«Табысты мектептің болашағы айқын » Мектеп басшысы ретінде тәрбиені оқушыдан емес, мұғалімнен бастасам іс түзеледі, мақсат айқындалады-деген мақсатта «Табысты мектепке жетудің 5 қадамы»



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі26,6 Kb.
#96642
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Алимова А.Е


Алимова Айткуль Едресовна
Қостанай облысы, Қостанай ауданы
КММ «Мемлекеттік тілде оқытатын
Заречный орта мектебі» директоры,
Заречный ауылы.


«Табысты мектептің болашағы айқын...»
Мектеп басшысы ретінде тәрбиені оқушыдан емес, мұғалімнен бастасам іс түзеледі, мақсат айқындалады-деген мақсатта «Табысты мектепке жетудің
5 қадамы» тақырыбында сіздердің назарларыңызға ауыл мектебінің өмір тынысын таныстыруға рұқсат етіңіздер!
Қостанай облысы,Қостанай ауданы Заречный ауылындағы «Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»КММ 2011 жылы қыркүйек айында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев лентасын кесіп ашқан мектеп болатын. Мектеп қуаттылығы 300 орын. Алғашқы жылы 192 бала және 21 мұғалім қамтылса, қазіргі таңда 554 бала оқып-тәрбиеленіп, 59 мұғалім қызмет жасауда. Мектеп жаратылыстану – математика бағытында жұмыс жасайды. «Балапан» бағдарламасымен екі шағын орталық ұзартылған күн тобымен 60 бала тәрбиеленуде .
«Табысты мектеп» моделін қалыптастырудың бірінші қадамы Жағдай. Жағдайдың екі түрі болады. Материалдық жағдай және рухани жағдай. Осы екі жағдай қабат орын алғанда ғана жетістікке жету қиын болмайды.
Мектепте жағдай болмаса мұғалім жадырап жұмыс істей алмайды, бала терең білім ала алмайды, сондықтан ең бірінші жағдай болу керек. Біздегі ауыл мектебінде барлық материалдық жағдай жасалған.(кабинеттер көрсету.-компьютер,АКТ залы, шеберхана, медкабинет, оқу кабинеттері, шағын орта, спорт зал, даладағы барлық алаңдар, асхана, кітапхана, )


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет