Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


Сурет 3. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлеріне қарай жіктемесі



бет8/22
Дата26.05.2020
өлшемі0,93 Mb.
#71199
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
2К Развитие предпринимательства в РК

Сурет 3. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлеріне қарай жіктемесі

Егер кәсіпкер өзі тікелей өндіріс құралдары мен факторларын пайдаланып, өнім қызмет, жұмыс, ақпарат, рухани құндылықтарды өндірсе және оларды тұтынушыға, сауда ұйымдарына сатса бұл кәсіпкерлік әрекет түрі өндірістік әрекет деп, аталады. Демек, осы кәсіпкерлік түрінде өндіріс негізгі анықтаушы болып табылады. Тікелей тауар өндірумен байланысты кәсіпкерлік әрекет мынадай сипатта болады:



  • дәстүрлік сипат,

  • инновациялық сипат.

Тікелей тауар өндірісі саласындағы кәсіпкерлік дәстүрлі және инновациялық тауарды өндіруге және нарыққа жеткізуге бағыттала алады. Кәсіпкерлік әрекеттің кез-келген формасындағы практикасы инновациялық процессті қамтиды. Нарыққа дәстүрлі тауарларды жеткізу және өндіру өндірісті ұйымдастыру, оның техникалық элементтерін ұйымдастырумен немесе өндірілетін тауар сапасын өзгертумен байланысты жаңа тәсілдер мен әдістерді пайдалану арқылы жүзеге асады.

Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары, сауда мекемелері. Тауар биржалары –бір қалыпты жұмыс істейтін көтерме сауда нарығы. Тауар биржасында тауар мен жабдықтаушылармен сауда жасаумен бірге келісім-шарттар жасау, яғни фьючерстік айырбас келісімдері жасалады. Мұндай шарттар бойынша төлемді мерзімді уақыт өткеннен кейін келісілген бағамен сатады. Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі жұмысы тауарды сатып алып–сату операцияларымен байланысты. Өндірістік кәсіпкерліктен коммерциялық кәсіпкерліктің айырмашылығы біріншісі тауар өндірсе, екіншісі сатып алып–сатады. Сауда өндірістің жалғасы болып табылады.

Ал коммерциялық келісім бағасы:



  1. сауда делдалдық жұмыс атқаруға жұмысшыларды жалдау;

  2. ғимараттар, үй, қоймаларды ұсақ саудаға сатып алу, жалдау;

  3. тауар сатып алу, сату;

4.тауар сатып алуға керекті несиелерді ұйымдастыру, табу және оны уақытында қайтару;

5. жоспарлауға керекті ақпараттарды табу, жасақтау;

6. тұтынушыға тауар сатып, ақшасын алу;

7. қаржы органдарына салықтарды мерзімінде төлеу.



Қаржылық кәсіпкерлікке негізінен коммерциялық банктер мен қор биржалары кіреді. Коммерциялық банктер - бұл қаржы-несие мекемелері негізінен акционерлік типте болады. Олар көпшілікке коммерциялық кәсіпорындарға несие береді. Ол үшін пайыздық ставкасымен берген несие қайырылады. Қор биржалары - бағалы қағаздар нарығы, ол капиталдың қозғалысын жеделдетеді және активтердің реалдық құнын анықтайды.

Қаржы кәсіпорындарының негізгі объектілері - ақша, валюта, бағалы қағаздар. Қаржы кәсіпорындарының негізгі операциялары - тауар ақша сату-сатып алу қатынастары. Делдалдық кәсіпкерлік, мұнда кәсіпкер өзі өндірмейді және тауар сатпайды. Ол тауар алмасу кезінде, тауар ақша операциясында байланыстырушы звено қызметін атқарады. Делдалдық кәсіпкерлік әрекетте басты мақсат - екі жақтың мүдделерін өзара келісім шартта байланыстыру. Демек, делдал екі жаққа да қызмет етеді. Осы көрсеткен қызметі үшін белгілі табыс алады. Өндіруші немесе тұтынушының мүдделерін білдіретін заңды немесе жеке тұлғалар делдал болып табылады.

Делдалдық саладағы кәсіпкерлік әрекет қысқа мерзім ішінде өндіруші мен тұтынушының экономикалық мүдделерін сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Өндіруші көзқарасы тұрғысынан делдал оның жұмысының тиімділігін арттырады, себебі барлық көңілді өндіріске бере алады, ал тауарды нарыққа өткізумен делдал айналысады. Сонымен бірге тұтынушы мен өндіруші арасында делдалды іске қосу капитал қозғалысын жетілдіріліп, яғни өндіріс пайдасын көбейтеді.

Сақтандыру кәсіпкерлігі кезінде кәсіпкер сақтанушыға өмірдің, мүліктің, бағалы құндылықтардың т.б. сақтануына кепілдік беріп, апат нәтижесінде белгілі компенсация төлейді. Мүлікті, денсаулықты, өмірді сақтандыру қаржы-несие кәсіпкерлігінің ерекше түрі, мұнда кәсіпкердің пайдасын сақтандыру салымдары болып табылады.

Өндірістік кәсіпкерлік. Өндірістік кәсіпкерлік кәсіпкерліктің негізгі түрлерінің бірі. Мұнда тауар өндіріледі, қызмет көрсетіледі. Өндірістік кәсіпкерлікке инновациялық, ғылыми-техникалық әрекет, тікелей тауар және қызмет көрсету әрекеттері, олардың өндірістік тұтынылуы және т.б. жатады. Өндірістік әрекетпен айналысам деген кез-келген кәсіпкер не өндіретінін анықтап алуы керек. Одан кейін ол маркетингтік жоспарға көшеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет