11-дәріс. ЖЫЛҚЫ БЕЛГІЛЕРІНІҢ ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҒЫ
1. Цитогенетикалық сипаттамасы
2. Бағалы белгілерінің, қасиеттерінің тұқым қуалаушылығы
Жылқы генетикасы — адам баласына керекті морфофи-зиологиялык белгілер мен қасиеттерінің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік ережелерін зерттеп, оларды әр бағытта өсіретін тұкымдардың өнімдерін ұлгайтуға, өркендетуге немесе жаңа тұқым шығаруга пайдаланды.
Үй жылқыларының кариотипі 64-хромосомнан тұрады 31-жүп аутосомдар, бір жұп жыныс хромосомдары XX, ХУ.
Сырткы пішіні жағынан үш топка бөлінеді: 1, 2 , 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және X — хромосомдардың орталық будан-дақтары екі мүшесінің арасынан бір жағына қарай ауытқып орналасқан, сондықтан субметацентрикалы, қалған 18 жұп аутосомдар және У — хромосомдардың орталық буындағы дене шетіне жакын қалыптасқан — акроцентриктер (таяқша). Үй жылқы тұкымдарына туыстас жануарлар түрлерінде келесі хромосом жинақтары бар: Пржевальский жылқысы — 2п = 66. Монгол есегі — 56, Парсы есегі — 56, үй есегі — 62, кап зебрі — 32, Африка зебрі — 44.
4 - с у р е т. Үй жылқысының кариотипі (айғыр-32 жұп +ХУ).
Тұқым қуалаушылық материалдарының мутациясы өте аз тексерілген. Бірақ кариотиптегі хромосом сандарының бұзылуы бар хромосомдардың транслокациясы белгілі. Транслокацияның жиі кездесетіндері 4/13, 13/4 және жыныс хромосомдары бір-біріне жабысып гаметогенезде дұрыс бөлінбейді. Осының салдарынан жыныс клеткаларына XX және ХУ — хромосомдары бірге түсулері мүмкін, ал үрықтанудан эмбрион құралып келесі ұрпақ туса, олардың кариотипінде 2п = 64 + 1 = 63 немесе 65 хромосом.
Бірнеше географиялық кеңістіктерде өсірілетін бір тұқымның популяцияларының арасында қан топтары және белок полиморфтілігі арасында көптеген айырмашылық бар. Сондықтан әр популяция өзіне сәйкесті иммуногенетикалық куәліктермен бағаланады. Ауыл шаруашылыгында өсірілетін жануарлар түрлерінің арасында жылқы түқымдары табиғи сұрыптау факторларының әсеріне көбірек түседі. Осы жағдай қан және белок полиморфизмдерін бір қалыпта сақтауға жағдай жасайды.
2. Бағалы белгілерінің, қасиеттерінің тұқым қуалаушылығы
Шаруашылықта бағаланатын қасиеттерінің бірі — әртүрлі жұмыстарды орындауға бейімділігі. Бұл қасиет жылқы тұқымдарының жылдамдығымен, жүк тасымалдаудағы күші және төзімділігі арқылы көрінеді. Ал Қазақстанда жылқы малын, көбінесе ұлттық дәстүрлі куалап, қымыз және ет өнімдерін өндіру үшін өсіреді.
Бие сүтіне арнаулы технология мен өндірілетін антибиотикалық және емдеушілік касиеті бар сусынның (қымыздың) басқа да сандық және сапалық белгілерінің езгергіштігін әлі жеткілікті тексерілді деп айтуға болмайды. Сол сияқты дене салмағының өсуіне, өсімталдығына тұқым қуалаушылықтың тигізетін әсері анық емес. Мысалы, құлындардың туғандағы салмағының тұқым қуалаушы коэффициенті һ2= 0,05-0,07 биелерінің сүттілігі һ2 = 0,1-0,2 жарыққа бейімділігі һ2 = 0,05-0,10 дейінгі арада. Осындай мәліметтер өте сирек тексеріліп, оларға мән берілмей отыр. Бүкілодақтық жылкы шаруашылығы институттың қызметкерлері кейбір популяцияларда (Орлов түқымы) дене бітімімен жарыстағы жылдамдықтың арасында — оң бағытты, жоғары дәрежелі (Г = 0,633) арақатынасты: нерв жүйесімен жұмысқа бейімділігінің арақатынасын (Г = 0,13) дене бітімімен жүк тасымалдаушылығының корреляцияларын (Г = 0,22 0,54) жаңа линиялар шығару мақсатында пайдалануда.
Жылқы малының сыртқы реңі әртүрлі болып калыптасқан. Осы сапалық белгінің тұқым куалауын зерттеп жүрген ғалымдардың арасында әлі тұрақты ережелерді дәлелдейтін теория құрастырылған жоқ. Көп дәлелдерге қарағанда аллельсіз гендердің арақатынасымен (эпистаз) жылқының күрең, қоңыр, қара түстері көрінеді деген ұғым бар; күрең рең басқа түрлерден тәуелді, коңыр-кара түске қарағанда доминантты т.б.
Сыртқы тұлғаның неше түрлі түске боялуына ертеден адам баласынын қолданып келе жатқан сұрыптау және іріктеу методтары әсерін тигізеді. Осының әсерінен гендік және хромосомдық мутациялар көбейіп, қазір жылқының бір түсі көптеген гендердің аракатынасында қалыптасады деген ұғым бар. В. Е. Кастла (1961) жылқы терісінің және жүннің пигменттелуіне тоғыз аллельдердің қатынастығын дәлелдеп отыр: С, В, А, Е, 0, Р, \¥, С. Мысалы доминантты ген "С" теріде қара-қоңыр және қызыл-сары пигменттердің синтезін бақылайды, оның рецессивті гомозиготалы аллельдері "сс" теріде пигменттің синтезін доғарып теріні пигментсіз қалдырады (альбонос). "В"-гені қара "вв" қоңыр пигменттердің синтезін бақылайды: ал "А"-гені төрт аллельден тұрады (А+>А>а>а,— қара пигменттің тері жабынында таралу дәрежесін атқарады. Е, Д, К, Р, М, С аллельдері қара мен ақ-боз түрлердін арасындағы тұқым қуалаушы өзгергіштік көрінуіне әсер етеді.
Қолданылған әдебиет:
1. Стамбеков С.Ж. Генетика, Новосибирск, 2002
2. Бегімқұл Б.А, Генетика, Алматы, 1994
3. Байбугенов К.Н., Исабеков Қ.И., Ақмола, 1993
Достарыңызбен бөлісу: |