Қазақстан Республикасында құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы



Дата23.04.2022
өлшемі16,86 Kb.
#140553
Байланысты:
улпан


Қазақстан Республикасында құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы
Эссе
Құқықтық мемлекет - жеке тұлғаның және бүкіл қоғамның құқықтарын қорғаудың басты мақсаты болып қойылған мемлекет. Бұл жерде адам және оның құқығы, өмірі мен оның еркіндігі басты құндылық. Барлық азаматтардың теңдігі, барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігін нақты көрсетеді. Мемлекеттік заңдардың бәрінің бастау алар негізі - Конституция. Республиканың тәуелсіз мәртебесіне сай жаңа Конституциясы 1993жылы 28 қаңтар күні қабылданды. Конституция бойынша: «Қазақстан Республикасы - демократиялық, зайырлы және біртұтас мемлекет». Халық республикадағы мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылды. Қазақстан халқының атынан билік жүргізуге тек Республика Жоғарғы Кеңесінің және Президентінің ғана құқығы бар. Осылайша Конституцияның қабылдануының да үлкен саяси - әлеуметтік маңызы болды. Алайда, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысымен 1995жылы 30 тамызда мемлекетіміздің жаңа Конституциясы қабылданып, онда 1993жылғы Конституцияда орын алған кейбір қайшылықтар түзетіліп, нақтыланды. 1995 жылғы Конституцияның негізіне, алдымен, адам мен азаматтың құқықтары алынды. Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруы керек.Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы жеке және қоғамдық өмірдің бүкіл салаларын табанды түрде демократияландырумен тығыз байланысты. Өркениетті заңдылық принциптерін сактап, нығайту және бұзбау керек, құқықты құрметтеу кажет. Қоғамның дағдарыссыз қалыпты дамуын қамтамасыз ететін, демократиялық принциптердің бұрмалануына жол бермейтін тұрақты әрекет ететін саяси және құқықтық механизмдер қажет.Құқықтық мемлекет — адамзат қоғамының гуманизм, әділдік, құқық, тендік, демократияшылдық, сонымен қатар қайырымдылық, тұлғаны құрметтеу, аяушылық білдіру сияқты құндылықтары оның өлшем-бірліктері болып табылатын, құқық үстемдік ететін, құқық идеясы биік тұратын мемлекет. Әрине, дегенмен, қайырымдылық және аяушылық білдіру құқықтың шеңберінен шығып кетеді, ол таза адамгершілік категориялары. Алайда, қоғамның құқықтық өмірі өзінің осы қырынсыз өркениетті деп танылуы екі-талай.Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары мұқият қарастыруды талап ететін маңызды мәселелер болып табылады. Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларына:
— құқықтық, заңның жоғарылығы;
— қоғамдық өмірдің барлық саласында заңнын үстемдігі;
— тұлға еркіндігінін бұлжымастығы;
— оның құқығы мен мүдделерінің, ар-намыстың, абыройдың мызғымастығы;
— оларды мемлекет тарапынан қорғау және кепілдік беру;
— мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі мен сенімі;
— биліктің заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлінуі;
— заңның жүзеге асуын қадағалайтын тиімді бақылау формалары саяды.
Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғы шарттары —жеке меншік, азаматтық қоғам және азаматтық сана сияқты әлеуметтік ерекше құбылыстар болып табылады. Олардың әлеуметтік маңыздылығы бұлардың әрқайсысының дербестігімен, жеке-жеке өмір сүру фактісімен ғана анықталмайды, керісінше, олардың өзара қимыл-әрекеті, әрбір элементтің бірін-бірі күшейтуімен және соған тәуелділігімен анықталады. Жеке меншік қай уақытта тиімді болады, егер де ол сенімді корғалған болса ғана тиімді. Азаматтық коғам алуан түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербестігін, олардың автономиялы болуын көздесе, бұл — мемлекеттік биліктің ішкі шектеушілігі болғанда және онда адам құқығы алға қойылғанда ғана мүмкін нәрсе. Азаматтық сана адам мен мемлекеттің бір-бірімен карым-қатынасындагы өзара міндеттердің болуынан көрінеді. Яғни тұлғаның мемлекетті әлеуметгік тәртіп пен жеке бастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету факторы ретінде қарастыруы мемлекеттің азамат алдындағы жәие азаматтың мемлекет алдындағы өзара борыштарлық сезімімен толыққанда ғана көрініс табады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет