1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


-дәріс. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы



бет15/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78
Байланысты:
darister
Enzyme worksheet
5-дәріс. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы.

1. Белгілердің тіркес тұқым қуалауы,


2. Толық тіркесу
3. Толымсыз тіркесу
4. Гендердің орналасуы. Хромосоманың генетикалық картасы.
1. Белгілердің тіркес тұқым қуалауы
1902 жылы АҚШ ғалымы В.Сэттон және неміс биологы Т.Бовери гендер хромосомада орналасады деген идеяны алғаш рет болжады, осымен қатар Сэттон гендердің тіркесу құбылысы туралы да бірінші айтты. 1910 жылы Томас Морган бұл болжамның ғылыми дәлелін ұсынды. Ол кішкене сорғыш - қоңыр жеміс шыбыны - дрозофилаға тәжірибелер жүргізді.
Дрозофила - генетикалық зерттеулерде жиі қолданылатын және өте қолайлы объект, себебі бұл шыбынның генерация уақыты өте аз (әрбір 10-15 күнде жаңа ұрпақ береді), ал ұрпақтың саны көп, және шыбын лабораториялық жағдайда оңай өсіріледі. Бұдан басқа, оның кариотипінің 4-ақ жұп хромосомалардан тұруы да (2n=8) генетикалық зерттеулер үшін маңызды. Морган дрозофила шыбының қолданып, тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізін салды.
Көптеген зерттеулер гендердің хромосомалардан әлдеқайда көп екенін көрсетті. Хромосома келесі ұрпаққа біртұтас тұқым қуалайтын элемент ретінде беріледі. Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесіп тұқым қуалайды, әр түрлі гендер Мендельдің 3 заңындай, бір-бірінен тәуелсіз түрде тұқым қуалайды. Белгілердің тіркес тұқым қуалау құбылысын алғаш рет 1906 жылы ағылшын генетиктері В.Бэтсон мен Р.Пеннет хош иісті бұршаққа дигибридтік будандастыру жүргізу нәтижесінде ашты. Олар гүлі қан қызыл, тоңызы сопақ өсімдікті қызыл гүлді тоңазы домалақ өсімдікпен шағылыстырғанда F1 біркелкі болып шықты (гүлі - қан қызыл, тоңазы - сопақ). Ал F2 классикалық 9:3:3:1 арақатынастың орнына 11:1:1:3 арақатынасы алынды. Бұл Мендель заңдарына қайшы келді. Оның шешімін 1910-1915 жылдары Томас Морган және оның шәкірттері тапты.


2. Толық тіркесу
Т.Морган дигибридтік шағылыстыру жүргізді. Ол қанаты жетік сұр шыбын мен шала қанатты қара шыбынды будандастырғанда F1 -де барлық дрозофила жетік қанатты, сұр денелі болып шықты.
V-жетік қанатты, v-шала қанатты, В-денесінің түсі сұр, в-денесінің түсі қара. Алынған дигетерозиготалы 1-ші ұрпақты шала қанатты қара шыбынмен шағылыстырғанда Мендельге сәйкес төрт түрлі фенотиптің орнына (1 жетік қанатты сұр :1 жетік қанатты қара :1 шала қанатты сұр : 1 шала қанатты қара), шыбынның 2-ақ фенотипі алынды, яғни 50% жетік қанатты сұр және 50% шала қанатты қара шыбындар.
Демек, жетік қанаттылық пен сұр дене түсінің гендері бірігіп тұқым қуалайды, яғни дене түсі мен қанат формасын анықтайтын гендер бір жұп хромосомада орналасады, олар ұрпаққа тіркесіп беріледі деп тұжырымдауға болады. Сондықтан да, сперматогенез кезінде жұп хромосомалардың әрқайсысы жеке-жеке жыныс клеткаға ажырайтындықтан, дигетерозиготалы F1 гаметалардың 2 түрін ғана түзеді: біріншісі - VB және екіншісі - vв.
Сонымен кері шағылыстырудан алынған ұрпақтар бастапқы ата-аналар фенотипін толық (100%) қайталайды. Бұл толық тіркес құбылысы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет