Отбасы – рухани тәрбие негізі
Сабақтың мақсаты: Ата – аналар мен балалардың арасында отбасы құндылығы, рухани – адамгершілік қарым – қатынас қасиеттерін кеңейте отырып, жанұяға деген ыстық ықылас, өзара сыйластық туралы түсінік қалыптастыру. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Түрі: Пікірталас
Әдіс – тәсілі: Баяндау, сұрақ – жауап, ойын, сөзжұмбақ, шығармашылық жұмыс.
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, ватман, қарындаштар, желім, үлестірмелі карточкалар, мазмұнды суреттер, бейнефильм.
Өту барысыс: І -. Ұйымдастыру кезеңі:
А/ Сәлемдесу
Ә/Ойын «Өтірікші»
Б/ Шаттық шеңбері/Жәйлі әуен ойнап тұрады. /
Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата - аналар. Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгін сіздермен өткізілгелі отырған «Отбасы құндылығы – рухани адамгершілік тәрбие негізі» атты сыныптан тыс іс - шарамызды бастаймыз.
/Себеттегі әр түрлі заттарды алып жанындағы адамға тілек айтады /
Мұғалім:- Рахмет, ата - аналар! Ал, ата - аналар осы тілектер орындалғанда отбасында қандай күндер орнамақ.
Сөзжұмбақты шешу:
Осы сөзжұмбақты шешпес бұрын мынандай сұрақтарға жауап беріп көрелік.
- Отбасы деген ұғымды қалай түсінуге болады? Жалпы, отбасына кімдер жатады?
- Өз отбасыңыздағы сіздің орыныңыз қандай?
- «Отбасы» сөзіне назар аударайық. Отбасы сөзіндегі әр бір әріптің өзіндік мағанасы бар. Ендеше оны тауып көрейік.
- О - - ----
- Т - - ---
- Б - - -
- А - -
- С - - ----
- Ы - - -
- 1. ші әріп бойынша: Отбасының тірегі Жанұяның жанашыры, қамқоршысы, «Әке» сөзіне мағынасы жуық сөздермен қалай атап айтуға болады. /Отағасы/
- 2 - ші әріп бойынша: тал бесіктен басталатын, біліммен қатар жүретін не? /тәрбие/
- 3 - ші әріп бойынша: Әке – шешенің ұрпағы? /бала /
- 4 - ші әріп бойынша: Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? /ана/
- 5 - ші әріп бойынша: Отбасында бір – бірін түсіну үшін, жақсы қарым – қатынас жасау үшін қандай қасиет қажет? / сыйластық /
- 6 - ші әріп бойынша: «Үй» сөзіне мағынасы жуық сөздермен қалай атап айтуға болады./шаңырақ/
- Мұғалім: Бәрекелді барлық сұрақтарға шапшандықпен жауап бердіңіздер. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала екен. Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасының әсері мол. Сондықтан, бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі – ата - аналарымыз екен. Ата - ана ның балаға берер тәрбиесі мол. Ендеше, экрандағы сурет бойынша ата - аналарымыздың ойын тыңдайық.
- Құрметті ата – аналар экрандағы суретте не бейнеленген? Сіздер бұл суретті бүгінгі біздің тақырыпқа байланыстыра отырып қандай ой айта аласыздар?/Тақтада түзу өскен ағаш пен қисық өскен ағаштың
- ана өз ойларын айтып өтеді /
- Мұғалім: Иә, шынында да, ата - бабаларымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
- Мұғалім: Ал, осы жағдайға байланысты мақал - мәтелдердің жалғасын тауып көрейік.
- 1. Әдепті бала – арлы бала, /Әдепсіз бала – сорлы бала/
- 2. Қозы баққан озар, /Доп қулаған тозар/
- 3, Анаңа ауыр сөз айтпа!/Атыңа ауыр жүк артпа /
- 4, Аға әдепті болса, іні әдепті, /Апа әдепті болса, сіңілі әдепті/
- 5. Қисық ағаш қиыспайды, /Қыңыр адам сыйыспайды /
- Мұғалім: Осы айтылып жатқан мақал – мәтелдердің отбасыға берер тәлім – тәрбиесі, үлгі өнегесі мол.
- Ендеше, алдарыңыздағы «Өнегелі отбасы» сөзі берілген. Осы тақырыпқа әр ата - ана өз отбасына мінездеме береді.
- Мақсаты: ата – аналармен топтық жұмыс жүргізе отырып. «Өнегелі отбасы» тақырыбында отбасы тәрбиесі туралы түсініктерін қалыптастыру
Мұғалім: Әр топтың бір мүшесі қорғайды.
Шығармашылық жұмыс:
Мұғалім: Баспана болмаса., ешбір тіршіліктің мәні жоқ деп ойлаймын. Отбасы шаңырақтан құралады. Ендеше өз баспанаңыздың шаңырағы биік, босағасы берік болу үшін қандай қасиеттерді қалар едің із? Үй моделін жасау мақсатында ата - аналардың ой – пікірмен үй құрылысы тұрғызылады.
Шарты: Үй моделін жасау мақсатында ата - аналар шаңырақты биікке көтеріп лентаға қасиетті сөздерді жазып жақсы тілекпен шаңырақ жиектеріне іледі. «Жүректен - жүрекке».
Мұғалім: Міне ата - аналар отбасы - адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасының беріктігі ең бірінші шаңырақ көтерген екі адамның бір - біріне деген сүйіспеншілігі, сенімділігі, жауапкершілігі, құрмет - сезім қасиеттерді бойына дарытып нағыз босағасы берік отбасы бола алады.