5. Генетиканың практикалық маңызы Қазіргі кезде генетиканың жаңалықтары өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясында жүзеге асырылады. Соңғы уақыттарда бидайдың, арпаның 1 га 100ц бидай беретін сорттары шығарылды, күнбағыстың құрамында 55% майы бар сорттары шығарылды.
Селекциядағы будандастыру және сұрыптау жұмыстары жалпы және популяциялық генетиканың заңдарына сүйінеді. Популяциядағы организмдер генотипі алуан түрлі болса ғана сұрыптау нәтижелі болатынын, генотип пен фенотип сәйкес бола бермейтінін генетика дәлелдеді. Өсімдіктер селекциясындағы жеке дара сұрыптауда генетика таза линия, гомозиготалық пен гетерозиготалық, фенотип пен генотиптің сәйкес еместігі жайлы ұғымдарға негізделген. Белгілердің тәуелсіз тұқым қууы және еркін алмасып қосылуы (комбинация) будандастыруға теориялық негіз болады.
Түлі түсті қара күзен мен қаракөл қойларын өсіруде олардың бояуының тұқым қууына негізделген. Гендердің тәуелсіз тұқым қуу және әсер ету заңдары негізінде сапфир, інжу (жемчуг) түсті тағы сос сияқты табиғатта жоқ қара күзендер шығарылды.Алыс туыстарды будандастыру картоп, қызылша, темекі тағы басқа өсімдіктер селекциясында қолданылады. Экспериметтік полиплоидия әдісі арқылы да мәдени өсімдіктердің бағалы сорттары шығарылды. Қант қызылшасының, қарақұмықтың триплоид сорттары осы жолмен алынды. Өсімдіктердің цитоплазмалық тазалығы (стерильдігі) жайлы зерттеулер де генетиканың табысына жатады.
Организмдердің тұқым қуатын өзгерістерін тездету үшін, жаңа формалар алу үшін физикалық және химиялық мутагенез әдісі қолданылады. Мұндай жасанды мутагенез саласында микроорганизмдерге қатысты жұмыстар табысты болып отыр. Жасанды мутация әдісімен арпаның, бидайдың, күріштің, сұлының, бұршақтың жаңа сорттары алынды. Жүгері түсімін 30-40% арттыруға және шошқа мен тауық жақсартуға себеп болған басқарылатын гетерозис әдісі де генетика табыстарына негізделген. Генетика адамда тұқым қуу қасиеттерін зерттеуге, тұқым қуатын ауруларды алдын ала емдеуге себебін тигізді. Генетика тіршіліктің түбірлі қасиеті - тұқым қуу, хромосоманың аса күрделі қасиеттеріне байланысты екенін, ол қасиеттер ұзақ эволюция кезінде қалыптасқанын, ұрпаққа беріліп отыратынын дәлелдеді. Сөйтіп материяның химиялық табиғаты мен биологиялық тұрғысына байланысты екенін көрсетті.
Генетика инженерия әдістері биотехнологияда қолданылады. Генетика инженерия әдісімен адам интерферонын синтездей алатын ішек таяқшасы штаммы шығарылды. Слондай-ақ амин қышқылы, лизин, адамның өсуіне қажет гормон - самототропинді, целлюлозаны қантқа айналдыратын адамға қажет инсулинді (ұйқы безінің гормоны) синтездейтін бактериялар штамдары алынды. Соңғы кезде вакцина (жұқпалы аурулардан алдын ала сақтандыру үшін егілетін биопрепарат) және сары су (дәрі есебінде қолданылатын препарат) шығару үшін микробиологиялық синтездеу әдісі дамып келе жатыр.
Мал шаруашылығында генетика әдістері қолданылады:
1. Малдардың ауруларға қарсы тұқымдары мен линияларын шығаруда;
2. Малдардың ата-тегін білу керек жағдайда;
3. Бұқаларды цитогенетикалық аттестациялау жағдайында және т.б.
Келешекте мал тұқымдарының өнімдерін сандық және сапалық жағынан көбейту үшін генетика әдістері мына мәселелерді шешу үшін қолданылады:
1. Асыл тұқымды малдардың генотипін зерттеу, өте жақсы сапалы ұрпақ беретін организмдерді табу (тұқымдық мал алу - бұқа, қошқарлар, қабан, айғыр).
2. Мал тұқымдарының өнімін озық технология арқылы өндіру.
3. Зиянды тұқым қуалаушылық факторларының (гендерді) табын, тұқым және популяцияға таралуын зерттеу, соның нәтижесінде жұқпалы аурулардың, кемістіктердің популяция арасында таралуын бақылау.
4. Мал организдерінің онтогенездегі белгілердің, өнімдердің өсіп-өнуін зерттеу, өнімдердің мөлшерін алдын-ала болжау.