Сабақтың тақырыбы: «Жас математик»



Дата27.11.2019
өлшемі54,99 Kb.
#52477
түріСабақ
Байланысты:
сыныптан тыс шара

Сабақтың тақырыбы: «Жас математик» (5-9 сыныптар)

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін пысықтау, топ үшін жауапкершіліктерін нығайту.

Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,

танымдық белсенділіктерін арттыру



Тәрбиелілігі: Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа,

зеректікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Математикалық сайыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Бәйге

ІІІ. Полиглот

IV. Ғажайып үштік

V. Көкпар

VI. Жорға

VII. Қорытынды.

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі 5-9 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Жас математик» сайысына қош келдіңіздер.



І-жүргізуші:

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен, қаталдансың.

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе ортаға «Жас математик» ойынын бастаймыз.

Ойыншыларды іріктеу. 1-сұрақ:Геометрия сөзі грек тілінен аударғанда қандай ұғымды білдіреді?(жер өлшеу)



2-сұрақ:Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан?(«Әл-жебр»деген араб сөзінен шыққан)
3-сұрақ: Математик, дәрігер, ақын музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім? (Әль-Фараби)
4-сұрақ:Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар? (12 қыры, 6 жағы бар)
5-сұрақ: П-дің мәні нешеге тең?(3, 14-ке тең)
6-сұрақ: «Миллион» деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы? (Ы. Алтынсарин)
7-сұрақ: Пифагор теоремасын айтыңыз? (Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты оның катеттерінің квадраттарының қосындысына тең)
8-сұрақ: Планиметрия нені зерттейді? (жазықтықта геометриялық фигуралардың қасиеттерін зертейді)
9-сұрақ: Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем? (Теорема)
10-сұрақ: Пропорция деген не? (Екі тең қатынас)
11-сұрақ: Пайыз деген не? (санның 1/100 бөлігі)
12-сұрақ: 2,56 *100 (256)
13-сұрақ: π саны рационал, әлде иррационал сан? (иррационал)
14-сұрақ: 50-ді 0, 5-ке бөліңдер (100)
15-сұрақ: 25 нешеге тең? (32)
16-сұрақ: у=х3 функциясының графигі қалай аталады? (гипербола)
17-сұрақ: у=х2 функциясының графигі қалай аталады? (парабола)
18-сұрақ: │х│=4 теңдеуінің түбірлері? (-4, 4)
19-сұрақ: Бір жазықтықта жататын және қиылыспайтын түзулер? (параллель түзулер)
20-сұрақ: sin2α+cos2α- нешеге тең? (1-ге тең)

І тур «Бәйге» Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы бірінші қол көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.



Сұрақтар:

  1. Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (жер өлшеу)

  2. Геометрияның негізгі ұғымы? (нүкте,түзу,жазықтық)

  3. π-дің мәні неге тең? (3,14-ке)

4) Анықтыма дегеніміз не? (Ескі ұғымдар арқылы жаңа ұғым алу)

5) Бұрыш дегеніміз не? (Бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген жазықтық бөлігі)

6) Шеңбердің ең үлкен хордасы. (диаметр)

7) Бұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?

(Бұрыштың төбесінен шығып, оны қақ бөлетін сәуле)

8) Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)

9) 2 ғасырда неше жыл бар? (200)

10) Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын геметриялық фигура

(бұрыш)

11) Кез – келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады? (түзу)



12) Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4)

13) Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ? (параллель)

14) Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)

15) Кез-келген санға қалдықсыз бөлінеді? (1)

жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер – дей келе, «Полиглот» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақ, мақал – мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға, ағылшынға аударыңыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.

ІІ. «Полиглот»

1) Алтау ала болса ауыздағы кетеді, .... түгел болса төбедегі келеді (төрт)

2) Қабат – қабат қаптама,

Ақылың болса, аттама.

(кітап, книга, book)

3)Бір тал кессең, ... тал ек (он)

4)Қызға .... үйден тыю (40)

5)....рет өлшеп, бір рет кес (7)

6).... саусақ бірдей емес (5)

7) Білгенің бір ... , білмегенің тоқсан тоғыз (тоғыз)

8) ... жақсы қас болмас, .. жаман дос болмас (екі)

жүргізуші:

«Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,

Есеп – қисап, сан-цифр термек үшін.

Көрсетіп есептердің жолын қалай,

Келдім оларды айтып бермек үшін» - деп, ойынымыздың «Ғажайып үштік» деп аталатын ІІІ бөлімін бастаймыз.

ІІІ. «Ғажайып үштік»

Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдайды. Дұрыс жауап берсе сол ұпай қосылады. Әр есепке бір минут беріледі. Ұпай аз 3 оқушы ойыннан шығады.


20

20

20


30

30

30

40

40

40

20 – ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар:

1) Фигуралардың қасиеттерін зерттейтін ғылым? (геометрия)

2) Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кесте, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут)

3) Негізгі ұғымдар дегеніміз не?

30 – ұпайлық сұрақты таңдаған оқушыларға берілетін сұрақтар.

1) Немересі атасынан: «Жасың нешеде?» деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді депті. Атасының жасы нешеде? (66-да)

2) Аристотель еңбегін зерттеген, «Шығыс Аристотельі немесе екінші ұстаз» атанған 870-950 ж. ж өмір сүрген ғалым. (Әль-Фараби)

3) 4 қасқыр 4 қойды 4 сағатта жейді. Ал 10 қасқыр , 10 қойды неше сағатта жейді? (4сағ)


40-ұпайлық сұрақтар

  1. . Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне екі шақырым алға жүріп, кешке бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екінші қыстаққа неше күнде жетеді? (9 күнде)
    2. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)

3.«Математика ғылымдардың патшасы, ал арифметика математика патшасы» сөзінің авторы кім?(Гаусс)

IV .«Көкпар» бөлімін басталақ. Бұл бөлімде 4 тақырып беріледі. Әрбір оқушы көрсетілген ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол ұпай қосылады.

Логикалық есептер

1) Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан 2 есе артық болады. Ол қанша жаста? (үште)

2) Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км. жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15 км/сағ)

3) 5 адам кездесіп қалып бір – бірімен қол алысып амандасты. Барлығы қол алысу саны қанша? (10)

4) Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағ. 20 минут ұшады, ал кері 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

5) Алты метрлік бөренені 5 рет кесіп, тең бөліктерге бөлген, әр бөліктің ұзындығы қандай? (1 метр)



Ғалымдар

  1. «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика» кімнің сөзі?

(М.В.Ломоносов)

2) Математик, дәрігер, ақын музыкант, екінші Аристотель атанған

шығыстың ғұламасы кім? (Әл-Фараби)

3) «Математика – ғылымдардың патшасы, ал арифметика – математика патшасы» Бұл сөздің авторы кім? (К.Гаусс)

4) Кім алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығарған жоқ. (К.Сатпаев)

5) «Математик болу үшін ақынжанды болу керек» - бұл кімнің сөзі

(С. Ковалевская)

Геометрия

1) Шаршының неше симметрия осі бар? (4)

2) Екі түзу қиылысқандапайда болған бұрыштардың біреуі 1300. Қалған бұрыштарды табыңдар. (500, 500, 1300)

3) Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны бүйір қабырғаларынын үш есе қысқа. Үшбұрыштың периметрі 21 см. Қабырғаларын тап.

(3см, 9 см, 9 см.)

4) Е нүктесі ВС кесіндісінде жатыр, ВС-ның ұзындығы 12 см, ВЕ кесіндісі ЕС кесіндісінен 6 см қысқа болса, ВЕ, ЕС кесінділерінің ұзындықтарын тап.



(ВЕ-3 см, ЕС-9 см)

«Сыр сандық құпиясы» - жұмбақ шешу.

  1. Атадан 10 боламыз,

  2. Бір-бір жастан арамыз.

  3. Қосылып кейде басымыз,

  4. Азайып кейде қаламыз.

  5. Бөлініп кейде арамыз,

  6. Көбейіп те аламыз.(цифрлар)

  7. Бүтін, бөлшек бөліктерден

  8. Үтір айырып тұрады,

  9. Осы санның кім біледі

  10. Аты қандай болады? (ондық бөлшектер)

  11. Түзудің бір бөлігі

  12. Екі шеткі нүкте көрігі

  13. Ұзындығы және бар

  14. Айтшы сыйлық сенікі (кесінді)

  15. Нәрселерді санағанда

  16. Керек ол бізге ауадай

  17. Айтыңдаршы бұл қандай сан

  18. Жаң-жағына қарамай? (натурал сандар)

  19. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,

  20. Құралған фигура бар қарапайым.

  21. Салу үшін сен оны сызғыш ізде,

  22. Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. (түзу)

  23. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді

  24. Көңілге армандаған қана бермейді.

  25. Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,

  26. Қандай сан бар, достарым, пікір демейді (жай бөлшектер)

  1. жүргізуші:

  2. Жарыс заңы ежелден,

  3. Жеңімпазды анықтау.

  4. Жеңімпаз болу шарты сол,

  5. Еңбектену жалықпау – дей отырып, ойынымыздың «Жорға» V бөлімінде әрбір ойыншыға жеке – жеке сұрақтар қойылады, жылдам тез жауап беруі қажет.

  6. 1-оқушыға сұрақ

  7. 1) Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі)

  8. 2) Заттарды санау үшін қолданылатын сандар (натурал сандар)

  9. 3) 1-ге және өзіне бөлінетін сандар (жай сан)

  10. 4) Үлкен хорда (диаметр)

  11. 5) Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (1800)

  12. 6) Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі (кесінді)

  13. 7) Дөңгелектің радиусы 5 см, диаметрі неге тең? (10 см)

  14. 8) Геометрияның кеңістікті зерттейтін бөлімі (стереометрия)

  15. 9) Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем (теорема)

  16. 10) 56 санына қарама-қарсы сан? (-56)

  17. 11) y=x3 функциясының графигі (куб парабола)

  18. 12) Жазыңқы бұрыштың шамасы (1800)

  19. 13) Ең кіші жай сан (2)

  20. 14)Жұп сандар қандай цифрлармен аяқталады (0,2,4,6,8,)

  21. 15) ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)

  22. 2-оқушыға сұрақ.

  23. 1) Барлық қабырғалары тең үшбұрыш (тең қабырғалы)

  24. 2) Қиылыспайтын екі түзу (параллель)

  25. 3) Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)

  26. 4) Алымы бөлімінен үлкен бөлшек не деп аталады? (бұрыс бөлшек)

  27. 5) Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)

  28. 6) Тең қабырғалы үшбұрыштың бұрыштары неге тең? (60)

  29. 7) Бір нүктеден шыққан түзу (сәуле)

  30. 8) Дөңгелектің диаметрі 10 см, радиусы неге тең? (5 см)

  31. 9) Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем. (аксиома)

  32. 10) Бұрышты өлшейтін құрал? (Транспортир)

  33. 11) y=x2 функциясының графигі (парабола)

  34. 12) Тік бұрыш неше градусқа тең? (90)

  35. 13) Ең кіші натурал сан (1)

  36. 14) Тақ сан қандай цифрлармен аяқталады? (1,3,5,7,9)

  37. 15) ОУ осі қалай аталады? (ордината)

  38. Қорытынды.

  39. 1-жүргізуші:

  40. Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты,

  41. Ақыл – ойлар әлемді арбап алды.

  42. Математика ғылымдар патшасы атты,

  43. Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты

  44. Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,

  45. Омар Хайям, Әл-Фараби жолын қуса,

  46. Елімнің болашағы гүлденеді

  47. Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

  48. Осымен «Жас математик» атты сайысымызды аяқтаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар.





















































  49. Қанай мектеп –балабақша кешені

























  50. Сыныптан тыс шара



  51. Тақырыбы: «Жас математик»

































  52. Өткізген: Шуйншкалиева С.К.

















  53. 2015-2016 оқу жылы



  • Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.

  • Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

  • Семіздің аяғы – сегіз.

  • Алпыстағы атаңды жыққанша,

  • Алтыдағы атанды жық.

  • Он екі айда он үш той.

  • Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.

  • Алты бала таппай ана аталмайды,

  • Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.

  • Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама 

  • Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.

  • Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.

  • жеті атасын білмеген ұл жетесіз.

  • Жеті атасын білген ұл 

  • жеті жұрттың қамын жер.

  • Өзін ғана білген ұл

  • Құлағы мен жағын жер.

  • Жігітке жеті өнер де аз.

  1.  












  1. 10

    10

    10

    10

    10

















  2. 10

    10

    10

    10

    10





















  3. 10

    10

    10

    10

    10



















  4. 10

    10

    10

    10

    10











Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет