Сабақтың мақсаты : Өмірі туралы білім беру, шығармаларының идеялық-тақырыптық мәнін талдау



Дата28.01.2018
өлшемі117,14 Kb.
#34889
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:C.Жүнісовтың өмірі,шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Өмірі туралы білім беру, шығармаларының идеялық-тақырыптық мәнін талдау, өмірмен байланыстыра отырып, , ізгі қасиеттерді бойларына сіңіре білуге ықпал ету;Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысын қалыптастыру,ойлау қабілеттерін дамыту.адалдыққа ,шыншылдыққа тәрбиелеу..
Типі: Аралас
Түрі: Дәстүрлі Әдісі: интерактивті әдіс, сұрақ-жауап,дәлелдеу,талдау,жинақтау,салыстыру,
Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих
Оқуға ұсынылған шығармалар: .«Танакөз » поэмасы.«Ғашықтық ғаламаты» балладасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.а)Оқушылар назарын сабаққа аудару Үй тапсырмасы Психологиялық ахуал ә) топқа бөлу «Өмір» , «Достық», «Махаббат» (тақырыпқа сай қанатты сөз )

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тапсырма

Оқушы іс-әрекеті

Жеке тұлға ретінде ала отырып өзіндік, дербес ізденуге баулу

М.Шаханов өмірі, шығармашылы.

.«Танакөз » поэмасы.«Ғашықтық ғаламаты» өлеңі

Өз беттерімен көркем шығарманы оқу,өзін-өзі дамыту

Оқушылардың тапсырмалар негізінде жұмысын талқылау

М.Шаханов өскен ортасы, туған жері. шығармашылығы, қайраткерлігі

Спикерлер хабарламасы




Поэма,өлең құрылысы туралы білімдерін жетілдіру

Іздену, табу, дәлелдеу

Проблемалық оқыту

Көркем шығарманы талдау

Қандай оқиға болды?



Негізгі мәселерді бөліп алу. (даралау)




Қалай болды?(мазмұны)

Бірін-бірі оқыту, кейіпкер іс-әрекеттерін талқылау




Кейіпкерлер әлемі

Эпиграф ала отырып , ой түйін жасау



Талдау, жинақтау, жоба қорғау

Қосымша әдебиеттер


Достық ,махаббат тақырыбындағы шығармалар

салыстыру

Пәнаралық байланыс

Тарих,мәдениет,кино

Естай ,Қорлан туралы тарихи деректер

Кемшіліктерді анықтау, түзету(нені меңгерді)

Қорытындылау



Проблемалық сұрақтар

Білімдерін өздік талдау

Берілген ұғымдарды талдайды,өзіндік сыни қөзқарасын білдіреді





















Өткізбеймін ешкімге зорлығымды, Түсірмеймін ешкімге көлеңкемді Заманымнан алғанша үлесімді, Тоқтатпаймын тағдырмен күресімді.-деген, бұл күнде азаматтығы мен поэзиясын күллі әлем мойындаған Мұхтар Шаханов – ұлт тағдыры,тіл жанашыры болып, осындай басын бәйгеге тіккен ұлтжанды ақындардың бірі ғана емес,бірегейі. Қазақстанның халық ақыны, жазушысы, «Түрік халықтары арасынан шыққан ең үздік әлем ақыны» атағының иегері Мұхтар Шахановтың шығармашылығы

М.Шаханов өмірі мен шығармашылығы туралы не білеміз? Туған жері,өскен ортасы,білімі,қызметі,шығармаларының негізгі бағыты (оқушы жұмыстары)

Рухани байлық дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушы жауаптарын топтастыру Мұхтар туралы пікірлер 1-топ Р.Гамзатов,авар ақыны: Мұхтар Шаханов-өзінің адасқақ дүлей дәуірінің белсенді ар-ожданы. Ш.Айтматов,қырғыз жазушысы:Ол –жаңаша ойлау дүниесінің өрені.Менің пайымдауымша,мұндай өзгеше мән-мазмұнға ие ақын бүгінге дейін күллі Азия әдебиетінде болған жоқ. С.Елубай,жазушы: Мұхаңды батыр ақын деп білемін. Д.Исабеков,жазушы: Поэзияның қас шебері,өмірдің қас батыры ... .Ақын поэзиясының бастау алар қайнары –достық пен махаббат
Топтық жұмыс 2-топ «Танакөз» поэмасы Кейіпкерлері Композициялық құрылымы 3-топ «Ғашықтық ғаламаты» балладасы Тапсырмалар Ғашықтық ғаламаты Өлеңді талдау Идеясы Естай мен Қорлан Өзіндік қөзқарас

3 топқа да позия минуты Ақын өлеңдерінен үзінді оқу

Шағын эссе Өмір,махаббат,достық тақырыптарына



Поэманың сюжеттік-комп/қ құрылысы

Мазмұны

Поэтикалық тілі (тірек сөздер)

Пролог

Достық атты қазына аралы

Идеясы- достықтың қасиетті қадірін ұғындырады. 



От алып ұшқан адам,мәңгілік бақыт,опасыздар, отсыздар болмайды,Сенім заңы,пенделіктің самалы,бірліктің ақ желкені,

Жүрекке жалғандық ұялату,












Басталуы

Екі дос: Мұрат пен автор .

Балалық шақ-боямасыз ақкөңілдер отаны.

Мұрат пен Танакөздің тағдыр талайы ұқсас келгені Мұраттың өз аузынан айтылады. Екі ананың екеуі еркесі болып өскенмен, әке тағдырлары оларға баянды болмаған. Соғыстың отты жорығын кешкен әкелер еліне қайта оралмаған. Бұл аяныш болғанмен, соңында қалар ізгілік бар, ол екі әкенің бір-бірімен тату болып, өмірді ынтызарлықпен өткізген жандар екені.



Екеуіне ортақ бақыт,

Арман бесігі,қарлы шыңдар қол бұлғайтын,екі ананың гүлі,жан дос

Екі өмірдің жалғасы,

Балаң жылдар елесі

Балалық шақ-байтақ ән,Гүл жазира,

Балалық шақ-іңкәр дәурен сұңқар тауын шарлаған,

Өз көктемін сағынбайтын,аңсамайтын бар ма адам?

Танакөзбен көңілді еді ерке бала кез...





Дамуы

Ырым етіп тігілген ақ көйлек.

Ғажап суреттер. Әрі көңілсіздік, әрі өмірге ұшқын шашқан үміт. Әкелерінің жан қиыспас бір-бірінен берілгендерін, тылсымдары өз ұрпақтарына өтіп жатқандай. Мұны жүрек сезімімен ойдың ыстық отымен, жастардың бойына нұрдай құйып тұрған ақын - Мұхтар ғой. Әкелер қадір құрметінің, ананың аялы алақанының өтіп жатқанын өлең жолдарынан көруге болады.
Достық арқауын бағыт етіп алған ақын оны отаншылдық бояуына көмкереді. Жаудан ыстық топырағын аянбай қорғаған қос жауынгер - әкелердің қайтпас қайсарлылығын, қажырлылығын сүйсіне жырлайды. Жауға берілместен ақтық қаны қалғанша күрескен азаматтар ерлігін де, елдігін де кейінгі ұрпаққа үлгі етіп, жан тапсырады. Жесір аналардың майдангер әкелерден жетім қалған балаларды әлпештеп тәрбиелеуі тартымды бейнеленеді. 

Еңбекпен басталған өмір жолы

Танакөзге арнау


Ана мейірімі,шапағаты,сенімі,үміті

Алып ұшқан қыз қиялы,айбарлы есепші,жыланбауыр трактор тіркеушісі,

Танакөз –аппақ нұрға бөленген,лаулаған нұр жүзді,

Ай тұрды жүзі күлімдеп,ай-ағарған алтын алқадай,Алатау бөркі нұрға жаланған.,аққулар әні мұңдылау.,

Махаббат-батылдық



Шиенелісуі

Мұраттың үйленуі

Өмір болған соң талай оқиғалар өткелінде бұлтарыс – қалтарыс та көп болады. Нағыз дос осындай кезеңдерде білінеді. Тар жол, тайғақ кешуде сүрінбей өткендер ғана адамгершілігі мықты жандар достық қасиетін сақтай алады. Ақын поэмасындағы кейіпкерлер қатал сындардан сүрінбей өтіп, өмірдің оңды қағидасын жалғастырушылар болады. Ақын поэмалардағы кейіпкерлер осындай жандар.
Шынында да поэманың оқиғалық бітімінде қиыннан қиысқан қисынды іс-әрекеттерге толы кейіпкерлердің өмірі десекте болғандай, талай тылсым дүниелер оқушының көз алдынан өтеді. Екі достың ғашық болған Танакөзі ол бір махаббаттың мөлдірі, сүйіспеншіліктің сусыны, алғашқы екеуі бірдей гүл ұсынғанда Мұраттың бойынан қызғаныш оты шарпып өтсе де, ес тоқтатып сезімді ақылға жеңдіреді. Танакөзді өзі ішінен қимас, силас досына ұйғарады. Өзі Зеркүлге үйленеді.



Зергүл –жанарында жаңа оянған өжеттіктің нұры бар.,

Бір жігіттке ғашық болған екен,ол жігітпен жолығуға тыйым сапты анасы,ана сөзін жыға алмапты ұяң қыз ғой шамасы.

Қоңыр күз,өткел бермес ашулы Ақсу өзені.

Тойбастар жыры.

Мұрат жанарындағы жас.,өз басының бақытынан биік тұрған көзсіз достық.

Сенімнің жеңіс алып келуі-автордың студент атануы





Шарықтау шегі

Ауылдан келген Қоғамбай хабары

«Даудың басы Даурабайдың көк сиыры» дегендей, Мұраттың апатқа ұшырауы, жас жұбайлардың өмір сынына түсіп, сондағы кешкен күйлері өзгеше еді. Екі аяғынан айрылған Мұраттың мүсәпір хал үстінде Зеркүл оны тастап кетеді.

Бақытсыздық-Мұраттың трактор астында қалып қоюы.

Ана қазасы.





Шешімі

Танакөз бен Мұрат

Өзінің өмірлік шешімін жасамаған Танакөз достық сезіммен адамгершілік қасиетпен жол бастап Мұратқа келеді. Онымен табысады. Міне, осында ақынның позициясы айқын көрінеді:


Мен сен үшін өмірімді қия алам ,асыл досым

Пенделіктен биік ұлы достық


«Ғашықтық ғаламаты» балладасының туу тарихы (естелік)

-Менiң Қалекеш Қарағұлов деген құрылысшы досым болды. Брежнев­тiң шатып-бұтып, тiлiн бұрап сөй­легенiн, Роза Бағланованың қазақша, орысша араластырып ардың-күрдiң әңгiме қозғайтынын, Брежневке арнап 73 рет қол шапалақталған 3 мың адамдық Ленин сарайындағы кештi ашардағы Қонаевтың Бас хатшыға арнаған құттықтау сөзiн және менiң қолымды жөндi-жөнсiз қайта-қайта сермеп өлең оқитынымды салғанда, тыңдарман жұрт күлкiден жарылып кете жаздайтын Поэзия жанкүйерлерiнiң едәуiр бөлiгiн жатқа айтатын менiң “Ғашықтық ғаламаты” атты Естай мен Қорланның қасiреттi махаббатын жырлайтын шағын поэманың оқиғасын да мен тұңғыш рет сол Қалекеш пен Қорланның аузынан естiп, поэзияға айналдырып едiм... Мысалы, «Танакөздің» сюжетін қайдан алдыңыз?
     Мұхтар ШАХАНОВ: Өмірден алынған, достарыммен арада болған жағдайдан алынған. «Танакөз» лирикалық толғамға құрылған. Оны алты күнде жаздым. Шерхан Мұртазаның азаматтығы, газетке беріп жіберді. Аяғы әлі жазылған жоқ еді. Соңын таңертең кетіп бара жатып, Орталық Комитеттің алдында отырып жаздым. Сөйтіп, ойда-жоқта шығарма туып қалатын.»( «Мәдениет»телеарнасының «Кітапхана» бағдарламасына берген сұхбатынан)

Салыстыру (Венн диаграммасы)



«Танакөз» поэмасы


Ортақ

«Ғашықтық ғаламаты»

Поэма(орта көлемді ,эпикалық шығарма)

Махаббат

Баллада(оқиғалы өлең)

Достық,адамгершілік,адалдық,

Ана махаббаты,әкелер достығы,балалық кез.



адамгершілік

Өнер

Танакөз,Мұрат

ерлік

Естай,Қорлан (тарихта болған)


Ғашықтар қосылады.

бақытты

қосылмайды

Бекіту

Сезім мен сенім Эвересінің құзар шыңына ілуде ғана бір адамның көтерілетіні сияқты Адам Ата мен Хауа Анадан бастап бірде қуантып, бірде жылатып, бірде үміттендіріп, бірде түңілтіп келе жатқан махаббат атты құдіретті күшке ешкім ұстаздық ете алмаса керек. «Достық жоғалған жерде – қоғам, махаббат жоғалған жерде ұрпақ азады», – депті Мұхаммед пайғамбар. Ұлағатты пікір!. Міне,санаулы айлардан соң өз кемелеріңді өмір-теңіздің асау толқындарына қарсы салып, жаңа өмірге қадам басасыңдар..Армандарың орындалсын,достықққа адал , сезімдеріңізге сызат түспесін,-Жинасаң да әлемнің бар алтынын, Адамдығың көрсетпесе жарқылын, Қоршар сені салқын шаттық, салқын үн.


Ешкім рух байлығынан бөлініп, Шын бақытқа жеткен емес, жарқыным-деп айтылғандай рухани бай болуға шақырамын. Сергіту сәті. Мұхар Шахановтың сөзіне жазылған әндері де жетерлік. Оның бірнешеуін қазірде эстрада әншілері сахна төрінде орындап жүр. Мысалы: «Өмір-өзен»,«Ақ бантик »,«Әке туралы жыр»,«Жас жұбайлар жыры» ... орындауында

Тест сұрақтары:



  1. М.Шахановтың алғашқы өлеңі:А)Құдіретті төрт ана В)Сырдария С) Гүл дәурен

2) «Құз басындағы аңшының зары» атты эссе кітабын қай ақынмен бірлесіп жазды: А)Т.Айбергенов В) О.Сүлейменов С) Ш.Айтматов

3) ҚР Халық жазушысы атағын қай жылы алды: А) 1996ж. В) 1995 ж. С) 2002ж.

4) 1966ж.жарияланған тұңғыш өлеңдер жинағы: А) Сенім патшалығы В) Балладалар С) Бақыт


5) Мәтінін де,әнін де өзі жазған әні: А) Отырар В) Туған күн кешінде С) Ай туып келеді

6) Қай жылы ,қандай атақ берілді: А) 2002ж В) «Жыл адамы « С) «Түркі тілдес халықтар арасындағы үздік ақын» Д) 2005 ж. Е) 2007ж.

7) Нешінші жылы ,қай кітабы жарық көрді:А)1974ж. В)Ай туып келеді С)Қырандар төбеге қонбайды Д)1976ж. Е) 1977ж.

Жаңа сабақ: Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов( 1934-2006) жылы 11 ақпанда Көкшетау облысы, Қызылтау ауданы, Кішкенекөл ауылында туған. Қазақстанның Халық жазушысы (1996). Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1957). 1957- 1959 жылдары "Пионер" (қазіргі "Ақ желкен") журналында және 1960-1964 жылдары Қазақ мемлекеттік драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, 1988 жылдан 1991 жылға дейін КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болған. Балаларға арналған алғашқы кітапшасы ("Сонарда") 1959 жылы шықты. Бұдан соң жас жеткіншектер үшін "Әжем мен емші және дәрігер" (1961), "Кімнің мекені жақсы" (1962), "Сақау бәтеңке" (1983), т.б. кітаптары жарық көрді. "Өшпейтін іздер" повесін (1968), "Жапандағы жалғыз үй" романын жазды (1965; орыс тілінде - 1968). "Ақан сері" дилогиясы жарық көрді. "Алғашқы вагон" (1982), "Заманай мен Аманай" (1987) повестерін жазды.
Бекіту: сыни сұрақтар (иә,жоқ) Үй тапсырмасы: С.Жүнісов шығармашылығы Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет