Щучинск қаласы
№6 орта мектеп
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ
«Менің арманым»
4 "А" сынып
Бекова Назира Нұрышқызы
2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Менің арманым
Мақсаты :оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету.
Міндеттері:
-Арман ұғымы туралы түсінік беру.
-Балалардың ойын,қиялын дамыту.
-Жақсылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:Теңіз,балық,дельфин,сызбa «күн шұғыласы».
Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру мақсатында,үй тапсырмасын сұрау.
“Біздің сынып’’тақырыбында құрастырып келген әңгімелерін тыңдау
Тыныштық сәті.
-Біз бүгін сыныптас достарымызбен Каспий теңізіне саяхатқа шығамыз.Бүгін өтетін тақырыбымыз"Менің арманым".Мөлдіреген көк теңіздің жағасында,өзіміздің сыныптастарымызбен арман туралы ой қозғайық.
Әуелі көңіл күйімізді көтеріп, бір - бірімізге жылулық танытайық..
-Армысың ба,сыныптастар!
-Армысың ба, кәрі Каспий!
-Күннің шыққаны жақсы ма?(күнді бейнелеп құшағын айқара ашу)
-Теңіздің толқығаны жақсы ма?(толқиды)
-Достарыңмен бірге жүрген жақсы ма?(адымдайды).Іштей сыныптастарымыз туралы армандап көрейік.
Теңіз жағасы.Таза ауа.Ақ мамық бұлттар қалықтап барады.
Ой қозғау
Теңізде не істей білу керек?-жүзе білу
-Теңізде немен жүзеді?-қайықпен
Қайыққа міну үшін достарымызға тілек айтамыз.
-Балалар енді бір-біріңнің армандарыңыз орындалуына тілектестік білдіріңдер.
-Алмаз Елжасқа қандай тілек тілейсің?
-Досым,Елжас,арманымның орындалуына шын жүректен тілектеспін!
Фархат:Елжасқа: қанатың талмасын!
(балалар бір-біріне тілек айтады,айтқан бала қуана қайыққа мінеді,тербеледі)
Оқулықпен жұмыс
"Бала арманы"өлеңін оқушылар оқиды.(оқулықта берілген 30бет)
Ұлы Абайдай кең жүрек
Ақын болғым келеді
Бауыржандай ер жүрек
Батыр болғым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |