Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жырындағы кейіпкерлер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жыр мазмұнын игерте отырып, шығарма кейіпкерлеріне талдау жасау;
Дамытушылық: Шығармашылық белсенділігін, танымдық дербестігін арттыру, оқушылардың өз пікірлерін айтуға үйрету;
Тәрбиелік: Кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ете отырып, адамгершілікке, батырлыққа, туған елін, Отанын сүйюге, құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Талдау сабақ.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау / тест, талдау, Инсерт, топтастыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспелер, жұмыс дәптері, диплом
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Сәлемдесу
Оқушыларды түгендеу
Оқу-құралдарын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1 тапсырма.
Тест арқылы тексеремін.
«Алпамыс батыр» жырындағы қалыңдықтың аты кім?
А) Құртқа
Ә) Қарлыға
Б) Қаракөзайым
Д) Гүлбаршын
«Бір түрлі болды нұсқасы...
Кеудесі болды кепедей...» бұл кім?
Ұ) Тортай
У) Ұлтан
О) Күлтай
Ө) Кейқуат
Алпамыстың арғымағын белгіле?
М) Кербесті
Л) Байшұбар
Н) Тайбурыл
Ң) Құлагер
«Әке, маған отау бер,
Қырық қыз нөкер қосып бер,
Сүрейін дәурен далада...» кімнің өтініші?
І) Гүлбаршын
Ы) Қаракөзайым
И) Қарлығаш
Е) Жәдігер
Алпамыс жасаған саз аспабы?
Қ) Домбыра
Ғ) Сырнай
Г) Дауылпаз
К) Қобыз
«Бүгін жатып түс көрдім,
Түсімде жаман іс көрдім...». Түс көруші кім?
А) Тайшық
Б) Байбөрі
С) Кейқуат
Д) Қараман
Дулығаның суреті бейнеленген кеспелер жауап ұяшықтарында ДУЛЫҒА сөзі дұрыс табылған оқушыға үлестіріледі.
ІІІ. Жаңа сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |