Сабақтың тақырыбы: Шәмші Қалдаяқов. Мақсаты



Дата03.07.2018
өлшемі11,97 Mb.
#46229
түріСабақ
  • Қазығұрт жалпы орта мектебі.
  • Музыка пәнінің мұғалімі: Қалубаева
  • Айсұлу.
  • 6-сынып.
  • Қыдырмәмбетұлы ауылы.
  • Н. Тілендиев кім ?
  • Н. Тілендиевтің әндері.
  • Н. Тілендиев құрған оркестрдің атауы ?
  • «Әке туралы жыр»
  • Сабақтың тақырыбы:
  • Шәмші Қалдаяқов.
  • Мақсаты:
  • Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке , ұқыптылыққа, еңбексүйгіштіке , өз бойындағы қабілетті еркін көрсете білуге тәрбиелеу. Ананы құрметтеуге , сыйлауға, «Ана» қадіріне жетуге тәрбиелеу.
  • Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасын пайдалануды үйрету негізгі ұғымдармен таныстырып солар жайлы түсінік қа.
  • Оқушыларға Ш.Қалдаяқовтың шығармашылығы мен «Ана туралы» жырын үйрену. ананы құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
  • ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ (1930 – 1992)
  • Қазақ халқында «Шәмші, Шәмшінің әні» десе, ішкен асын жерге қоймайтын жан жоқ. Адам жүрегін тебірентетін сезімдердің қайсысы болмасын – асыл ана, ардақты әке, мөлдір сезім, шынайы махаббат – осының бәрі Шәмші әндерінің тақырыбы десек – артық айтқандық болмас...
  • 1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген Шәмші Қалдаяқов – қазақтың ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын келген сазгер. 1950 жылы Сарыағаштағы Қапланбек малдәрігерлерлік техникумын бітірген Шәмші 1951 - 1954 жылдары Қиыр Шығыста әскери борышын атқарды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдан бастап айналысқан ол 1955 жылы Ташкенттегі музыка училищесінің музыка теориясы факультетіне қабылданды.
  • Ш. Қалдаяқов – композитор және Қазақстанның халық әртісі. Оның шығармаларының тақырыптық, мазмұны кең. Шәмші шығармаларының қайсысын алмайық, олардың басты тақырыбы – елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданады. «Ақ ерке – Ақ жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Жарқырайды Жезқазған», «Қарқаралы», «Фосфорлы Жамбыл», «Талдықорған – әнім менің», «Теріскей», «Мойынқұмда», «Отырардағы той», «Өмір – өзен» т. б. өлеңдерінен кең байтақ жерімізге, елімізге деген ыстық ықылас, мейірім, сүйіспеншілік сезімдері байқалады. Ал «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері жастық жігер мен шаттыққа толы.
  • Сазгердің «Анатуралы жыры» әрбір аналар мерекесінің, аналар тойының сәні болса, марш екпінді, мағына - мазмұны терең «Менің Қазақстаным» әні бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің әнұраны болып отыр. Ш. Қалдаяқовтың көптеген әндері Р. Бағланова, Р. Абдуллин, Б. Төлегенова, Р. Мұсабаев, З. Қойшыбаева т. б. әншілердің репертуарынан берік орын алды. Ш. Қалдаяқов 1965 жылы Республика жастар сыйлығының лауреаты болды. 1991 жылы Ш. Қалдаяқов жайлы «Жылдарым менің, жырларым менің» атты деректі телефильм түсірілді.
  • Артына музыкалық мол мұра қалдырған Ш. Қалдаяқов 1992 жылы 29 ақпанда Алматы қаласында қайтыс болды. Сүйікті халқын ән бесігіне, вальс ырғағына бөлеген аса белгілі сазгерді есте сақтау мақсатымен Шымкент қаласындағы облыстық филармония мен бір көше, Алматы қаласындағы бір көше, композитордың туған өлкесі – Шәуілдір ауданындағы музыка мектебі Қалдаяқовтың есімімен аталады. Шымкент филармониясының алдына сазгердің ескерткіші орнатылған. Ал 1992 жылдан бастап жыл сайын сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау - фестивалінің өтілуі – Шәмшіге деген халық ілтипатының белгісі. 2002 жылы «Шәмшіғұмыр» атты естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді.
  • 1. і м і д й м е і р -
  • 2. ы қ а т ш у -
  • 3. ұ н л ы р -
  • 4. м ы ш о а қ р қ -
  • 5. я ы л а -
  • 6. қ а ы н ж р а қ -
  • 7. е л т і к ш і –
  • 8. л м е ш і р і ш і к -
  • Оқушыларды бағалау,
  • үйге тапсырма : «Ана» туралы эссе жазу.
  • Өте жақсы
  • Онша емес
  • Нашар
  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
  • РАХМЕТ !
  • Сіздерге жүректің жылулығын, жанның сұлулығын тілеймін


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет