2020 жыл – Жалағаш ауданы білім саласындағы Еріктілер жылының ашылу салтанатының сценариі



Дата26.08.2020
өлшемі14,86 Kb.
#77002
Байланысты:
Волонтер сценарий


2020 жыл – Жалағаш ауданы білім саласындағы Еріктілер жылының ашылу салтанатының сценариі

12 ақпан. 2020 жыл.

Өткізілетін орны З. Жарқынбаев атындағы №202 мектеп

( Еріктілер жылының жариялануы маңызы мен міндеті туралы бейнематериал көрсетіледі)

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, қоғамның белсенді азаматтары мен азаматшалары! Жалағаш ауданы білім саласында өткізілгелі отырған Еріктілер жылының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

2020 жылды президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанда Волонтер жылы деп жариялады. Негізгі мақсат: жастар мен қоғам арасында елінің, жерінің дамуына шын жаны ашиты нағыз патриот азаматтардың азаматтық белсенділіктерін арттыру және оларға қолдау көрсету. Осындай белсенді азаматтық ұстанымдары бар азаматтар мемлекеттің дамуына айтарлықтай септігін тигізетіні сөзсіз.

2016 жылы 22 желтоқсанда «Еріктілер қызметі туралы» Заң қабылданған болатын. Заңда көрсетілгендей еріктілер қызметі – жеке тұлғаларға, кәсіпорын - компанияларға, әлеуметтік топтарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық позицияны қалыптастыру, өзін-өзі ұйымдастыру, әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек көрсету және қоғамда қайырымдылық жасау.

Жалағаш ауданы білім саласында да Еріктілер жылының жоспары жасалып 5 бағытта ерікті жастардың белсенді жұмысы басталып кетті.

1-жүргізуші:

  1. Мектеп оқушыларының қолынан жасалған қолөнер бұйымдарын үйден оқитын оқушылардың туған күніне, мерекелік қайырымдылық жасау жұмыстары бағытындағы жасалып жатқан жұмыстармен таныстыру үшін сөз беріледі.

  2. Таза аула жобасы бойынша тұрмыстық қалдық өнімдерін жинау арқылы тазалыққа бей-жай қарамайтын еріктілер тобының жұмысын насихаттау үшін сөз беріледі.

  3. Қауіпсіз жол акциясы негізінде жас жол инспекторлары еріктілер тобының жұмысының нәтижелеріне тоқталу үшін ортаға шақырамыз.

  4. Денсаулық сақтау саласымен бірлесіп жасалып жатқан Салауатты өмір салтын сақтайық акциясының маңызы туралы айту үшін сөз беріледі.

  5. Төтенше жағдайлар және орман тоғайлар шаруашылығы бөлімімен бірлесіп қауіпті аймақтарға белгілер ұйымдастырып жатқан еріктілер тобы атынан сөз беріледі.

1-жүргізуші: Ерікті болу – ерлікпен тең. Мемлекеттің қолдауы азаматтық қоғам дамуында белсенділіктің жаңа деңгейге көтерілетініне сенім береді. Әрбір Қазақстандықтың бойында белсенді өмір сүруге дағды қалыптасса алынбайтын асу жоқ. Белсенді жас достарымызға сәттілік тілеу үшін сөз аудан әкімі Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлына беріледі.

Әдеби музыкалық монтаж

8 бала өлеңі

Ән:

(Әнмен қорытындыланады)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет