КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономикаға өту өндіріс құрылымын өзгертуді, монополия мен бәсекелестіктің дамуын талап етеді. Бұл әлемдік тәжірибеде көрсетілгендей, меншіктің түрлі формасына негізделетін кәсіпкерліксіз мүмкін емес. Қазір кәсіпкерлік өндірісті, нарықты және қоғамды дамытып, еліміз кәсіпкерлік арқылы көркейіп, ал кәсіпкерлер мемлекет көмегімен дамуда. Сонымен қатар «кәсіпкерлік тәуекел» түсінігі 17 ғ. дами бастады, яғни кәсіпкер деп, мемлекетпен өнімді жеткізу немесе нақты жұмысты орындау жөнінде келісімге отырған адамдар таныла бастаған. Келісім құны алдын-ала шешіліп қойылғандықтан, пайда немесе шығын мөлшері кәсіпкердің бағына байланысты болды. Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкер түсінігі алғаш рет Парижде 1723 ж. басып шығарылған жалпы сөздікте пайда болды, мұнда кәсіпкер деп өндірістік және құрылыстық объектілердің міндеттерін өз мойнына алатын адамды түсінген. Ғылыми түсінік ретінде кәсіпкер ұғымы 18ғ. басында ағылшын экономисті Ричард Кантильон еңбектерінде пайда болған. Ол кәсіпкерлік концепсиясын жасап шығарып, кәсіпкер - деп тәуекел жағдайында қызмет ететін адамды айтқан, ал қолөнершілер, саудагерлер фермерлер тауарды нақты бағамен сатып алып, белгісіз бағамен сататындарды айтқан. К.Бордо французы Р.Кантильоннан да әрірек барды, ол, кәсіпкер нақты интеллектілі адам, яғни білімді және түрлі ақпаратты иемденген адамды айтқан. Басқа француз экономисті Ж.Ж. Тюрго кәсіпкердің тек нақты ақпараты ғана емес, капиталы да болуы керек деп санаған. Ол капиталды экономиканың негізі, ал пайда өндірістің дамуының негізі және кәсіпкердің мақсаты деп түсінген.
А.Маршалл және оның өкілдері кәсіпкердің ұйымдастырушылық функциясына көп көңіл бөлген және әрбір қалаушы кәсіпкерлік қабілетті анықтай отырып кәсіпкер бола алады деп санаған.
Қазақстандағы кәсіпкерлік жағдай кейбір қиындықты жағдайда болса да, оның қызметі бары анық. Ол заңмен қорғалады және даму үстінде. Бұл таңдалған тақырыптың өзектілігін анықтайды, себебі нарықтық экономика кәсіпкерліксіз болмайды. Ол әлі бізде бастапқы даму жағдайында болса да, бизнес қоғамдық өндірістің маңызды саласы болатынына күмән жоқ. Бизнеске қызығушылық табиғи нәрсе. Біздің көз алдымызда қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып, өз жеке ісін ашуға тырысатын адамдар пайда болуда, олар жаңа шарттарға бейімделмей, оларды орындайды, өзін еңбек әрекетінде еркін сезінеді. Бұған қоғам мен шаруашылық әрекеттің демократиялануы себеп.
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев кәсіпкерлікке барынша көңіл бөлуде. Оның «Шағын кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралары туралы» Жарлығы осы мәселеге арналған. Мемлекет басшысы, құқықтық және қаржы-материалдық базаны одан әрі жетілдіріп, жер-жерде азаматтарды шағын бизнеске тарту үшін қолайлы жағдай жасалуына жоғары талап қойып, бұл мәселені ұлттық экономиканың стратегиялық аса маңызды секторы ретінде қарастырып отыр [1].
Әр ұлт өздерінің кәсіпкерлерін мақтан тұтынады. Кәсіпкерлік қоғамдық қатынастардың қалыптасуының нақты формасы бола отырып, қоғамның материалдық, рухани потенциялын дамытып, әрбір индивидтің қабілеті мен талантын орындауға мүмкіндік береді, ұлттың бірігуіне, сенімін және мақтанышын сақтайды.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік әрекетті дамыту шаралары жасалуда, меншікті жекешелендіру бойынша көп жұмыс жасалды, осының арқасында кәсіпкерліктің дамуының экономикалық негізі құрылуда. Қазақстан Республикасында сонымен қатар кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде біраз шаралар жасалды [2].
Кәсіпкерлік әрекеттің мақсаты-пайда әкелетін және сұранысқа ие болатын жаңа тауарды нарыққа ұсыну. Пайда- бұл тұрақты кәсіпкерлік процесті жүргізу кезіндегі негізгі мақсат. Алайда пайда табу тек кәсіпкерлік әрекетке емес, іскерлік белсенділіктің басқа да түрлеріне тән. Кәсіпкерлік табыс пен мақсат қосымша табысты, яғни кәсіпкердің өндіріс факторларын тиімді пайдалана алу қабілетін, тиімді басқару және іс жүргізу қабілетін қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |