Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы



Дата08.02.2022
өлшемі0,85 Mb.
#124043
түріАнализ
Байланысты:
Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы

Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы

Жоспар:

1. Белгілердің тіркес тұқым қуалауы,

2. Толық тіркесу

3. Толымсыз тіркесу

4. Хромосоманың генетикалық картасы.

1. Белгілердің тіркес тұқым қуалауы

1902 жылы АҚШ ғалымы В.Сэттон және неміс биологы Т.Бовери гендер хромосомада орналасады деген идеяны алғаш рет болжады, осымен қатар Сэттон гендердің тіркесу құбылысы туралы да бірінші айтты. 1910 жылы Томас Морган бұл болжамның ғылыми дәлелін ұсынды. Ол кішкене сорғыш - қоңыр жеміс шыбыны - дрозофилаға тәжірибелер жүргізді.

Дрозофила - генетикалық зерттеулерде жиі қолданылатын және өте қолайлы объект, себебі:

Дрозофила - генетикалық зерттеулерде жиі қолданылатын және өте қолайлы объект, себебі:

  • аз уакыт ішінде ұрпақ береді. 8—10 күн
  • ұрпақтарының саны көп, 2-3 аналық, бір аталықтан 500— 600 ұрпақ шыбын алады
  • өзгерген түрлері көп
  • хромосома саны аз. 4 жұп — 8. Денесінің түсі сұр, қалыпты қанатты шыбынды денесінің түсі қара, жетілмеген қанатты аталырымен будандастырады.

2. Толық тіркесу

Т.Морган дигибридтік шағылыстыру жүргізді. Ол қанаты жетік сұр шыбын мен шала қанатты қара шыбынды будандастырғанда F1 -де барлық дрозофила жетік қанатты, сұр денелі болып шықты.

V-жетік қанатты, v-шала қанатты, В-денесінің түсі сұр, в-денесінің түсі қара. Алынған дигетерозиготалы 1-ші ұрпақты шала қанатты қара шыбынмен шағылыстырғанда Мендельге сәйкес төрт түрлі фенотиптің орнына (1 жетік қанатты сұр :1 жетік қанатты қара :1 шала қанатты сұр : 1 шала қанатты қара), шыбынның 2-ақ фенотипі алынды, яғни 50% жетік қанатты сұр және 50% шала қанатты қара шыбындар.

3. Толымсыз Тіркесу

Анализдік шағылыстыруға F1 аналық шыбын алынса, Fв негізінде толық тіркестегідей фенотиптің екі типі емес, төрт типі пайда болады. Бірақ бұлардың ажырауы Мендельдің 3-заңындай (1:1:1:1) емес. Дрозофила шыбындарының 41,5% шала қанатты қара, 41,5% жетік қанатты сұр, 8,5% жетік қанатты қара және 8,5% шала қанатты сұр болып шықты. Бұл арада біз бастапқы белгілердің тұқым қуалауы толық емес 83% (41,5+41,5) екенін көреміз.

4. Гендердің орналасуы. Хромосоманың генетикалық картасы

Генетикалық карталар - деп хромосомада болатын тіркес гендердің орналасу сызбанұсқасын айтады. Қазіргі кезде, әсіресе, генетикалық тұрғыдан толық зерттелген объектілердің, атап айтқанда, дрозофиланың, жүгері және қызан өсімдіктерінің, тышқанның, пішен таяқшасының, т.б. генетикалық карталары жасалған. Генетикалық карталар ұқсас хромосомалардың әр жұбы бойынша жеке-жеке жасалады.

Назарларыңызға Рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет