Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорын жағдайында талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорын тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа бәсекелестердің алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуыме байланысты. Қаржылық жағдайды талдау - бұл «кәсіпорын қаржылық жағдайын қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдалануменсипатталады. Кәсіпорын қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорын уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді». Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырым бар.
Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарғанда ( мыс. өзіндік құн, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы жалпы табыс) қаржылық жағдайы түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталады. Қорыта келе, кәсіпорын қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелес нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын тұрақтылығын және келешегі барлығын куаландыруы тиіс.
Кәсіпорын қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі-бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуімен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуі көрсетеді.
Кәсіпорын қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржылыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорын дамуын көрсетеді.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорын қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады.
- қаржы жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі.
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу.
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін және ағымдағы міндеттемелермен ара қатынасын анықтау
- қаржы есептік және мемлекет ережесін сақтау.
- кәсіпорын қаржылық жағдаының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стретегиясын анықтау.
Қаржылық жаңғдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қыөметін талдаудың қортындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды. Жабдықтау, өндіріс және өткізу, бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорын қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижесі, табыс көлемі мен шығынды және рентабельдік деңгейін көсетеді. Неғұрлым табыс көлемі мен рентабелдік деңгейінің жоғарлауы, соғұрлым кәсіпорынның жұмыс жасау қабілетін арттырып қана қоймай, қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондықтан қандай да болмасын кәсіпорын немесе кез-келген саладағы бизнесмендердің негізгі ұмтылысы, осы табыс көлемін және рентабельдік деңгейін арттыру арқылы пайдаға қол жеткізу. Қаржылық нәтижелерді басқару процесін экономикалық талдау барысында төмендегілерге көп көңіл бөлу тиіс. Оларға мыналарды жатқызамыз.
Қаржылық нәтижелерге бақылау жасау.
Қаржылық нәтижелерге әсер ететін объективті және субъективті факторлардың қалай ықпал ететінін анықтау
Табыс сомасының өсуіне және рентабелдік деңгейінің жоғарлауы үшін экономикалық болжамдар жасау.
Кәсіпорынның рентабельділік деңгейі мен табыстың өсуімен қатысты мүмкіндіктерді пайдалану жұмысына баға беру.
Табыстың жоспар бойынша көрсеткіштерінің пайда әкелуі,олардың қаржылық қызметінің нәтижесіне байланысты, өнімнің сатылу көлеміне байланысты емес. Кәсіпорын пайыздық пайданы ұзақ және қысқа мерзімді қаржы салымдарынан (акция, облигация және депозит) алады. ЖШС «Пинта» кіріс және шығыс көрсеткіштерін талдау барсында негізінен нақты көрсеткіштерді пайдаланылды.
Рентабельділік бұл – табыс көлеміне қатысты шама болып табылады. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның жұмысының тиімділігін, әртүрлі бағыттағы қызметін көрсетеді. Кәсіпорынның таза пайдасы – бұл салықты және қайырымдылық қорлары мен экономикалық санкцияны төлегеннен кейінгі кәсіпорында қалатын пайда.
Кесте 4
2010-2012 жж. ЖШС «Пинта» қызметінің табыстылық көрсеткіштері
(мың теңге)
№
|
Көрсеткіштер аты
|
2010ж
|
2011ж
|
Ауытқу +,-
|
2012ж
|
Ауытқу +,-
|
1
|
Дайын өнімді (қызметті) сатудан түскен пайда
|
16700
|
17600
|
1000
|
18700
|
1100
|
2
|
Сатылған дайын өнімнің (қызметтің)
өзіндік құны
|
13000
|
13600
|
600
|
16000
|
1600
|
3
|
Салық төлегенге дейінгі жалпы табыс
|
160
|
200
|
60
|
170
|
40
|
4
|
Салық төлемі
|
160
|
70
|
10
|
80
|
10
|
5
|
Салық төлегеннен
кейінгі жалпы табыс
|
100
|
160
|
60
|
180
|
20
|
6
|
Таза пайда
|
2180
|
2200
|
20
|
3736
|
1436
|
Ескерту- [17] негізінде автормен құрастырылды
|
Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей жалпы табыс көлемі 2010 жылы 16600 теңгені құраған. Ал 2011 жылы 17600 теңгеге өскен. 2012 жылы 18700 теңге. 2010-2011 жылдар ауытқуы 1000 теңгені құраған. 2011-2012 жылдар аралығындағы ауытқу 1000 теңгеге өскен.
Дайын өнімді сатудан түскен пайда – жалпы табыс пен күнделікті шығындардың айырмасын көрсетеді. Дайын өнімді сатудан түскен пайдаға мұнайды тасымалдау, басқа өнімдерден түскен пайда және негізгі емес қызметтерден түскен, сонымен қатар мұнай көлемі кіреді. Осының барлығының нәтижесінде 2010 жылы – 16600 мың теңге, 2011 жылы – 17600 мың теңге, яғни 1000 теңгеге өскен. 2012 жылы 2004 жылға қарағанда 1000 теңгеге көбейген.
Сатылған өнімнің өзіндік құны ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Ол кәсіпорынның қызмет көрсету және өнімнің өзіндік құнын көрсетеді және кәсіпорынның қызметінің қаржылық нәтижесінің деңгейімен, өнім көлемінің кеңеюімен, шаруашылық субъектілерінің қаржылық жағдайымен тығыз байланысты болады. Осы сатылған өнімнің өзіндік құны 2010 жылы – 13000 теңгені құрады. 2011 жылы 600 теңгеге өскен. 2012 жылы 2011 жылға қарағанда 1600 теңгеге өсті. Кәсіпорынның жалпы табысы – ол дайын өнімді сатудан түскен тікелей өндірістік шығындармен түсімнің айырмасы. Жоғарыда көрсетілген кәсіпорынның жалпы табысы 2010 жылы – 3000 теңгені құраған, 2011 жылы 1000 теңгеге өсті. 2012 жылы – 1000 теңгеге өсіп отыр. Себебі, барлық табыс көлемі мен өнімді сатудан түскен пайданың жоғарылауына байланысты болып отыр. Сонымен қатар, өнімдерге тапсырыс жылдан жылға артуда. Салық төлегенге дейінгі жалпы табыс 2010 жылы – 160мың теңге, 2011 жылы – 200 мың теңге, 2012 жылы – 170 мың теңгені құрады. Салық төлемі 2010, 2011 жылдары 30 мың теңгені құрап отыр. Ал 2012 жылы 180 мың теңгені құраған.
Салық төлегенге кейінгі жалпы табыс 2010 -100, ал 2011 жылдары – 160 мың теңге.2012 жылы – 180 мың теңге. Яғни салықты төлегенге дейінгі жалпы табыстан салық төлемін аламыз. Қаржылық көрсеткіштер қатары динамикасындағы бағалау мен есептеу қорытындысы бойынша қаржылық жағдайға орташа баға беру болып табыладаы Кәсіпорынның қаржылық жағдайы бағалау жүргізу орташа жобаланған деңгейді жүргізіледі;
Кәсіпорынның қызметінің қаржылық қортындысын және пассив балансын абсолютті актив құрылымын сипаттайтын баланс көрсеткіштерінің үлес салмағы:
Баланс статьяларындағы өсімді және азаюды көрсететін абсалютті шаманың өзгеруі (кезең басымымен соңындағы абсолютті шамалардың арасындағы ара қатынас),
Кәсіпорын қорымен активті және пассивті баланстың құрылымдар динамикасын көрсететін үлес салмақтың өзгеруі (кезең басы мен соңындағы шаманың өзгеруі),
Қаралатын кезеңдегі баланс көрсеткішінің өсу қарқыны.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жобамен бағалау негізінде жүргізеді:
Валюта балансының динамикалары- актив және пассив балансындағы көрсеткіштер мәніндегі сомасын өзгерту,Валюта балансының өсуі жақсы болып есептеледі,ал азаюы кәсіпорынның төлем қабілетсізділік себептерінің бірі болып табылатын табиғатын өндіріс көлемінің азаюына әкеліп соқтырады;
Актив балансының құрылымының өзгеруі- айналымынан тыс және айналым активтерінің материалды айналым құралдарының құнын төлену меррзімі бір жылдан асып келген дебиторлық берешктердің саны,қысқа мерзімдегі қаржы салымы формасындағы қолма қол және қолма қолсыз ақша құралдарымен кәсіп ортаның есеп айырысуын анықтайды.
Пассив балансының құрылымының өзгеруі. Пассив құрылымын талдау кезінде кәсіпорынның жеке қаржы көздерін (қарыз көздерінің белгілі үлес салмағы 60 ℅ ден, жоғары, бұл кәсіпорынның тәуелділікке бару қызметі туралы,төлем қабілетсіздігін көрсетеді) кредиторлық берешектерінің құрылымы мен динамикасын,оның кәсіпорын пассивіндегі үлес салмағының ара қатынасын анықтайды;
Кәсіпорынның шығындары мен қор құрылымының өзгеруі шығындарды талдау кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтау үшін “Артық қор” бөлімінде көрсетілген. Бағалау кезінде кәсіпорын үшін үлкен маңызы бар бөлімдер көрініс табады.
Кәсіпорын қызметінің бағалау қортындысы құрылымының өзгеруі. Бұл жерде пайда мен түсім мен көрсеткіштерінің динамикалық бағасы беріледі.сонымен қатар пайда мен түсімнің көрсеткіш динамикасына қатысты әртүрлі факторлар салыстырылады,көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |