Екінші қадам - Ұжым -Команда.. бірінші қадамда айтылғандай жағдай болған кезде ынтымағы қалыптасқан ұжым қалыптасады.Сондықтан ұжым болып бір команда құрып, тұтаса бірлесіп жұмыс жасау жетістіке жетудің басты қадамы деп білеміз.Мектебіміздің бірінші командасы : Әкімшілік -Кәсіподақ – Мұғалім. Әкімшілік пен бастапқы кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек кепілдерін қамтамасыз ету, тиімді жағдай жасау мақсатында «Ұжымдық шарт» жасалып ынтымықтаса бірлесіп жұмыс атқарудамыз.
«Барлық ұстаздар міндеттерін өз құқығындай жақсы білсе, жұмыста ең биік жетістіктерге қол жеткізеді» - деген ұранмен ұжымдағы әрбір мұғалімді өз міндетін жақсы білуіне, мектепке шын мәнінде жаны ашып қызмет жасауға тәрбиелеуге тырысамыз. Адамды мақтап қою қажет-ақ, ол өзін-өзі құрметтеу сезімін тудырады, мадақтау шығармашылық күш-қуатын дамытып, сезімін арттырады. Ұжымымызда барлық мұғалімдердің жеке қуаныштары туған күндері, балаларының тойларын үнемі бөлісіп құттықтау, мадақтама грамота, көтерме сыйлықтар беру және еңбек демалыстарына демалыс күндер қосып беру дағдыға айналған.т.б . Сондықтан да мұғалімдер мен барлық қызметкерлеріміз өздерін жақсы жақтарынан көрсетуге тырысады.
Мектептегі екінші команда Ұстаз-Оқушы-Ата ана. Әкімшілік, ұстаз, шәкірт, ата-ана барлығының жүректерінің дүбірі бір болмаса, олар бірін бірі түсінеді дей алмаймын. Тәрбиенің көзі де, сусар бұлағы да әке-шешеден басталады. Сондықтан мектептің ең басты мақсатының бірі ата-ананың бала тәрбиесіндегі психологиялық- педогогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру, отбасылық өмірдің рухани – адамгершілік негіздерін айта отырып мектеп өміріндегі баласының өмір тынысымен үнемі тыныстап отыру жолға қойылған. Сондықтан мектебімізде ата –аналар оқытудағы өзгерістердің болып жатқанынан әрдайым хабардар болып, өздерінің оң көзқарастарын білдіріп отырады. Ата-аналар балаларының жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді және балалары үшін қолжетімді экономикалық және әлеуметтік ресурстарды жасап отырады. Сол себепті мектеп оқушыларының ата-аналарының пікірлері де ескерусіз қалмайды. Сонымен қатар сынып жетекшілері және әлеуметтік педагогтың ұйымдастыруымен ата-аналардың пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болуы әдетке айналған мәселелердің бірі болып отыр. Әрдайым ата-аналар оқу үдерісіне қажет деңгейде тартылып пікірлерін әрқашан ескеріп отырамыз. Түрлі іс-шараларға біздің ата-аналарымыз балаларымен бірге атсалысып отырады.