Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет13/22
Дата26.05.2020
өлшемі0,93 Mb.
#71199
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
2К Развитие предпринимательства в РК

Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау:

Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау едәуір шығындарды талап етеді, ал мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігі шектеулі. Мұндай жағдайда қаржыны пайдаланудың коммерциялық механизмдеріне көшу қажет. Қазір банктер сату-сатып алуды несиелейді немесе ірі тауар өндірушілерді несиелеуді қолайлы көреді. Шағын бизнес өтімді кепілдік базаның жоқтығынан несиелік ресурстарға қолы жете алмай тұр. Осыған байланысты шағын кәсіпкерлікке лизингтік несиелер, сақтандыру, франчайзингті дамытудың қажеттігі назарға ұсталған.

Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау саясаты орташа және ұзақ мерзімді несиелеуді, аймақтық деңгейде кепілдік қорлар мен несие серіктестіктерін құруға бағытталуы қажеттігі анықталған [14].

Салық салу және кеден саясаты бойынша:

Шағын бизнес субъектілеріне салық салудың әділ жүйесін құрудың негізгі принципі жалпы экономикалық мүдделерден басым болуы тиіс. Шағын бизнес субъектілеріне салық салудың әділ механизмі кәсіпкерлердің табысын анықтаудың байыпты тәртібінің болуын көздеуі керек. Кәсіпкерлердің табысына бірыңғай жеңілдікті мөлшерлеме енгізу немесе патенттік төлем кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетеді. Ағымдағы және аванстық төлемдер төлеудің қазіргі тәртібін жою керек. Өндірісті дамытуға, бәсекеге түсе алатын экспортқа бағдарланған немесе импортты ауыстыратын өнімдер шығаруға қаржы жұмсайтын шағын кәсіпкерлер үшін табыс салығын есептеген кезде салық салынатын табысты осы қаржыға кеміту қажет.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың басты бағыттарының бірі-кеден баждарын төлеу кезінде шағын кәсіпорындарға жеңілдіктер беру. Қазақстанда өндірілмейтін шикізаттарды импорттаған кезде қосымша құн салығын салуды кейінге қалдыру.

Салалық бағдарламаларды жетілдіру:

Шағын кәсіпкерліктің қызметі үшін маңызды жағы салалық министрліктер мен ведомостволар, сондай-ақ ірі отандық кәсіпорындар тарапынан қолдау жасау болып табылады. Бүгінгі таңда шағын бизнесті қолдау бағдарламасы транспорт және коммуникация салаларында, сондай-ақ жекелеген кәсіпорындарда жасалынған. Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік 2009 жылдағы бағдарламаларына сәйкес әкімшілік тосқауылды жою жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін кәсіпкерлерге арналған жолсілтемесі әзірленді. Онда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын және олардың қызметіне жоспарлы және өзге де тексерулерді іске асыратын ұйымдардың тізбесі, облыстағы қаржы институттары мен кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің тізімі берілді. Бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың құзыреттері және тағы басқа мәселелер бойынша тұрақты түрде мақалалар жарияланып, теледидарда хабарламалар берілді. «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңының негізгі функциясы жеке кәсіпкерлердің кәсіпкерлікпен еркін айналысуын қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың ерекшеліктері бойынша түсініктеме жұмысы жүргізіледі.

Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін мақсаттық шаралар ұйымдастырылып, іске асырылды. Кәсіпкерлердің Форумы және «Алтын сапа» конкурсы әр жылдың 28 шілдесі және 2 қарашасы аралығында жыл сайынғы «Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы жетістіктері үшін» конкурстары өткізілді. Кәсіпкерлік қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерімен бірлесе кәсіпкерлерді ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру жұмысы жүргізілген. Қазақстан іскер әйелдері ассоциациясының Оңтүстік Қазақстан филиалы “Ренхессен” (Германия) шеберлер палатасымен “Қол өнер кәсібі шеберлігін Орталық Азияда дамыту” жобасы бойынша бірлесе шаштараз, аспазшы кәсібіне үйрету мен мамандылықты арттыру нәтижесінде нарықта отандық тауар өндірушілердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсатында қалаларда семинар-тренингтер өткізіледі. 2011 жылдың маусымы аралығында іскер әйелдердің несие алуға мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында „Несие беру” Қазақстандық қорымен бірлесе кәсіпкерлік тақырыптарында семинар-кеңестер өткізіледі. «Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры»-фермерлер мен кәсіпкерлерге, олардың бизнесін дамытуға бағытталған несие ұсынады, “KazMicroFinans” ЖШС МКҰ (Қазақстандық несие беру Қоры) – 4601,5 млн. теңге кредиттік қаражаттың 3184,2 млн. теңгесімен немесе 69,2 пайызы кәсіпкер әйелдер қаражаттандырылды. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының әрі қарай жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету мақсатында департаменттер шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторлар құру және олардың қызметінің ережелерін бекіту туралы» 2009 жылғы 13 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының аудан, қалаларында бизнес-орталықтарын құру туралы тұжырымдамасы әзірленіп, ұсыныс жасалынды. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жоспарланған шараларына сәйкес өңірлерде қордың жүйесін жетілдіру мақсатында жергілікті бюджетпен бірлесе 2011-2010 жылдары қаржыландыру жоспарланған. Шағын және орта бизнеске тартымды, инновация деңгейінде жеткізілген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді қолдануға кәсіпкерлерді тарту мақсатында мемлекеттік инновациялық қоры құрылды.

Экономист ғалымдар ұсынған шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын аймақтық деңгейде көп өлшемді бағалау арқылы Қазақстан облыстарының аудандарындағы жағдайды анықтауға мүмкіндік туып отыр.

Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының ең жоғары индексі Алматы қаласында (0,6635) белгіленіп, одан кейін Астана қаласында (0,4897), Атырау қаласы (0,4876) дараланып шыққаны анықталған. Ал шағын және орта кәсіпкерліктің ең төмен деңгейде дамуы Семей қаласы (0,2751), Павлодар (0,2989) Кентау (0,318) қалаларында орын алған. Қалғандарында шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы индексі 0,4-тен төмен [15].

2012 жылғы есептеулер бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық даму индексі 0,308 төмен деңгейді иеленіп, тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттайтын жұмыссыздық деңгейі 34,8%, кедейлік индексі 27,6 құрап, сәйкесінше адам әлеуетінің даму индексі (0,664), ең төмен көрсеткішті иеленіп отыр. Импорт алмастыратын өндіріс нысаны ретінде жеке елді мекенде өндірістік кәсіпкерлік ұйымдастыру ғылыми тұрғыдан негізделді. Павлодарда «Рельстерді ауыстыру тетігін жөндеу» өндірісі ұсынылып, іске қосылды. Өндіріс орнының 200-ге жуық жұмысшы мамандарды жұмысқа тартып, өнімді өткізуден түскен түсім 6468,7 млн. тг., өзіндік құн 1842,8 млн.тг., 1281,2 млн. тг., салық төлемдері төленіп, соның ішінде табыс салығы 1022,3 млн. теңгені құрап отыр. Сәйкесінше, 2012 жылы Кентау қаласында шағын және орта кәсіпкерліктің даму индексі 2010 жылмен салыстырғанда 0,009 өсіп, сәйкесінше жұмыссыздық деңгейі 8,3 пайызға, кедейлік индексі 6,6 пайызға төмендеп, ал адам дамуының индексі 0,026 пайызға өскенін байқаймыз. Егер де Қазақстан бойынша 2011 жылды 2012 жылмен салыстыратын болсақ, онда да шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық даму индексінің 0,001 өсуі жұмыссыздық деңгейін 11,6 пайызға, кедейшілік индексін 9,2 пайызға төмендетіп, адам дамуының индексінің (0,11) өсуіне әсер етіп отыр. Бұл дегеніміз шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды сипаттайтын көрсеткіштердің өзгеруіне өз әсерін тигізіп, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жоғарылауының бірден бір факторы бола алады деп нық айтуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет