Оңтүстiк қазба байлықтарына да бай екенiн әлдеқашанмойындатқан аймақ. Өлкенiң өндiрiстiк-экономикалық әлеуетi мол. Орасан зор табиғи қорлардың өзiн жеке әңгiме етуге тұрады. Уран қоры жөнiнен бiздiң облыс Қазақстанда бiрiншi



Дата04.02.2020
өлшемі16,25 Kb.
#57138
Байланысты:
Оңтүстiк

Оңтүстiк - қазба байлықтарына да бай екенiн әлдеқашанмойындатқан аймақ. Өлкенiң өндiрiстiк-экономикалық әлеуетi мол. Орасан зор табиғи қорлардың өзiн жеке әңгiме етуге тұрады. Уран қоры жөнiнен бiздiң облыс Қазақстанда бiрiншi. Созақ даласындағы кенiштер әлем жұртына кеңiнен танымал. Фосфориттер мен темiр кенi бойынша аймақ үшiншi орында тұр.

 

Қатты пайдалы қазбалардың баланстық қоры мен болжамдық ресурстар жөнiнен өңiрдегi жер қойнауының байлығы 240 млрд. АҚШ долларына тең деп бағаланады. Атап айтқанда, бiзде бокситтiң, темiрдiң, уранның, қорғасын мен мырыштың, көмiрдiң қоры мол.  Сонымен қатар, алтын мен күмiстiң, ванадий мен вольфрамның кен орындары да баршылық. Осы барланған кен орындары мен геологиялық барлау құрылыстарын игеру, болжамдық ресурстарды өнеркәсiптiк санаттарға өткiзу және оларды өндiрiстiк негiзде игеру үшiн мамандардың есептеуiнше 2 млрд. АҚШ доллары қажет екен.



Оңтүстiк - қазба байлықтарына да бай екенiн әлдеқашанмойындатқан аймақ. Өлкенiң өндiрiстiк-экономикалық әлеуетi мол. Орасан зор табиғи қорлардың өзiн жеке әңгiме етуге тұрады. Уран қоры жөнiнен бiздiң облыс Қазақстанда бiрiншi. Созақ даласындағы кенiштер әлем жұртына кеңiнен танымал. Фосфориттер мен темiр кенi бойынша аймақ үшiншi орында тұр.

 

Қатты пайдалы қазбалардың баланстық қоры мен болжамдық ресурстар жөнiнен өңiрдегi жер қойнауының байлығы 240 млрд. АҚШ долларына тең деп бағаланады. Атап айтқанда, бiзде бокситтiң, темiрдiң, уранның, қорғасын мен мырыштың, көмiрдiң қоры мол.  Сонымен қатар, алтын мен күмiстiң, ванадий мен вольфрамның кен орындары да баршылық. Осы барланған кен орындары мен геологиялық барлау құрылыстарын игеру, болжамдық ресурстарды өнеркәсiптiк санаттарға өткiзу және оларды өндiрiстiк негiзде игеру үшiн мамандардың есептеуiнше 2 млрд. АҚШ доллары қажет екен.



М.Әуезов атындағы ОҚМУ технологиялық паркiнде болашағы зор инновациялық жобалардың тұсаукесер рәсiмiнде болғанымыз бар. Мұндағы ғалымдардың қазба байлықтарды игеру жөнiндегi бiрнеше iлкiмдi жобаларымен танысып, таң-тамаша қалғанбыз. Қарапайым ғана мысал. Бадам өзенiндегi құмнан құрылысқа жылына 5 мың тонна құрғақ қоспалар дайындауға болады екен.  Ал, оның қоры шексiз.  Ленгiрдегi саз балшықты тығыз топырақтан кез келген ғимараттың қасбетiне қаланатын төзiмдi кiрпiш және черепица өндiруге мүмкiндiк бар.  Ал, оның шикiзат қоры 9 млн. тоннаны құрайды. Демек, жылына 30 млн. дана өнiм алуға болады. Өзiн-өзi алты жылда ақтап шығатын жобаның құны 2 млрд. теңгеге жуықтайды. Дәубаба-базальт кен орнындағы минералды вата және тасты құймаға сұраныс болып тұр. Бұл жобаның құны 1.930 млн. теңгеден асады.

Ленгiрдегi қоңыр көмiр қорына жерасты газдандыру технологиясын қолдану арқылы 4 млрд. текше метр «көгiлдiр отын» алуға мүмкiндiк бар деп есептейдi мамандар. Егер Шымкенттегi №3 жылу орталығының жүйелi жұмыс iстеуiне 490 млн. текше метр табиғи газ қажет екенiн есептесек, арзан отынның қанша уақытқа дейiн жететiнiн бағамдауға болады. Егер құны 3,1 млрд. теңге тұратын жоба iске асса, жетi жылда өзiн-өзi ақтайды және бұл жұмысқа 570 адам қамтылады. Мұндай мысалдарды көптеп келтiруге болады. Ең бастысы, оларды ұқсатып, тиiмдi пайдалануда болып тұр.

