сондықтан рестриктазалар ДНК-ны бірнеше жүздеген немесе мыңдаған нклеотидтер жұптарынан тұратын бөлшектерге үзеді.
Лигаза – ДНҚ-ның бос ұштарын бір-біріне жалғайтын фермент. Бұл фермент қалыпты клеткаларда ДНҚ синтезіне және репарация (қалпына келу) процестеріне қатысады, яғни ДНҚ молекуласының біраз бүлінген жерлерін қалпына келтіруге қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет