Математика және өмір
Акибаева Лаззат Акановна
Құйған орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы,Құйған ауылы
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру
дамытушылық: белсенділігін дамыту,ой-өрісін кеңейтуге дағдыландыру, математикалық сұрақтарға жауап беру, қарым-қатынасты дамыту;
тәрбиелік: тез ойлай білуге, шапшаңдыққа, өз бетімен жұмыс жасауға, көпшілік алдында өз ойын еркін айта білуге тәрбиелеу;
Сабақтың жоспары:
1 - қадам «Есте сақтайық»
2– қадам «Математикалық термин құрастыру»
3 – «Кім тапқыр? » Математикалық сөзжұмбақ
4-қадам – «Тарихи зал»
5-қадам – «Оқу залы»
6-қадам – «Кім жылдам ?»
7-қадам– Жеңімпазды анықтау
Сабақтың жүрісі:
1-қадам. «Есте сақтайық»
Оқушыларға 15 түрлі зат көрсетіледі. Оқушылар ол заттарға 1 минут қарайды. Содан соң жауып қоямын. Оқушылар қандай зат көргенін параққа жаза бастайды. Осы он бес затты дұрыс тапқан оқушы екінші айналымға өтеді. Қалған оқушылар көрермен болып қалады.
2-қадам. «Математикалық термин құрастыру» :
Слайдта сөздер жазылады. Оқушылар осы сөздерден математикалық термин құрастырады. Сөздерді дұрыс құрастырған оқушылар келесі айналымға өтеді.
Ге-нс-тан (тангенс)
Мет-диа-тр (диаметр)
Аки-тем-фира (арифметика)
Нал-ди-ого (диогонал)
Сия-грес-про (прогрессия)
Тр-пла-ия-ни-ме(планиметрия)
Ма-ак-сио(аксиома)
Ти-ма-ка-ма-те(математика)
3-қадам. «Кім тапқыр? » Математикалық сөзжұмбақ:
Оқушылар математикалық сөзжұмбақтар шешеді.
1.Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара кәнеки ойлан тап.
Жыл, ай, тәулік, күн мен түн
2.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында Сызғыш
3.Атадан он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз
Цифр
4.Мені көрде - жерді көр,
Қозғалыстың көкесі.
Айналыстан туады,
Планеталар бір-бірін,
Шыр айнала қуады. Шеңбер
5. Алды –артымыз шексізде
Жете алмайсыз біздерге
Сәуле менен кесінді шыққан тегін білесің бе? (түзу)
6.Бір кемпір: Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер
Өзің іш те маған бер деген екен. Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»-деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры қанша? (10 адам, 5 ұры)
7. Нәрселерді санағанда
Керек бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағына қарамай (натурал)
8.Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін білсең санап қой. (17)
4-қадам. «Тарихи залға»еніп, сұрақтарға жауап береді.
¨ Алғашқы қазақша алгебра оқулығын жазған кім? Қ. Сатпаев
¨ “Трапеция” сөзін ежелгі гректер қалай атаған? үстел
¨ Қандай гүл математик әйелдің құрметіне аталған? Гортензия
1723-1788 жылы өмір сүрген француз математигі Гортензин Лекот құрметіне аталған. Ол бұл гүлді Индиядан әкелген
..Ондық бөлшекті алғаш рет ашқан XV ғасырда өмір сүрген өзбек математигі кім? Әл-Каши
..Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика-деген кімнің сөзі?
Ломоносов
.. Отырардан шыққан, ұлы ойшыл, данышпан ғалым математик кім?
Әл-Фараби
---Әділ қазылар келесі қадамға өткен оқушыларды анықтағанша
музыкалық үзіліс жасалынады.
5-қадам: «Оқу залы». Түрлі тақырыпта ребустар беріледі.
6-қадам: «Кім жылдам?» деп аталады. Оқушылар 1 минут ішінде неше сұраққа дұрыс жауап беретіндігін байқаймыз.
1.Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем теорема
Достарыңызбен бөлісу: |