Соңғы жылдары Иiрсу кен орнын игеру жөнiнде де аз айтылып жүрген жоқ. "Оңтүстiк" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы Ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының мәлiметi бойынша аталған кен орнында "Оңтүстiк Қазақстан тау-кен металлургиялық кешенiн құру" жобасын әзiрлеген "Тау-кен металлургиялық компаниясы" АҚ-ы құрылтайшы болып табылатын "Қазақстан минералдық ресурстары" тау-кен металлургиялық кешенi" ЖШС-i мен "Оңтүстiк" ӘКК" Ұлттық компаниясы" АҚ-ы жүзеге асырмақ. Темiр кенiнiң қоры бар iрi нысан саналатын Иiрсудың геологиялық қоры 327 млн. тоннаны құрайды. Жылына 3 млн. тонна руда мен 800 мың тонна прокаттық болат өндiрiледi. Шикiзат жүз жылға жетедi. Тау-кен кешенi алдағы уақытта болат құймалар, прокат, мыс жентегiн, құрылыс материалдарын, күкiрт қышқылын дайын өнiм күйiнде шығаруға қабiлеттi. Мұндай көлемде тауар шығарудың жобасы 784 млн. АҚШ долларын қажет етедi. 6 мың адам жаңа жұмыс орнына тартылады. Шымкент, Тараз, Жаңатас, Қаратау, Кентау және өзге аудандардан да жұмысшылар шақырылуы әбден мүмкiн.

2011 жылдың соңында басталатын құрылыстың ҚР Экологиялық кодексiне сай мұқият жүргiзiлетiнiне сендiрiп отыр. Одан қоршаған ортаға, ауаға ешқандай залал келмейдi.

- Иiрсу мен Абайыл жерасты кен орындарын игеретiн ие табылғанына бiз де қуаныштымыз, - дейдi Түлкiбас ауданының тумасы Сайлаубек Ақылбеков. - Кеңестiк кезеңде "Қазақстан магниткасы" атанған Темiртауда жұмыс iстеген азамат бұл кәсiптiң қыр-сырын жетiк меңгерген. Айтар құнды ойлары мен бағалы ұсыныстары аз емес. Алайда, жер қойнауындағы байлықты халық игiлiгiне жаратуымыз үшiн экологиялық талаптарды сақтай отырып, қауiпсiз жағдайда игеруiмiз қажет. Иiрсу табиғаты әсем жерге орналасқан. Ар жағы Ақсу-Жабағылы қорығына тиiп тұр. Сондықтан оның "шуын" да, "шаңын" да шығармай өндiру жағын қазiрден бастап мұқият ойластырғанымыз ләзiм. Ең алдымен Иiрсу және Абайыл кен орындарымен қатар, облыс аумағында 10-нан аса темiр кен орындары осы уақытқа дейiн зерттелiп келгенiн айтайық. Егер толық ақпараттарды есепке алсақ, жер қойнауындағы байлығымыз миллиард тоннаға жетiп жығылар едi. Темiр кен байлығын экологиялық және қауiпсiздiк жағдайында әрi ысырапсыз жаңа техникамен, озық технологиямен тауар өнiмдерiн алуға дейiн жеткiзiп, өңдеп алатын болсақ, бұл байлығымыз жүз жыл емес, бiрнеше ғасырға жететiнi анық. Сондықтан кен орнын жоғарыда айтып өткен талаптарға сәйкес игеру үшiн ғылыми институт ашылуы қажет.

2006 жылы Иiрсу темiр кен орнынан академик Сүлеймен Тiлеуқабыловтың технологиясымен лабораториялық, соңынан жартылай өндiрiстiк жағдайда рудадан тiкелей ерекше табиғи лигирлендiрiлген металл алғанбыз. Ендi мұндай металды академик ағамыз Абайыл кен орнынан да зертханалық жағдайда кен иелерiне алып берiп отыр. Бұл жерде түсiндiре кететiн бiр жайт, екi кен орнының шикiзаты құрамы жағынан да, сапалық жағынан да бiр-бiрiне сәйкес келе бермейтiн ерекшелiктерi бар. Мiне, сондықтан да әр кен орнының өзiнiң сипатына қарай шикiзаттарды қазып, тасымалдауды, өңдеудi, олардың жатқан жер құрылысының ерекшелiгiне қарай зерттей отырып, қоршаған ортаға, табиғатқа мүмкiндiгiнше зиян келтiрмейтiндей етiп алуымыз қажет. Сол себептi, құрылатын институттың атқаратын мiндетi орасан зор болмақ. Барлық саладағы мамандар даярлаумен қатар, жергiлiктi темiр кенiн өндiрудiң ғылыми жаңа экологиялық және қауiпсiз технологиясын зерттеп, оны өндiрiске енгiзген абзал. Мысалы, Иiрсудан бастап, Оңтүстiктегi кен орындары биiк тау беткейлерi мен шатқалдарында, жер қыртысының төменгi бөлiгiнде, кей жерлерде 200-300 метр тереңдiкте жатыр. Өндiрiлетiн темiр рудалары ауаға радиациялық сәуле шашпайды. Кен орны ең көп шоғырланған Иiрсуда жерасты сулары көптеп кездесуi мүмкiн. Әрине, ол қауiп те туғызады. Осыған орай, шикiзаттарды қазып алу адам күшiмен емес, жаңаша ойлап табылатын, адам сырттан басқарып бақылап отыратын роботтар арқылы жұмыс iстеген жөн. Институт үшiн жергiлiктi металлургиялық комбинатты игеру және оның келешектегi жаңа техника, технологиясын зерттеп, оларды өндiрiске ендiру проблемалары да жеткiлiктi. Мысалы, атмосфераға көмiр қышқыл газын емес, таза оттегi мен сутегi жiберуге болады. Академик С.Тiлеуқабыловтың осындай технологиясы бар.



Негiзi, Иiрсу кен орнын толық игеру басталған кезде металлургиялық комбинатты Ленгiр қаласында салса, құба-құп болар едi. Бұл экономикалық жағынан да тиiмдi. Өйткенi, Ленгiрде отын қоры - көмiр мәселесi де өзiнен өзi шешiлгелi тұр.

 

Серiкқали ЖЕКСЕНБАЕВ

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет