Қиялдың жасалу жолдары:
Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялык, бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия — танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана — суға қонып, ұша алатын самолет) қүрастырылады. Агглютинация әдісі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ, Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған.
Қиялдың жасалу жолдары
Агглютинация
Анализ
Синтез
Гипербола
Акцентировка
Схематизация
Қиялды дамыту:
Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қиялға дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Қиял табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі құнды рухани сапа. Оның адам өміріндегі ерекше мәнін ұлы адамдар да жоғары бағалаған. Қиялдың, әсіресе, шығармашылық еңбектегі рөлі аса зор.Қиялдың өз алдына жеке психикалық процесс екенін мойындамайтындар да кездеседі. Олардың айтуынша, қиял ойлаудың бір бөлшегі сияқты. Қиялды дамыту дегенімізде ең алдымен әркім өзі қиялының аз немесе көп екенін, қай дәрежеде екенін білгені жөн. Мына кестедегі сан рет тексерістен өткен сүрақтарға жауап беріп, ұпайлар жинау керек.Қиялдың сиқыр күшінің өзі оның шындықпен, еңбекпен, мақсатпен тығыз ұштасуында. Оны тәрбиелеу де осыған бағытталған. . Психология оқулықтарында қиялды дамытуға, тәрбиелеуге біраз көңіл бөлінсе де оны меңгеру жайында ештеңе айтылмаған. Мүндай маңызды мәселе арнайы зерттеуді керек етеді. Туысқан қырғыз халқының үлы жазушысы Шыңғыс Айтматов: «Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында үшатындығымен де адам биік, адам ұлы» деп терең философиялық ой қорытындылайды. Қиялы әлсіздің өзі де әлсіз. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын — бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде оның творчестволық талабына кең жол ашылады. Бала ылғи да бір нәрсені жасау, қүрастыруға әрекетжасайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді.
Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галереяларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тындау, бала қиялын жаңа мазмүнға толтыра түседі. Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мүғалім де, оқушының ата-анасы да бүл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу,табиғатқа өндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербез орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |