Алтынемел мемлекеттік ұлттық саябағы Алтынемел Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ



Дата23.12.2019
өлшемі1.4 Mb.

Алтынемел мемлекеттік ұлттық саябағы

Алтынемел - Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ.

  • Алтынемел - Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи саябақ.
  • Жер көлемі - 520 мың гектар. Саябақ аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көруге болады. Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылығы негізінде 1996 жылы құрылды.

Географиялық орны

  • Географиялық орны
  • Алматы облысы Кербұлақ және Панфилов аудандарында орналасқан.

  • Климаты
  • Бақтың климаты қатаң континенттік, қысы суық, жазы ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 330 мм-ден аспайды. Қаңтардың орташа температурасы – 8,6°С, шілденің орташа температурасы 26°С. Қар аз түседі, ол жабайы жануарлардың қыстап шығуына қолайлы жағдай туғызады.

Жер бедері

  • Жер бедері
  • Аумағы 469620 га. Бақтың құрамына Қапшағай бөгенінің солтүстігі бөлігі мен Іле өзенінің оң жағалауы, Жетісу (Жоңғар) сілемдері: Кіші және Үлкен Қалқан, Ақтау, Қатутау, Дегерес, Матай, Шолақ, Қояндытау таулары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі – «Әнші құм» («Айғай құм») кіреді.. Қапшағай бөгенінің оң жағалауындағы тау етегі жазықтығында көптеген қорғандар (мысалы, сақ хандарының қабірі – Тигрхауда, 7 – 4 ғасырлар), тау сайларында әр түрлі жануарлардың суреті салынған жартас көрмесі бар

  • Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
  • Бақ флораға бай, онда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1500 түрі, «Қызыл кітапқа» енген 22 түрі (мысалы, Мүсілім сылдыршөбі, Қопал таспашөбі, Іле бөріқарақаты, т.б.) бар. Бақ жануарлар әлеміне де бай. Омыртқасыздардың ішінде ең көп кездесетіні – өрмекшітәрізділер мен жәндіктер. Жәндіктердің 5000-нан аса түрі белгілі, оның 25 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген

Мысалы, Галузо отынкескіш қоңызы, Сольский барылдауық қоңызы, дала сколиясы, жолақты тораңғы көбелегі, т.б. Омыртқалы жануарлар фаунасы да бай. Балықтың 20 түрі, оның ішінде 3 түр эндемиктер (балқаш алабұғасы, балқаш шармайы, бір түсті салпыерін) болып саналады.

  • Мысалы, Галузо отынкескіш қоңызы, Сольский барылдауық қоңызы, дала сколиясы, жолақты тораңғы көбелегі, т.б. Омыртқалы жануарлар фаунасы да бай. Балықтың 20 түрі, оның ішінде 3 түр эндемиктер (балқаш алабұғасы, балқаш шармайы, бір түсті салпыерін) болып саналады.
  • Қосмекенділерден жасыл құрбақа, қызылаяқ бақа және көлбақа бар. Бауырымен жорғалаушылардың 25 түрі кездеседі
  • Мысалы, қалқантұмсық жылан, дала тасбақасы, жалтырауық жармасқы, оқжылан, т.б. Құстардың 200 түрінің 174 түрі саябақта ұялайды. 18 түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген, мысалы, қара дегелек, балықшы тұйғын, жұртшы, үкі, т.б. Сүтқоректілердің 70-тен астам түрі мекендейді, олардың ішінде ортаазия тас сусары, шұбар күзен, ортаазия өзен құндызы, Тянь-Шань арқары және бозтүсті ергежейлі қосаяқ қорғауға алынған

Саябақта 197677 жылдардан бері ақ бөкендер, 400-ден аса құлан мекендейді. Табиғатта сирек кездесетін бір түр – Пржевальский жылқысы дүние жүзінде бірнеше зообақта ғана сақталған. 2003 жылы саябаққа Германиядан бірнеше жылқы әкелініп, жерсіндірілді. Саябақта табиғат шежіресі жүргізіліп, жан-жақты жабдықталған бірнеше туристік маршруттар жұмыс істейді.

  • Саябақта 197677 жылдардан бері ақ бөкендер, 400-ден аса құлан мекендейді. Табиғатта сирек кездесетін бір түр – Пржевальский жылқысы дүние жүзінде бірнеше зообақта ғана сақталған. 2003 жылы саябаққа Германиядан бірнеше жылқы әкелініп, жерсіндірілді. Саябақта табиғат шежіресі жүргізіліп, жан-жақты жабдықталған бірнеше туристік маршруттар жұмыс істейді.
  • Саябақ археологиялық ескерткіштер мен ежелгі таңбалар және суреттер салынған үңгірлермен тастарға бай. Сақ дәуірінде салынған «Бесшатыр» обаларының маңызы үлкен. Ш.Ш.Уәлихановтың тарихи-мемориалдық мұражайы осында орналасқан. Саябақта өсімдіктердің 1800 түрі: балқаш сексеуілі, баялыш, шырша, үйеңкі, тораңғы, қызыл тал, жиде, жыңғыл, сексеуіл, қылша, т.б. өседі.

Алтын емел

Саябақтың жануарлар әлемі де алуан түрлі: сүтқоректілерден құлан, қарақұйрық, арқар, түлкі, тас сусары, қоян; құстардың 15 түрі: бүркіт, тазқара, ителгі, кекілік, қырғауыл, бұлдырық; балықтардан сазан, көксерке, ақмарқа, табан балық, т.б. кездеседі. Омыртқасыз жануарлар дүниесі толық зерттелмеген. Саябақта 17 қорықша бекеті және бірнеше туристік маршрут жұмыс істейд

  • Саябақтың жануарлар әлемі де алуан түрлі: сүтқоректілерден құлан, қарақұйрық, арқар, түлкі, тас сусары, қоян; құстардың 15 түрі: бүркіт, тазқара, ителгі, кекілік, қырғауыл, бұлдырық; балықтардан сазан, көксерке, ақмарқа, табан балық, т.б. кездеседі. Омыртқасыз жануарлар дүниесі толық зерттелмеген. Саябақта 17 қорықша бекеті және бірнеше туристік маршрут жұмыс істейд


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет