Шымкент қаласы туралы ақпарат



Дата05.11.2016
өлшемі157,02 Kb.
#991
Шымкент қаласы туралы ақпарат

Аймақ туралы ақпарат 1. Жалпы мәлімет. Оңтүстік Қазақстан облысы республиканың ең ірі аймақтарының бірі болып табылады және шығысында – Жамбыл, солтүстігінде – Қарағанды, батысында – Кызылорда облыстарымен, оңтүстігінде – Өзбекстан Республикасымен шекаралас жатыр. Облыс аумағы – 117,3 мың шаршы шақырым, мұнда 2,4 млн. шамасында халық тұрады. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына 4 – облыстық, 4 – аудандық бағыныстағы қалалар, 11 ауылдық аудандар кіреді. Облыс орталығы – Шымкент қаласы. Облыс орталығы – Оренбург-Ташкент және Түркістан-Сібір халықаралық көлік магистральдарының түйіскен жерінде орналасқан. Бұдан бөлек, Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара авто-магистральдары арқылы ыңғайлы байланыс орнатылған. Аумақ – барит, көмір, темір және полиметалл рудаларына, бентонитті саз балшыққа, вермикулит, тальк, әк тас, гранит, мрамор, гипске, кварцтық құм сияқты пайдалы қазбаларға бай. Облыс уран қоры бойынша республикада – бірінші, фосфорит пен темір рудасы бойынша – үшінші орынды алады. Облыста жалпы ұзындығы 444,6 шақырым, екі бағыттағы темір жол, 5,2 мың шақырым жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бар, оның 5,1 мың шақырымы – қатты төселімдегі жолдар. Азаматтық авиация ұзындығы 27 мың шақырым әуе жолында жұмыс жасайды. Облыста Қазақстан бойынша республикада өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 2,0 пайызын өндіретін 182 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемінде 100 пайыз мал шаруашылығына тиесілі. Мал шаруашылығында ет, сүт және жұмыртқа өндіру негізгі орынды алады. Облыс аумағында емдеу және демалысқа пайдалануға болатын табиғи ресурстар бар. Оларға жұмыс істеп тұрған Сарыағаш шипажайының минералды сулары жатады. Ауа-райы қолайлы Кентау қаласынан 20 шақырым оңтүстікте Қаратау бөктерін, Шаға өзенінің әдемі аңғарындағы шипалы минералды, термалды су скважиналарын, Манкент селосы аумағында және Ордабасы ауданының орталығы – Темірлан елді мекенінің жанындағы термалды су көздерін, сонымен қатар, Ақсу, Түлкібас және Тұрар Рысқұлов ауылының аумақтарын жүрек-тамыр аурулары бар адамдардың емделуіне қажетті жағдайлар жасауға болады. 2. Өнеркәсіп. Облыста Қазақстан бойынша республикада өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 3,0 пайызын өндіретін 163 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Облыста 2197 өнеркәсіп кәсіпорындары тіркелген, оның ішінде, кен өндіру саласында – 155 кәсіпорын, өңдеу өнеркәсібінде – 1635, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу секторында – 156. Өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндердің саны 40,2 мың адамды құрайды, кен өндіру саласында жұмысшылар саны - 6,5 мың адам, өңдеу өнеркәсібі саласында жұмысшылар саны - 25,6 мың адам, электр энергиясын, газбен суды өндіру және бөлу секторында - 8,0 адам. Инвестициялауға ұсынып отырған инвестициялық жобалар Бүгінде транспорттық-экономикалық, еңбек ресурстарына бай, заманауи телекоммуникациялық жүйемен қамтамасыз етілген, көрші мемлекеттерге жақындығымен танылған, сонымен бірге шетелдік және отандық инвестицияларды салуға өзінің бизнеске қолайлылығымен танымалы аймақ. 1. ОҚО-да «Металлургия кластерін» құру: «АЛАЙҒЫР» кен орны жанынан таукен байыту комплексінің құрылысы, қорғасын өндірісін модернизациялау мен реконструкциялау, екінші кезектегі аккумулятор зауытының құрылысы. Жобаны жүзеге асырушы «Южполиметалл» ӨК» АҚ, жоба бүгінгі таңда жобалық және құрылыстық жұмыстары жоспарлануда. Техника – экономикалық негіздемесі бар, Жобалық – сметалық құжаттамасы жасалған. Жобаның жалпы құны – 22 500,0 млн. тенге құрайды. Құрылыс жұмыстарының жүргізілу мерзімі – 2011 жылдың қазанынан 2012 жылдың қыркүйегі аралығына жоспарланып тұр. Жаңадан ашылатын жұмыс орны – 1 800 адамды құрайды. Орналасқан жері – Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облысы (Шымкент қаласы). 2. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарының полиметаллды шикізаттарын комплексті пайдалану және өңдеу бойынша «КАЗПОЛИМЕТАЛЛ» Ұлттық таукен – металлургиялық холдингін құру. Жобаны жүзеге асырушы «Южполиметалл» ӨК» АҚ, бүгінгі таңда жоба жоспарлануда. Техника – экономикалық негіздемесі бар. Жобаның жалпы құны – 120 000,0 млн. теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарының жүргізу және іске қосылу мерзімі 2010 - 2013 жж. жоспарланған. Жаңадан ашылатын жұмыс орнының саны – 7 000 адамды құрайды. Орналасқан жері – Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары. Қазіргі таңда облыстағы аймақтық «технобағындағы» М.Әуезов атныдағы ОҚМУ-нің ғалымдарымен әзірленген индустриялдық-инновациялық жобаларын ұсынамыз: 1. Ақжар кең орнында «Кварц» құмын өндірудің технологиялық жүйесі ендіру бойынша инвестициялық жобасы. Шикізат қоры – 10,0 млн. тонна, қуаттылығы жылына - 250 тоннаға дейін, жоба құнын қайтару мерзімі – 2 жыл. Жалпы құны – 300,0 млн. теңге. Қазақстан аумағында шиша өнеркәсіп саласына жарамды кварц құмын өндіру кең орны жоқ. Осы жоба жүзеге асырылған жағдай Қазақстанда шиша өндіретін кәсіпорындарын қамтамасыз етеді және жаңа жұмыс орындары ашылады. 2. «Сурик» (қызыл түсті бояу) табиғи минералдық пигменттен жасалынған грунттық, эмальдік және лак бояу өндірісінің жобасы. Шикізіт қоры 400 мың тонна, жобаның қуаттылығы жылына 2 000 тонна, жоба құнын қайтару мерзімі – 6 жыл. Жалпы құны - 30,0 млн. теңге. Осы жобаның өнімін келесілерге пайдалануға болады: темір жол (вагондарына), барлық ауыл шаруашылық техникаларында, сонымен қатар әр-түрлі көліктерді, керамикалық бұйымдар (черепица, кірпіш) және тағы басқа заттараға бояуға кең көлемде пайдалануға болады. 3. Бадам өзеніндегі құмның негізінде құрғақ құрылыс қоспаларының түрін өндіру жобасы. Шикізаттық қоры шектелмеген, жобаның қуаттылығы жылына 5000 тонна, жоба құнын қайтару мерзімі - 2,5 жыл, жобанын жалпы құны – 15,0 млн. теңге. Қазақстан Республикасынның аумағында құрылыс саласымен айналысып жатқан компаниялары құрылыс жүргізіп жатқан ғимараттарының сыртқы және ішкі өңдеу жұмыстарына өте маңыздылығы жоғары. Жоба жүзеге асырылған жағдайда жаңадан 20 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. 4. Ферросилиция өндірісі бойынша металлургиялық зауыттың құрылысы. Жобаның қуаттылығы жылына - 114 тонна, жобаның жалпы құны - 250 млн. теңге, жоба құнын қайтару мерзімі - 3,5 жыл. Осы жоба жүзеге асырылғанда - 92 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі және 15% -ға дейін ферросилицияның өнімінің өзіндік құны сонымен қатар Түркістан және Кентау аумақтарында қоршаған ортаға клинкердің антропогендік әсері төмендейді. 5. Жергілікті шикізат негізінде автоклавты емес пенабетон өндірісі, қажет ететін алаңы 200 кв.м. Шикізатты пайдалану портландцемент М400, Жуылған құм (Мкр=1), көпіршік жасайтын ПБ - 2 000, жобаның құны - 15,0 млн. теңге, жоба құнын қайтару мерзімі 2 жыл. 6. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу (электорэнергия), жылуды және тағы басқа пайдалы өнімдерді өндіру. Шикізаттық қоры 5 млн. тонна, жобаның қуаттылығы жылына 10 000 тонна қалдықты қайта өңдейді, жобаның құнын қайтару мерзімі - 7,5 жыл. Жобаның жалпы құны 8700 млн. теңге. Жоба жүзеге асырылған жағдайда 78 жаңа жұмыс орындары ашылады. 3. Туризм. Тянь-Шань етегінде Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Атауының өзі айтып тұрғандай Ақсу және Жабағылы сияқты екі өзеннен құралған. Бұл жерде флора мен фаунаның сирек нұсқалары сақталған. Олардың көбі Қызыл кітапқа енген. Осы себепті осында ерекше қорық құрылған. Бұл территорияның ең керемет гүлі – Грейг қызғалдағы өседі. Бұл гүл Оңтүстік Қазақстан облысының символы болып табылады. Осы Ақсу-Жабағылы қорығында туризмді дамыту үшін монорельстік темір жол қажет, яғни туристерге қорықты ыңғайлы және қызықты аралуына үлкен септігін тигізеді. Шардара су қоймасында туризм саласын дамытуға қолайлы жағдай бар. Осы саланы дамыту мақсатында теңіз жағасынан демалыс аймағын салу үшін орман қорынан арнайы 245 га жер бөлінген. Осы бөлінген аумақта жағажай шомылу, жағажай су спорты, балық аулау, аңшылық, құм ішінде атпен, түйемен, серуендеу, аудандағы тарихи орындарға саяхатқа шығу, құм қойнауын көлікпен аралау (сафари), емдеу-сауықтыру орындарын ашу секілді бірнеше бағыттарды ұйымдастыруға болады. Бұл мақсатқа инвесторлардың қаржысы керек. Сонымен қатар, Төлеби ауданындағы Қасқасу өзенінің басындағы тау бөктерінде тау шаңғысы базасының, сауықтыру кешендерінің құрылыстарын жүргізуге инвесторларды тарту қажет. 4. Әлеуметтік сала. 2010 жылдың 1 ақпанына облыс халқының саны 2429,5 мың адамды құрады. оның 912 мыңы – қала халқы (37,5%), 1517,5 мыңы – ауыл халқы (62,5%). Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1133,3 мың адамды, жұмыссыздар саны 73,0 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі 6,4% құрады. 2010 жылдың 1 ақпанына облыс бойынша 12901 жұмыссыз тіркелген, ал тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,14% құрады. Облыста 25,1 мың көлемінде тәрбиеленушісі бар 190 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді. Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілуі 13,8% құрайды. 2008-2009 оқу жылында жалпы білім беру мектептері мен мектеп-интернаттарының саны – 1032, ондағы оқушылар саны – 516,2 мың адамды құрады, оның ішінде жекеменшік мектептер саны – 6, ондағы оқушылар саны – 1,2 мың. Мәдениет саласында 426 кiтапхана, 12 – мұражай, 287 – клубтық мекеме (мәдениет үйлерi, клубтар, автоклубтар), 8 – театр, 7 – мәдени және демалыс саябағы, 2 – кинотеатр және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, 3433 – спорт ғимараттары, оның ішінде 21 – стадион, 191 – тир ату орындары, 18 – жүзу бассейні, 2394 – жазық-алаңшалық ғимараттар жұмыс істейді.

Шымкент — Қазақстандағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Тұрғыны шамамен 660 300 адам (2013 жыл). Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда тұрғыны жөнінен 3-ші орында (Алматы мен Астанадан кейін). Осымен қатар, Шымкент Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі болып табылады.

Ғалымдар Шымкент туралы кездесетін әр түрлі тарихи деректерді атай отырып, қала атауының мағынасын "бау-бақшалы қала", "Жасыл қала", "Шыммен қоршалған қала" - деп түсіндіреді. Мысалы, шымға қатысты қала атауы былай деп түсіндіріледі: Шымкент түркінің "Шым" және иранның "Кент" - қала, мекен деген сөздерінен құралған. Ал басқа түсіндірмеде қала атауы соғдының (иранның) "чиминь-чемень" яғни, көгалды, гүлденген ал-қап, ал бұған "Кент" сөзінің жалғануымен, "жасыл (гүлденген) қала" деген мағынаны береді.

Осы уақытқа дейін ғалымдардың көпшілігі қазіргі Шымкент қаласының аумағындағы қоныс мекендер ХЫ−ХЫЫ ғасырларда болған деген гипотеза болатын. Сонымен қатар Шымкенттің бұдан да ертеректе пайда болғаны жөнінде болжам бар. Бұған дәлел - археологиялық қазбалар мен құрылыс барысында табылған қабырлардың жерлеуші, мамандардың болжамы бойынша, біздің эрамызға дейінгі В-ВІ ғасырларға тән.

Өткен ғасырдың басындағы қала қамалы болған жерде жақында бір еркек пен әйелдің мәйіті табылды, және ол зороастрлық салтпен жерленгендігі анықталып отыр, олай болса бұл мәйітке 1500 жыл. Бірқатар археолог-ғалымдардың пікірлері бойынша, бұл жерде үлкен қорым болған, егер бұл расталса, онда қаланың пайда болған мерзімі қайта қаралуы мүмкін. Біздің заманымызға жеткен жазба деректерде Шымкент алғаш рет елді мекен ретінде парсы тарихшысы Шараф ад-Дин Әли Йаздидің (1425 ж.) біздің жыл санауымыз бойынша 1365-1366 жылдардағы Әмір Темірдің әскери жорық-тары туралы жазған "Зафар Наме" атты ("Жеңіс кітабы") кітабында кездеседі.

Қандай болғанда да, қала ескі заманнан-ақ адамдардың өмір сүруіне қолайлы мекен болған. Оған ежелгі қоныстарға жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған мәдениет мұралары дәлел бола алады. Тау етегінде өзен бойындағы алқаптарда егіншілік пен жүзімдік, ал көгалды таулы жайылымдарда - мал шаруашылығы дамыған.

[өңдеу]

Көне Шымкент



Шымкент қаласының аймағы жүздеген жылдар бойы көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған. Қала бірнеше рет басқыншылардың жойқын шабуылдарына ұшырған. Шыңғыс хан жорықтарға жасақтарымен қала арқылы өтіп, ақырында Шымкент Шыңғыс хан ұрпақтарының қол астына өткен. Ақ Орда және Алтын Орда хандары жүргізген соғыстардың нәтижесінде қала Әмір Темірдің қол астына кіреді. ХВ ғасырдың басынан Шымкент ХВЫЫЫ ғасырдың жартысына дейін Жоңғар шапқыншыларының тонауына ұшырайды. Сансыз соғыстар мен өзара тартыстар жергілікті халықтардың өміріне қайғы-қасірет әкелгенімен, Сайрам оазисі-жер өңдеу мен бау-бақша және қол өнері өркендеген аймақ болып қала берді.

ХВЫЫ ғасырда және ХЫХ ғасырдың бірінші жартысында Шымкентті билеп алу мақсатында Қоқан және Бұхара хандықтары күрес жүргізді. 1810-1864 ж.ж. Шымкент Қоқан хандығының билігіне өтіп, хан өкілінің резиденциясы болды. Мұнда Қоқан әскерлерінің саны жағынан үлкен гарнизоны тұрақтап, қала негізінен әскери қамал ретінде пайдаланылды. 1864 жылы қала орыс әскерлерінің тіке шабуылымен алынды. Қазақстан мен Орта Азияның Ресейге қосылуы аяқталған соң, Шымкент Жаңақоқан бағытының құрамында болып, соңынан Түркістан Уезіның, ал 1867 жылдан Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Сырдария облысының уездік қаласы болды. Осы кезден бастап Шымкент Еуропалық Ресей мен Батыс Сібірді Орта Азиямен жалғайтын, маңызды транзиттік мекенге айналды. ХЫХ ғасырдың соңында қалада сауда-саттық дамыған: - 19 мануфактуралык, 70 ұсақ-түйек дүкені, 50 шайхана, 10 керуенсарай, 9 тамақ-тандыру орны, 27 ұн дүкені, ал ХХ ғасырдың басында - 3 май шайқататын, 5 тері илейтін, 15 кірпіш шығаратын, 26 диірмен, 4 мақта тазалайтын, ұсақ өнеркәсіп, 15 ұстахана және 15 сабын қайнататын өндіріс орындары бар үлкен өнеркәсіп қалаға айналды.

Қала экономикасының дамуында 1883 ж. ашылған дәрі-дәрмек өндіретін сантонин (кейінгі "Химфарм" АҚ химия-фармацевтикалық зауыты) зауыты маңызды рөл атқарып, оның өнімдері экспортқа шығарылатын. Шымкент сантониносының сапасы өте жоғары болды, сондықтан ол ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие болды. Оңтүстік Қазақстанның табиғи-климаты дермененің өсуіне қолайлы, ал дермене сантонино өндіріс жершарында өте сирек кездеседі. Сондықтан да Шымкенттің алғашқы және қазіргі таңбасында (герб) дермене бұтақшасы бейнеленген.

1914 жылы Қазақстанның Ресей империясына қосылуының 50 жылдығына орай қалаға орыс генералы Черняевтің есімі берілді, бірақ 1921 жылы қала Шымкент атауына қайта ие болды. ХХ ғасырда қала тарихының жаңа кезеңі басталды. Қала халқы елдегі үлкен өзгерістер нәтижесінде жаңа жетістіктерге жете бастады. Қалада жаңа өндіріс орындары салынып, оқу орындары мен ғылыми, мәдениет ошақтары ашылды. Қала келбеті жаңа тұрғын үйлер, гүлзар, көшелері, саябақтарымен ажарлана түсті. 30-шы жылдары Шымкентте қорғасын зауыты салынды. Бүл алып өндіріс орны КСРО-дағы өндірілетін қорғасынның 70%-н беріп отырды. Қалада май комбинаты, шұлық және айна фабрикалары іске қосылды. 1932 жылы ауылшаруашылық авиациясының базасы құрылып, бұл Шымкент әуежайының негізін қалады.

Ұлы Отан соғысы жылдары Шымкент қаласы КСРО-дағы маңызды қалалардың біріне айналды. Соғыс жүріп жатқан аймақтардан бұл жерге елдегі бірқатар өндіріс орындары, 17 зауыт пен фабрикалар көшіріліп әкелінді. Қала танктерге қажетті қосалқы бөлшектер, снарядтар, металл, қорғасын, оптикалық қүралдар және басқа да өнімдерді өндірді. Шымкентке өсімдіктер ғылыми-зерттеу институты және Харьковтегі авиация училищесі көшірілді. Ұлы Отан соғысы жылдары майдан даласында ондаған мың шымкенттіктер жаумен шай-қасып, 7 жерлесімізге Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Соғыстан кейінгі 50-80-інші жылдары экономика дами бастады. Қалада жаңадан ірі кәсіпорындар құрылды. Олардың ішінен мақта-қағаз комбинаты, қаракөл, цемент, гидролиз зауыттары, "Восход" тігін фабрикасы, металлқұрастыру және тұрғын үй құрылысына қажетті материалдарды өндіретін кәсіпорынды, "Электроаппарат" зауыты, ал, тамақ өнер-кәсібінен ет, сүт, сыра, салқындатылған сусындарды шығаратын кәсіпорындарды атауға болады. Химия өнеркәсібі жедел дамыды. Шымкентте фосфор, шина және мұнай өңдеу сияқты алып зауыттар салынып, Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбыры тартылды. Тұрғын үй салу қарқындап жүріп жатты. Жаңа мөлтекаудандар, көшелер, даңғылдар, саябақтар, скверлер пайда болды. Білім беру, медицина және мәдениет мекемелерінің саны өсіп, спорттық-сауықтыру кешендері салынды. Жаңадан салынған демалыс кешені құрамында дендробақ, зообақ, жасанды көл және ипподром бар.

Шымкент – инфрақұрылымы жақсы дамыған, Қазақстанның жетекші өнеркәсіп және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібін дамытып отырған 69 өнеркәсіптік кәсіпорын бар.

Мұнай, химия және фармацевтика өнеркәсібінде "Петро Казахстан Ойл Продактс" АҚ (мұнай өңдеу), "Интеркомшина" (шина өндеу), "Химфарм" (дәрі-дәрмек ендіру) сияқты ірі кәсіпорындар жұмыс істеуде. Ал, металлургияда "Южполиметалл" АҚ (қорғасын және т.б. өнімдер), машина жасауда "Карданвал" (автомобильдер мен тракторларға қажетті қосалқы бөлшектер өндіру), "Южмаш" (ұсталық пресс машиналарын, қосалқы белшектер және қүрал-жабдықтар өндіру), "Электроаппарат" (қуатты электр қосқыштары және т.б. өнімдерді өндіру) кәсіпорындары бар.

Жеңіл өнеркәсіпте алдыңғы қатардағы кәсіпорындарға – "Восход" фабрикасы (жүннен костюм, пальто, күртке тоқу), "Адал" (тоқыма өнеркәсібі), "Эластик" (шүлық тоқу) жатады. Құрылыс материалдарын өндіруде "Шымкентцемент" АҚ (цемент өндіру) және "Құрылыс материалдары" (құрылысқа қажетті кірпіштерді өндіру) және басқа да кәсіпорындар бар.

Тамақ өнеркәсібін өндіретін ірі кәсіпорындардың ішінен "Шымкентмай" және "Қайнар" (мақта шитінен, күнбағыстан зығыр, соядан тазартылған май шығаратын және т.б. өнімдер), "Шымкентпиво" (сыра ендіру), "Визит" (салқындатылған сусындар) акционерлік қоғамдарын атауға болады. Сонымен қатар, қала шаруашылығында өздерінің дамыған бизнесімен және сапалы өнімдерімен көзге түскен түрлі саладағы фирмалар жұмыс істеп келеді. Коммуналдық қызметжүйесі: қалалықжәне қала-аралық көліктер даму үстінде.

2002 жылдың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының жеке қаржысымен үй салу жағынан Астанадан кейінгі қатардан көрінді (республика көлемінде 17%). Тұрғын үй салумен қоса, жаңа кәсіпорындардың қүрылысын салу қарқынды түрде жүріп жатыр. Кейбір компаниялар жарамсыз қалған ескі ғимаратттардың орнына сәулетті де, сәнді тұрғын үйлерін салуда.

Қалада 2000 жылға дейін болған қонақтар Шымкенттің көркейіп келе жатқанына таңғалып, тамсанады. "Қала келбеті саябақтар, скверлер, демалыс орындары және сәнді ғимараттармен ажарланып келеді. Мұнда іссапармен келушілер бизнеске қатысты мәселелерді сәтті шешумен қатар, бос уақыттарын да қызықты өткізе алады" – деп жылы лебіздерін білдіреді.

[өңдеу]

Қаланың БАҚ-ы



«Оңтүстік Қазақстан» сондай-ақ, орыс және өзбек тілдерінде шығады Газет сайты

«Шымкент Келбеті» қалалық қоғамдық-саяси газет, Газеттің Шымкент бизнес-порталындағы мұрағаты

«Рабат» облыстық апталық қоғамдық газет, Газет сайты

«Замана» газеті Газет сайты

«Шара-Бара» апталық жарнама газетіГазет сайты

[өңдеу]


Өнер және мәдениет

Қалада жүзеге асырылып жатқан мәдениет саясаты Оңтүстік Қазақстанда жасайтын ұлттық мәдени-полиэтникалық қоғамдардың қалыптасқан мәдениетін, салт-дәстүрлерін, достықты, татуластықты жандандыруға бағытталған. Шымқалада қазақ, славян, өзбек, башқұрт, татар, неміс, еврей, корей, әзербайжан және басқа, барлығы 16 ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істеуде. Олардың белсене қатысуы және қолдауымен ұлттық саясат және тұрғындардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыру мәселелері оң шешімін тауып келеді.

2002 жылы Шымкентте «Ардагерлер аллеясы» қайта жандандырылды. Қалада 8 саябақ пен сквер жұмыс істейді. Олардың үшеуінің негізі ХЫХ ғ. ортасы мен ХХ ғ. басында қаланған. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония жемісті жұмыс істеуде. 3 мәдениет сарайының залдары ешқашан да бос болмайды. Үш кинотеатрда қазіргі заманның фильмдерін тамашалауға болады. Қангүй мемлекеті дәуірінің бірегей экспонаттары облыстық өлкетану мұражайында қойылған. Қалада 28 кітапхана бар.

Облыстың мәдени өміріндегі атаулы оқиға – 1967 жылы қазақ және орыс драмалық театрлары ғимаратының құрылысы. Ол жерлерде ҚазКСР халық әртістері Айша Абдуллина, Жұмабике Серікбаева жұмыс істеген. 60-80 жылдары ақын Омарбай Малқаров, халық ақындары Көпбай Омаров, Әселхан Қалыбекова, жазушылар Әбжапар Жылқышиев, Нәмет Сүлейменов, Уәлихан Сүлейменов, Ханбибі Есенқараева, Олег Постников, Юрий Кунгурцев, Мархабат Байғұт шығармашылық шарықтау кездері. Қазақ театрлық өнерінің негізін қалаушылар халық әртістері Хадиша Бөкеева, Ғайни Хайруллина, Құрманбек Жандарбеков, ақын әрі қоғамдық қайраткер Мұхтар Шаханов, композитор Шәмші Қалдаяқов, жазушылар Фёдор Чирва мен Жұмабек Еділбаев біздің жерлестеріміз.

Абай атындағы мәдениет және демалыс саябағы, аквабағы, техносаябағы, «Кең-баба» этнографиялық саябағы, «Німех Ланд» пен «Бамзик» ойын-сауық орталықтары балалар мен үлкендердің сүйікті демалыс орындарына айналған. Әрине, қаланың солтүстік бөлігін дендробақ, зообақ, ипподроммен байланыстыратын ұзындығы 6 шақырымдай балалар темір жолының алатын орны айрықша.

Қала аумағындағы көне қалашық пен қамалдарда археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, қала тарихы жөнінде кешен жасау қолға алынып отыр. Қалада көрнекті ғалым, мәдениет, спорт майталмандары мен халық батырларына ескерткіштер орнатылған. Облыс және қала өз жерлестерін мақтан тұтады. Мұнда тілтанушы, мүше-корреспондент М.Балақаев, геология ғылымдарының докторы П.Тәжібаева, түркітанушы, академик С.Кеңесбаев, филология ғылымдарының докторлары Қ.Бектаев пен А.Байтанаев, академик Т.Тәжібаев туылған.

[өңдеу]

Туризм және демалыс



Шымкент ежелден-ақ саяхатшылар мен ғалымдардың назарын өзіне аударған. Қала Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы болғандықтан, аумақтың түкпір-түкпіріне апаратын барлық туристік бағыттар заңды түрде осы жерден басталады. Қалада жиырма арнайы мамандандырылған фирмалар мен мекемелер туристік қызмет көрсетумен айналысуда.

Туристік бағыттар тарихи орындар мен экзотикалық аудандарға бару, аң-құс пен балық аулау, тау туризмі секілді салаларды қамтиды. Оңтүстік Қазақстан өңірінде калың жұртшылық зиянат жасайтын Ислам дінінің қасиетті орындары мен сәулеттік құрылыстары жеткілікті десек жаңылыспаймыз.

Өлкенің тарихи құндылықтары мен зиянат ету орындарына барудағы алғашқы қадам, екінші Мекке атанған-тарихи Түркістаннан басталады. Мұнда түркі халықтарының рухани астанасы, көне дәуірдегі өркениет орталыктарының бірі ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне енген, әлемге танымал тарих және мәдениет ескерткіштері мол қасиетті қалаға барып, әулие-әмбиелергетәуету мүмкіндігі жасалған. Шымкент шаһарының пайда болуына өзіндік үлесін қосқан көне Сайрам каласы Ұлы жібек жолының бойындағы басты сауда және қолөнер орталығы болған Отырар қалашығы. Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан-баб кесенелері мен басқа да құндылықтар туристер жүрегінде терең әсер қалдырады.

Тянь-Шань сілемдері мен Қызылқұм шөлінің арасында орналасқан Оңтүстік Қазақстанның бірегей аумақтық жағдайы бір күннің ішінде қар жамылған таудан қыздырылған құмға ойысуға мүмкіндік жасайды. Осыдан келіп бір облыстың өзінде сан алуан: заңғар таулық, далалық, қүмдық , және жартылай құмдық табиғи-климаттық аймақтарға бөлініп, онда аң-қүс пен өсімдіктің түр-түрін кездестіре аласыздар. Аумағы 100 мың шаршы шақырым жерден қар барысы, аю, дала түлкісі-қарсак, тау ешкісі мен шөлейттерде жасайтын жайран, тағылан, борсық, Гималай ұлары мен дуадақты кездестіру - әлемде сирек болатын жайт.

Осы аумақтағы табиғаттың қайталанбас інжу-маржандарының бірі - Орта Азиядағы байырғы қорық - Ақсу-Жабағылы болып табылады. Батыс Тянь-Шань сілемдерінде орналасқан оның теңіз деңгейінен биіктігі 1000 метрден 4280 метрге жетсе, көлемі 75043 гектарды алып жатыр. Қорықтың ландшафты әдемі, ауқымды әрі ғылым мен өнер үшін баға жетпес қүндылыққа ие. Мүнда көне дәуірге тән өсімдік пен жануарлардың көптеген түрі бастапқы қалпында сақталған. Қасқабүлақ тауының тас қатпарларына ата-бабаларымыз салып кеткен көне кескін, бейнелердің ғалымдар мен туристер үшін айрықша қызығушылық туғызатыны анық.

Аталмыш аумақтағы рекреациялық қорға бай экзотикалық орындар катарына Қаратау бөктеріне жақын жайғасқан Қызылкөл, табиғаты ғажайып «Бадам» шатқалындағы «Қырыққыз» туристік базасы мен Батыс Тянь-Шань сілемдеріндегі «Ақмешіт» және «Біркөлік» демалыс аймақтары, «Сайрам-су» шатқалындағы «Альтекс» спорт кешені, Машат өзеніндегі шатқал, Шардара су қоймасы, емдік минералдық бүлақ суы бар Сарыағаш ауданының шипажай аймағы және т.б. жатқызамыз.

Ойын-сауықтық, мәдени және боулинг орталықтары, бильярд клубтары, жоғары дәрежедегі қонақ үй сервистері, күн талабына сай дәмханалар мен мейрамханалар, ғажайып қалалық демалыс аймағы, туристер мен демалушыларға мінсіз қызмет көрсетуге әзір. Бұған көне де, мәңгі жас Шымқала түрғындарының ақкөңіл, ақ жарқын жүздері мен қонакқжайлылығын қосыңыз.

[өңдеу]


Спорт және денсаулық

Қаладағы 100-ге жуық спорт залдар, 7 стадион, 5 жүзу бассейні, 3 спорт кешені, жеңіл атлетикалық манеж көпшіліктің игілігіне қызмет көрсетуде. Бізден есімдері әлемге әйгілі талай чемпиондар шыққан. Келешекте 4 олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жас өспірімдердің мамандандырылған спорт-мектебі мен жекеменшік спорт секциялары, клубтары талай чемпиондарды дайындап, шығаратынына күмәніміз жоқ. Қалалық ипподромда балалардың ат спорт мектебі жұмыс істейді.

Шымкент қаласының тұрғыны бола отырып, атақты қазақстандық спортсмен, бірнеше дүркін Еуропа мен әлем чемпионы, гимнастшы Нелли Ким бес олимпиядалық медаль жеңіп алып, әлем спортының аңызына айналды.

Облыстық клиникалық аурухана



Шымкентте облыстық және қалалық бағыныстағы бірқатар ауруды алдын-алу мекемелері жұмыс істейді. 21 стационарлық аурухана мекемесі (15 аурухана мен 6 диспансер), 19 дербес ауруханалық-емханалық мекеме, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, жедел медициналық жәрдем стансасы тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Бұған Ана мен бала денсаулығын қалпына келтіру, салауатты өмір сүру, медицина және апат, қан қүю, диагностика және кардиология орталықтары, балалар үйі, «Қарлығаш» шипажайы, дезинфекциялык станса, басқа да мемлекеттік және жекеменшік медицина мекемелерін қосуға болады. Медицина Академиясы мен медициналық колледжде жоғары білікті оқытушылар, соның ішінде медицина саласына еңбегі сіңген денсаулық сақтау қызметкерлері істеп жүр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет