СөЖ №1 Тақырыбы: «Жылуэнергетикалық жүйе элементтерінің геометериялық моделін құру» Орындаған тэ-333 студенті: Курмансеитов А. С. Модельдеу



бет1/2
Дата29.12.2021
өлшемі16,62 Kb.
#106348
  1   2
Курмансеитов Алмат ТЭ333 СРС 1 ЧИС.ИСЛ

СӨЖ №1
Тақырыбы: «Жылуэнергетикалық жүйе элементтерінің геометериялық моделін құру»


Орындаған ТЭ-333 студенті: Курмансеитов А.С.

Модельдеу- зерттеу әдістерінің бір түрі болып табылады, яғни бір объектінің қасиеттерін, зерттеуге ыңғайлы және белгілі бір ұқсастыққа ие екінші объектінің қасиеттерін зерттеу, осы екінші объектіні модель деп атайды.

Модельдеу әдістері практикада адам тіршілігінің бүкіл саласында өз қызметтерін ұсынуда, оларға: ғылыми-техникалық есептеулер жүргізіде; әлеуметтік, экономикалық, медициналық, әскери мәселелерді шешу кезінде кеңінен қолданылатын әдіс болып табылады.

Геометриялық модельдеудің зерттеу бағытына қарамай, оның кезеңдерінен негізгі төрт кезеңді атап өтуге болады, яғги олар:



  1. Белгілі бір геометриялық есепті жүйеге енгізі;

  2. Есептің шешілуінің геометриялық алгоритмін жасақтау;

  3. Құрал-саймандар панелінің көмегімен алгоритмнің шешімін табу;

  4. Пайда болған шешімдерге анализ және интерпретацияны жүргізу.

Геометриялық модельдеудің кезеңдеріне оның шешілуінің негізгі екі

әдістерін атап өтуге болады. Соңғы жылдары геометриялық модельдеудің негізгі екі әдісін бөліп қарастырылуда олар- аналиткалық және геометриялық әдістер.

Жылу энергетикасын дамытудың қазіргі кезеңі екі үрдіспен сипатталады. Біріншісі-жану отынының түрлері, сапасы мен құны, қолданылатын салқындату жүйелерінің түрлері мен пайдалану режимдерінің кеңеюінен туындаған жылу энергетикалық қондырғылардың жұмыс істеу жағдайларының әртүрлілігін арттыру. Екіншісі-әр түрлі типтегі атом электр станцияларының дамуымен, бу турбиналық, газ турбиналық және бу-газ қондырғыларының жоғары механикалық модификацияларын құрумен байланысты жылу электр станциялары қолданылатын және дамытылатын типтер мен модификациялардың санын көбейту.

Бұл үрдістер параметрлердің оңтайлы мәндерін, технологиялық схеманың ұтымды түрін және әртүрлі типтегі энергия қондырғыларының жабдықтарының профильдерін анықтау бойынша техникалық-экономикалық зерттеулердің маңыздылығының артуына әкеледі. Қазіргі уақытта мұндай мәселелерді шешу компьютерлік технологиялар мен модельдеу әдістерін кеңінен қолданбай мүмкін емес.

Жылу энергетикасы саласындағы маман ақпараттық технологиялар саласында жеткілікті дайындыққа ие болуы тиіс - жалпыға ортақ пайдаланылатын бағдарламалық құралдарды пайдалану: Microsoft Office, CorelDraw, Adobe Photoshop және т.б., мамандандырылған бағдарламалық құралдар: AutoCAD, MathCAD, Mathlab, желіде, электрондық поштамен, Интернетте жұмыс істей білу, жоғары деңгейдегі тілдерді білу, кәсіби міндеттерді шешу үшін алгоритмдер мен бағдарламалар құру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет