1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


Жынысты реттеу проблемасы. Жынысты ерте анықтау



бет20/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78
Байланысты:
darister
Enzyme worksheet
5. Жынысты реттеу проблемасы. Жынысты ерте анықтау
Мал шаруашылығында жыныс арақатынасын бір бағытта реттеу техникасын меңгерудуң үлкен практикалық мәні бар. Сүт өндіру үшін ұрғашы бұзаулардың, ет өндіруде еркек бұзаулардың көьірек туылғаны тиімді. Жұмыртқа құс шаруашылығында ұрғашы шөжелер, ал құс етін өндіруде еркек шөжелер алу пайдалы. Осыған байланысты көптеген ғалымдар мал түлектерінде жыныс арақатынасын қолдан реттеу проблемасымен шұғылдануда. Осы бағытта бірнеше тәжірибе жүргізілді, алайда олардың ешқайсысы белгілі кемшіліктерге байланысты әлі де практикада қолданылмай отыр.
Мал ұрпағының жынысы гетерогаметалы аталыққы байланысты болғандықтан, ғалымдар олардың сперматозоидтарын Х және У хромосомалы фракцияға бөлу әдістерін іздестіруде. Осы мақсатта әр түрлі әдістер қолданылуда: электрофорез, седментайиялау (тұндыру), центрифугалау, фильтрлеу (сүзу), иммунологиялық және т.б.
Жынысты қолдан ретеу проблемасын Б.Астауров тұт көбелегінде жасанды партеногенез әдісі арқылы толық шешті. Тұт көбелегінің ұрықтанбаған жұмыртқасына to әсер етіп, мейоздың редукциялық бөлінуі тоқтатылады: нәтижесінде ZW жыныс хромосомалы диплоидты жұмыртқалар түзіледі. Мұндай жұмыртқалар әрі қарай партеногенез арқылы дамып, тек ұрғашыға айналады. Бұл гиногенез әдісі деп аталады. Еркек жұлдызқұрт алу үшін андрогенез әдісі қолданылады. Мұнда қыздыру мен радиация әсерімен жұмыртқа ядросындағы ZW хромосома жойылады, ары қарай жұмыртқаға Z хромосомалы 2 сперматозоид енеді де, ZZ зигота дамиды.
Жынысты ерте анықтау.
Еркек алтын шашақ х ұрғашы күміс F1 сары шібилер, ақшыл-жасыл қораздар. Англияда Пеннет тауықтың қамбар тұқымын шығарған. Бұл тұқымның балапандарының әтештері ақшыл, шібилері – қара.Жынысты ерте анықтаудың тағы бір генетикалық жолы – жыныспен тіркескен кейьір белгілердің тұқым қуалау ерекшеліктерін пайдалану. Ген Z хромосомада орналасқан жағдайда, доминантты гетерогаметалы еркек жынысты рецессивті гомогаметалы ұрғашымен шағылыстырғанда байқалатын белгілердің айқас тұқым қуалауы тауық балапандары мен тұт көьелегінің жұлдызқұрттарының жынысын ерте анықтау үшін практикада қолданылады. Мысалы, балапанның жынысы 1,5-2 айдан кейін ғана біліне бастайды. А.С.Серебровский балапанның жынысын ерте анықтау үшін хромосомада орналасқан қауырсандыру гендерін (А-кеш қауырсындану, а- ерте қауырсындану) пайдалануға болатындығын көрсетті. Кеш қауырсынданатын 8-еүндік балапанның құйрығында тек мамық қана, ал ерте қауырсынданатын балапанның құйрығында кішкене қауырсынды құйрық пайда болады. Кеш қауырсындандыру гені бойынша гемизиготалы тауық қауырсыны ерте дамыған балапаннан өрбіп өскен қоразбен шағылыстырғанда 8-күндік балапанның құйрығында тек мамық болса, оның ұрғашы болғаны, олай болмаса (құйрығы қауырсынды болса), мұндай балапан еркек жынысты деп есептелінеді. Балапандарды осылайша жынысына қарай бөлудің дәлдігі 95%-ға жетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет