1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


-дәріс. Тұқым қуудын молекулалық негiздерi



бет21/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78
Байланысты:
darister

7-дәріс. Тұқым қуудын молекулалық негiздерi


1. Геннің құрылысы туралы теория. Геннің негізгі міндеттері.
2. Нуклеин қышқылдарыының құрылымы және биологиялық ролі
3. ДНҚ-ның екі еселенуі (репликациясы).
4. Генетикалық код және оның ерекшеліктері



  1. Геннің құрылысы туралы теория. Геннің негізгі міндеттері.

Классикалық генетикада қалыптасқан көзқарасқа сәйкес көп уақыттқа дейін ген өзін-өзі шығарады және ол бөлінбейтін, рекомбинация мен мутация бере алатын бірлік деп есептелінді. Гендер хромосома бойында жіпке тізілген моншақтар секілді деп қаралды. Геннің бөлінбейтіндігі жөніндегі көзқарасты А.С.Серебровский, Н.П.Дубинин өзгертті.
Х.Резерфордтың атом құрылысын ашуы адамзатқа шексіз энергия көзін берсе, Уотсон-Криктің ДНҚ құрылысының ашуы организмге жаңа қасиет бере алатын ген инженериясының әдісін ашты.
Тiрi организмдер табиғи қасиеттерi мен белгілерін ұрпақтан ұрпаққа беріп отыратынын адам баласы ертеден байқаған. XXIII ғасырдың барысында немiс зоологы А.Вейсман жыныс клеткаларында болатын ерекше заттар-тұқым қуалаушылықтың негізі болуы керек деп,оның құпиясын клеткалардағы молекулалардан iздеу туралы дурыс ұсыныс жасаған едi. Генетика тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі ең алдымен хромосомалар болатынын сенімді түрде көрсетіп берді. Құрамында гендері бар хромосомалар өз көшірмесін қалдыратын қатар түзеді.Тіршілікке тән үздіксіз көбею,өсіп-өну қасиет осы хромосомаларға байланысты.
Хромосомалардың өз көшірмесін қалдыратыны жөніндегі үлгіні 1928 жылы Н.К.Кольцов ұсынған. Ол “Omnis molecula e molecula”-әрбір молекула молекуладан деген жорамал айтқан. Бұл постулат бойынша клеткадағы макромалекулалар:белоктар және нуклеин қышқылдары матрицалық (көшірмелік) принциппен көбеюге тиіс. Хромосоманың құрылысы күрделі. Оның құрамына ақыздар (гистон тәрізді және гистон тәрізді емес), липидтер, екі валенті металдар катиондары т.с.с.кіреді. 1940 жылдың басына дейін хромосомалардың генетикалық қызметін көп зерттеушілер тек қана белокпен байланысты деп есептеген. Н.К.Кольцовтың айтуынша, “ДНҚ сияқты”қарапайым молекула“соншама күрделі қызмет атқарады” деп мойындау өте қиын еді. Бірақ кейініректе барлық өсімдіктерде, жануарларда, микроорганизмдерде, көпшілік вирустарда генетикалық материал – ДНҚ екені анықталды.
Ген – тұқым қуалаушылық фактор, оның негізгі өлшем бірлігі, арнаулы функциясы бар биологиялық жүйе. Жоғары сатыдағы организмдерде ДНҚ-ның белгілі бөлігі, вирустарда РНҚ бөлігі, хромосоманың белгілі локусында орналасады. Генотип – организмдегі барлық гендерінің жинағы. әр генде 1500-ге дейін нуклеотидтер болады және белгілі ақуыздың, ферменттің синтезіне жауапты болады. Олардың жасалуын бақылап гендер организмның барлық химиялық реакцияларын бақылап отырады. Осы себептен белгілердің пайда болуына әсер етеді.
Негізгі қасиеттері:

  • тұрақтылығы (ұрпақтар қатарында өзгермеуі);

  • мутациялар беруі (организмнің өзгергіштігінің негізі).

Негізгі міндеттері:

  • ген сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің әсерінен өзгеріп, бірнеше

аллельды қатар құруы мүмкін (асбұршақ реңі – сары, ашық сары, сұр, сұрғылт, қоңыр, жасыл бір геннің әртүрлі аллельдері бақылайды);

  • гендер хромосомның бойында тізбектеліп тиісті локустарға шоғырланған;

  • ген хромосомдағы ДНҚ-ның бойында өзіне тиісті тұрақты орынға орналасқан.

Гендер көп бөліктерден тұрады және осы орталықтар әртүрлі міндеттер
атқарады:

  • сыртқы және ішкі күштердің әсерлерінен өзгеріп мутацияға апарып соғады;

  • алмасу үрдістеріне қатысады. Осы орталықтар мутон, рекон, цистрон, сайт деп аталады. Мутон, рекон гендегі болатын мутацияның орны, сайт бір нуклеотидтің мутацияға ұшыраған орны.

Мутация мутагендер арқылы (рентген, гамма сәулелері, нейтрон, протондар, колхицин және т.б.) және хромосомдардың айқасуы (рекомбинация) арқылы өтуі мүмкін.
Ген хромосомдағы ДНҚ нуклеотидтерінің тізбегінде тұрақты орынға ие, өзіне сәйкес ұзындығы, басы және соңы бар. Гендердің арасы арнаулы қоспалармен бөлінеді де жеке гендердің өз сапаларын сақтауға мүмкіндік жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет