Қостанай облысы
Қостанай ауданы
«Красный Октябрь орта мектебі» ММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі:
Жумшева Салкен Култаевна
Уақыты:19.02.2017 ж.
|
Қазақ әдебиеті
|
Мұғалім:Жумашева Салкен Култаевна
|
Сынып:
7
|
Сабақ тақырыбы:
|
Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз» әңгімеcі
|
Жалпы мақсат:
Міндеттері
|
Адамгершілік қасиет, аңшылық кәсіп туралы ұғым қалыптастыру.
1. Әңгіменің тақырыбынашу
2. Мәтінменжұмысістейбілу дағдыларындамыту
3. Адамгершілік қасиеттерге, қайырымдылыққа, табиғаттысүюгетәрбиелеу
|
Сілтеме:
|
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы
Үлестірме материалдары
Аңшылыққа байланысты бейнематериалдар
Таныстырылым
|
Оқу нәтижесі:
|
Аңшылық кәсібі туралы түсінік қалыптасады,аңшылықтың әр түрлі мақсатта болатындығын таразылайды, ойлау қабілеттері дамиды, саятшылық кәсібіне байланысты сөздік қоры молаяды, іздену дағдылары дамиды..
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Интерактивті тақта, жазушының портреті, саятшының суреттері, алты қырлы кубик, аңшылық туралы бейнероликтер, суреттер.
|
Оқыту әдістері:
|
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, «Ақылдың алты қалпағы», «Кубизм», детальді оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
|
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары»бейнематериалын ұсынады. Түстер(ақ,қара, қызыл, жасыл, сары, көк) арқылы топтастырады.
|
Орындарында отырып видеоролик тамашалайдыОртаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді.
|
ІІ. Қызығушылықты ояту
|
-М.Әуезовтің «Көксерек» повесінде адамдар бөлтірікті қандай жолмен алады?
- Екі шығармаға ортақ ой қандай?
- Бүгінгі сабағымыз кім болмаса не туралы?
«Аңшылық» туралы бейнематериал көрсету, аңшылық туралы не білетіндерін сұрау.Осы тақырыптағы шығармалардың атауларын сұрау.
|
Сұрақтарға жауап іздейді, айтады.
|
ІІІ. Білу.Түсіну.
IV.Қолдану
V.Талдау
VI. Жинақтау
VII.Бағалау
VIII.Үйге тапсырма
V.Бағалау
Рефлексия:
|
Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз» («Өмір мектебі» өмірбаяндық трилогиясынан үзінді)Жаңа сабақтың жоспары:Жазушының есінде қалған жалғыз адам – саятшы Ораз.Ораздың Мұқанның үй – ішіне көмек көрсетуі.Ораздың аңшылығы, адамгершілігі.
Шығарманың басты кейіпкері кім?
Кейіпкердің портретін мәтіннен тауып оқу.
Портретіне қарап оны қандай адам деп ойлайсыңдар?
2) Мәтіннен пейзажды тауып оқу, оның оқиғамен байланысы қандай? Пейзаж – жазушышығармадатабиғаттыбарыншакөркемсуреттеу.
Бізкөшіпбарғанауылқыстауыныңұзынтұрқыбатыстаншығысқақарайсозылғанбиікдөңніңқырқажотасында. Жотаныңұзындығытөрт-бес шақырымдай, қапталыныңкеңдігіекі-үшшақырымдай. Осы жотаныңбатыс пен шығысжағынжәнеекіжаққапталдығын жаба өскенқалың ну ағаш. Ағаштарытүп-түгелқайың мен терек. Ауылқалыңағаштықырқажонның арасындатұрады. Төбеденжауғанқарболмаса, қыстыкүніқалыңағаштанбұлауылғаборанбеттейалмайды. Қырқажонныңнақбиігіндесай бар, көктемкезіндебұл сайда аттыңбауырлығынанкелерлік су жатады, да, төңіректейқалыңағаш өскенауыл осы сайда дөңгеленеорналасқан.( табиғат-қорғаныш, осы ауыл заман қаталдығынан, аштықтан адамдарды қорғап тұр). Деталь- бір нәрсені 2 нәрсемен астарлап жеткізу
КУБИЗМ әдісі бойынша 6 топқа 6 тапсырмасы. Кеспе қағазды таңдау арқылы өз тапсырмаларын алады.
СУРЕТТЕ –Ауыл тұрмысын суретте.
САЛЫСТЫР – С.Мұқанов «Саятшы Ораз», Абай «Қансонарда бүркітші шығады аңға» аң аулау тәсілі.Сыныптан тыс оқу.М.Әуезов «Бүркітші» әңгімесі.(аңға қашан шығады, құралдары,әлеуметтік жағдайы, сонар түрлері)
ЗЕРТТЕ – Жазушылар суреттеуіндегі аңшылық : қайсысында кәсіп , қайсысында өнер ?
ҚОЛДАН – кәсіби, сөздер, аңшылыққа қатысты сөздерді теріп жазыңдар.
ДӘЛЕЛДЕ –қаламгерлердің сөз қолданысындағы ерекшелік (стиль, тегі,көркемдегіш сөздердің қолданылуы,сөйлем құрылысы,)
ТАЛДА – Бүгінгі күнде аңшылық керек пе?
«Ақылдың алты қалпағы» әдісі
Ақ қалпақ – – повестің тақырыбы, бүгінгі күнгі аң аулау тәсілінің тұрпайылығы, түрлі деректер, аңшылық туралы шығармалар
Қызыл қалпақ – сезім, болжам, ішкі түйсікке сүйене повестегі оқиғаға сезімталдықпен баға беру, психологиялық эмоцияны беретін тұстары, жанашырлық, жек көрушілік сезімі, броконерьлер әрекетін, аңшылықты айыптау
Қара қалпақ –кері (негатив) дәйектеуге негізделген сыни сараптама: табиғаттың адамзатқа қарсылығы, оны қорғау мәселесі.
Сары қалпақ – болашаққа сенімге, жағымды позитивтік дәйектеуге негізделген оптимистік ұстаным, табиғаттың жаңарып, жасарып отыратыны,бүркіт, қасқырдың аң аулауына қатысты ғылыми деректерЖасыл қалпақ – өсу мүмкіндігін, жаңа идеяларды анықтайтын креативті ұстаным, аңшылық- атакәсіп, оның пайдасы туралы.
Көк қалпақ – басқа топтар пікірінен қорытынды жасайды,философиялық ой тұжырымдайды, аңшылық- кәсіп те, өнер де.
.
І топ. Бес жолды өлең
1. Зат есім 1 сөз
2. Сын есім 2 сөз
3. Етістік 3 сөз
4. Сөйлем құрау
5. Зат есімнің синонимі
Ойтолғау
ІІ топ. «Аңшылық кәсіп пе, өнер ме?»
ІІІ топ. «Табиғатсыз адамның еш күні жоқ,
Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.»
IVтоп.» Табиғат адам үшін жаралыпты,
Бар қызықтабиғаттантаралыпты.»
Vтоп. Аңшы мен тілшісұхбаты
VIтоп. Броконьер «ыстықорындықта
Ойтолғау жазу.Тақырыбы: Адам және табиғат
Топтардың өзара бағалауы
Табыс критерийлері:
1. Тақырыпты ашуы.
2. Ой жүйелілігі, тереңдігі,
3. Пікірін дәлелді жеткізе білуі.
4. Тіл көркемдігі.
5.Өзіндік ой қорыта білуі.
-Мені қызықтырғаны..
-Мені ойландырғаны ....
- Мен алған тағылым...
|
Рефлексия
Сабаққа оқушылар белсенді қатысты.Сабақ тақырыбы ашылды.Сабақ кезеңдері сақталды, жоспарға сәйкес жүргізілді. Психологиялық ахуалды реттеуде топқа бөлу әдісі тиімді жүргізілді.(түстер арқылы).Сабақта әнінің сазын тыңдап, табиғат суреттерін көру негізінде оқушылардың қызығушылығы оянды.Мағынаны танып, ажыратуда сабақ тақырыбына кіретін, ойға түрткі болатын ашық сұрақтар қойылды. Оқушылар жауабы ұтымды болды.Сынып оқушылары сабаққа қызығушылықпен қатысты.Мәтінді оқып, таныс болғандықтан оқушыларға әңгімені талдау онша қиынға түспеді.Олар топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыланғандықтан, өз ойларын топта еркін жеткізе білді.Мұнда топтық жұмыс негізінен жүзеге асты.Қолдану кезеңінде детальды оқу әдісі арқылы табиғат пен кейіпкер арасындағы ұқсастық туралы ашық, жетек сұрақтар қою арқылытоқушыларды сабақтағы негізгі ойға кіруге жетеледі, ой салды. Топ мүшелері өз ойларын жатық әдеби тілмен жеткізе білді.Талдау кезеңінде «Кубизм» әдісі бойынша әр топ суреттеді, зерттеді, қолданды, дәлелдеді, талдады. Жинақтау кезеңінде «Ақылдың алты қалпағы»стратегиясын қолданып, әр топ өздеріне қатысты ой тұжырымын жасады.Бононың «Ақылдың алты қалпағы» стратегиясын қолданып өткен «Сабақты зерттеудің» екінші кезеңінде сынып оқушыларының ізденіс, ойлау, сөйлеу дағдыларының қалыптасып қалғаны байқалды Бағалау кезеңінде ой-толғау жазуда да ойларын жекізе білді.Табыс критерийлері құрылып,топтық бағалау жүзеге асты. Оқушылар өзіндік ой қорытындысын жасай білді.Блум таксономиясына құрылған сабақта диалогтік оқытудың зерттеушілік әңгіме, кумулятивтік әңгіме түрлері, сын тұрғысынан ойлау әдісінің «Ақылдың алты қалпағы», «Кубизм», «Ыстық орындық»,» « Сұхбат», «Бес жолды өлең» стратегияларын сабақтың әр кезеңінде тиімділігіне қарай қолданды. «Зерде» шығармашылық топ мүшелерінің «Сабақты зерттеуге» нысана етіп алған «Ақылдың алты қалпағы» стратегиясын сабақтың жинақтау кезеңінде жүзеге асырды.Тақырып бойынша автор позициясын аша алды, бүгінгі өмірмен байланыс қосымша ізденіс жұмыстарынан көрінді. Сабақ Блум таксономиясымен құрылып, сын тұрғысынан ойлау тәсілі қолданылды.Сабақта ашық,анықтауыш, жетек сұрақтар қойылды. Оқушылар ізденді, сұрақ қоя білді, ой бөлісті.Уақыт өлшемі сақталмады.
Мұғалімдер пікірлері. Мұғалім туралы.:
+ Мұғалімнің жан-жақтылығы, сабақты қазіргі жағдаймен байланыстырды;
+ «Ақылдың алты қалпағы» әдісін жақсы меңгерген;
+ оқушыларды шығармашылыққа, сыни тұрғыдан ойлай білуге жұмылдыра білді;
+ Оқушыларға нақты, қысқа сұрақтар қойды;
+ Мұғалім сабақтағы процесті бақылай алды;
+ Мұғалім өзіне өте сенімді;
+ Сабақ жүйелі құрылған;
+Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытуға ықпал етті;
+Оқушының өз ойын еркін жеткізуіне ықпал етті;
+Оқушыларға бағыт-бағдар беріп отырды;
Мұғалім – шебер.
Оқушылар туралы:
+Оқушылар дивергенді жауаптар айта білді;
+ Оқушылар өз бетімен ізденіс жұмыс істеуге дағдыланған;
+ Оқушылардың тіл байлығы өте жоғары;
+ Өзара топтық бағалауы жақсы болды;
+Оқушылар түрткі сұрақтар қоя білді;
+ Оқушылар өз ойларын еркін, толық жеткізе білді; терең ойланады;Т
+ Ойларын өткен сабақпен байланыстыра білді;
+ Интервью әдісін жақсы меңгерген;
+ Зерттеу жүргізе алады; өз ойын түйіндей алады;
+ Қосымша ақпарат бойынша жақсы ізденген;
+Оқушылардың бірін-бірі тыңдау мәдениеті жақсы қалыптасқан;
+ Оқушының сөйлеу мәдениеті қалыптасқан.
Мұғалімдер ұсыныстары. Мұғалімге:
Уақытты үнемді пайдалану;Сабақ кезеңіне байланысты уақыт өлшемін белгілеу;
Бағалауды әр тапсырмадан кейін жүргізу;
Зерттелген оқушының әр топта жұмыс жасауы;
Мұғалім өз тарапынан бағалауға көңіл бөлу керек;
Сөздікпен жұмыс жүргізу;
Оқушыларды мадақтау, қолпаштау жетіспеді;
Тапсырманы мәтінмен тығыз байланыстырса;
Мұғалім тарапынан «тағы да ойланып көр» деген ескерту берілсе;
Кейбір оқушылардың сенімділігін қалыптастыру.
Оқушыларға:
Ой қайталануы;
Кезең бойынша оқушылардың орны ауыстырылса;
Жауаптарын мәтін деңгейінде берсе.
Достарыңызбен бөлісу: |