Үшінші қадам -Жаңаша оқыту. Жақсы ұстаздың аяқ басқанының өзі оқы, оқы деп дыбыс бергендей, - деп мектебімізде барлық мұғалімдеріміз жаңаша жұмыс атқаруға бейімделген.
Мектебімізде жоғары және бірінші санатты ұстаздар саны 46 % құрайды, ол педагогикалық қызметкерлердің сапалы оқу үрдісін ұйымдастыру үшін кәсіби тәжірибесінің жеткілікті деңгейде екенін көрсетеді.
Педагогикалық қызметкерлердің жасы 21 жастан 58 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, ал орташа жасы -35.
Оқытуда Қазақстан мұғалімдері үшін білікті арттырудың тиімді көзіне айналып отырған, өзгеріс жасауға мықты әсері бар деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілік көтеру курстарынан өткендер: 2013-2017 оқу жылдары аралығында 17 мұғалім. Қазіргі таңда сертификатталған мұғалімдер саны 29 % -ы құрап мектеп жұмысын сындарлы оқыту идеясына сай оқыту нақты басталды. Көшбасшы және коуч мұғалімдердің желілік сессиясы, коучинг, ресми және биресми отырысытары нәтижесінде мектептің 80 %- дан астам мұғалімі 7 модульді ықпалдастыра сабақ өткізуді дағдыға айналдырды. Қостанай ауданының 10 мектебіне трек мектебі болып жұмыс жасап жатырмыз.
5-жылда жеткен жетістіктеріміз айтарлықтай баршылық. Білім сапасы 2016 – 2017 оқу жылы бойынша – 57%-ды құрады. Осы оқу жылында 3 оқушы үздік негізгі орта білім аттестатын және 1 оқушы «Алтын белгі» аттестатына иегері болды. Мектепті аяқтаған 17 түлектің 12 –сі жоғары оқу орнына грантқа оқуға түскендігін мақтан етеміз..
Келешектің мектебі бүгінгі мектептің іргетасынан тұрады, ендеше жаңа педагогикалық кадрлар да бұрынғы кадрлардың жетекшілігімен қалыптасқанын ұмытуға болмайды, «ескісіз жаңа жоқ» деген рас. Озық тәжірибелі, ұлағатты ұстаздардың да көп көмегі бар. Менторлық, тәлімгерлік жұмыстар да өз деңгейінде жүріп жатыр.
Мұғалім неғұрлым көп оқып, көп ізденіп, білімін үздіксіз көтеру жолында болса, ондай мұғалім мектепте шығармашылық жұмыс істейтіні ақиқат. Білімді, зиялы, өркениетті, ісіне шын берілген мұғалімдерді әр кез көтермелеп, демеп, дер кезінде тиісті бағасын беріп, айтып отырамыз, сонда мұғалімнің өзіне сенімі артып, еңбегі алға баса береді. Жақсы ұстазға мектеп демалыс орны сияқты.