Қиял туралы жалпы ұғым Қиял - деп бұрынғы қабылдаған елес бейнелерін өзгертіп бір-біріне қосып, өңдеп, қайтадан бейнелеуді айтады. Қиял обьективті дүниені жүйкеде сәулелендірудің айрықша бір түрі. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың, сезімдерге келтіретін тікелей әсері арқылы пайда болатын қабылдаулар, олардан пайда болатын елестеулер бір қалыпта тұрмайды, ақыл-ой елегінен өтіп, өзгеріп, бір-біріне қосылудың нәтижесінде бейнелеудің тағы бірі – қиял пайда болып отырады. Қабылдау арқылы пайда болған елестеулер, кейін ақыл-ойдың таразынан өтеді. Адам ол елестеулерді өзгертеді,
бірімен-біріне қосады, ақыл осының нәтижесінен жаңа елестеулер пайда болдырады.
Қиял айналасындағы тіршіліктің әсер етуінен, оны өзгертудің жаңалаудың керектігінен пайда болады. Сондықтан да әр кез сол адамның өмір сүретін, тіршілік ететін қоғамның, шаруашылықтың, экономиканың даму дәрежесімен байланысты. Экономикасы қалыңқы мемлекеттің адамдарының да онша дамымаған ел болуы мүмкін. Қаншама қоғамның эканомикасы, мәдениеті, техникасы алға кетіп дамыған болса, онда сол қоғамда өмір сүруші адамдардың да қиялдары ілгері кетіп, жоғары деңгейден көрінеді. Мысалы, ұшақ жоқ кезде, аз уақыттың ішінде алыс жерге тез жетудің керек екендігін сезгенімен, бірақ ол жерге тез жетудің ыңғайын білмей ертедегі адамдар кілемнің, дастарқанның ұшатындығын қиялдаған.
Қиял түрлері : Пассив
Бұл түрдің шегі - түс
Актив
Бұл түрдің шегі - арман