Үш күндік шатырлы лагердің ашылу салтанаты сценарийі Өтетін орындары



Дата03.07.2023
өлшемі16,86 Kb.
#179303
түріСценарий
Байланысты:
сценарий шатырлы лагерь


Үш күндік шатырлы лагердің ашылу салтанаты сценарийі


Өтетін орындары: Ұштаған ауылдық саябағы, Таушық ауылдық саябағы, Ақеспе тауы, Құрық теңіз жағалауы, Ақмыш демалыс саябағы.
Демалушылар саны: әр ауысымға 60-тан, барлығы 300 бала қамтылады.
Ашылу салтанатына шақырылатындар: Білім басқармасы, білім бөлімдері мен жергілікті жерлердегі аудан әкімдіктерінің өкілдері, БАҚ, ПД, СЭС қызметкерлері.
Уақыты: 17.00 - 19.00
Жүргізушілер: Н. Қосанова, Е. Баязитов.
Лагердің безендірілуі: Жалауша, шарлар ілінеді.
Музыкалық сүйемелдеу: Патриоттық әндер сағ:16.40-тан бастап ойнап тұрады.
Демалушылардың орналасуы: 3 топ (20 - 20 дан) лагерь формасымен II үлгісінде екі жетекшісімен орналасады. Топтың бас жағы мен соңына жетекшілер тұрады.
Жүргізуші: Құрметті лагерь демалушылары мен қонақтар! Бүгін шілде айының алғашқы аптасында Қарақия ауданы, «Абай» базасында білім басқармасының 23.06.2022ж. №110нқ бұйрығымен білім алушылардың 3 күндік шатырлы лагерінің бірінші ауысымы өз жұмысын бастағалы отыр. Шатырлы лагерьде алғаш демалушылар болып, Бейнеу ауданы мен Түпқараған ауданының оқушылары ортамызға келді. Қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Алғашқы сөз осы лагерді ұйымдастырушы мекеме – Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының директоры Темірланова Аяжан Темірланқызына беріледі.
***
Қарақия ауданы Құрық ауылының тарихын, жергілікті фауна мен флора ерекшеліктерін, экологиялық мәдениетін, азаматтарын танып білу, өртке қарсы сақтық қауіпсіздік және лагерьде жүріп - тұру ережелерін, табиғатты қорғау, құбылнамамен бағдарлау, картамен жұмыс істеу, кедергілерді жеңу, шатыр орнату, от жағу, бірінші дәрігерлік көмек көрсету, шыдамдылық, еңбекқорлық, өзара көмектесу, топта жұмыс істей алу, төтенше жағдайларда өз - өзіне қызмет көрсету және өмір сүру дағдыларын жүзеге асыру мақсатында біліктілік дағдыларды игересіздер. Осы күндері теледидарсыз, электр жарығынсыз, компьютерсіз интернетсіз, яғни, ұялы телефонсыз демалатын боласыздар. Жақсы және көңілді демалуларыңызға тілектеспін. Үш күндік шатырлы лагерді ашық деп жариялаймын. (ГИМН).
Жүргізуші:
Лагерь басшысымен таныс болыңыздар! Топтардың рапортын қабылдау үшін Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы экология - биология бөлімінің жетекшісі Сұлтан Қазбек Июнь - Айұлын ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Рапорт тапсыруға 1-ші топ жетекшісі Әлжан Жансая Қонысбайқызы шақырылады! (топ жетекшілері топтың аты, ұраны, баланың саны ұлы, қызы туралы мәлімет береді).
Жүргізуші: Рапорт тапсыруға 2-ші топ жетекшісі Қосанова Нұршат Танжарыққызы шақырылады!
Жүргізуші: Рапорт тапсыруға 3-ші топ жетекшісі Досжанов Темірхан Саматұлы шақырылады!
Жүргізуші: Рапорт тапсыруға 4-ші топ жетекшісі Тұрақбаева Әсемхан Жайлыбайқызы шақырылады!
Жүргізуші: Рапорт тапсыруға 5-ші топ жетекшсі Баязитов Есен Баязитұлы шақырылады!
Жүргізуші: Рапорт тапсыруға 6-шы топ жетекшісі Жұлқынова Гүлзер Мәслихатқызы шақырылады!
Жүргізуші: Енді кезекті балалардың өнеріне береміз.Қарақия аудандық мәдениет үйінің әдіскері Тлекбаева Гүлназ «Тек алға» әнімен қарсы аламыз.
Келесі ән кезегін Өтеулиева Әлия «Халқым ай» әнімен қарсы аламыз.
Ортаға Қарақия аудандық мәдениет үйінің 10 сынып оқушылары «Үнді биі» «Айгөлек» бишілер ансамблін шақырамыз.
Бейнеу ауданы, «Абай» жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Мухамбетова Аян ______________________биімен қарсы аламыз.
Рамазанова Маржан, Бердиева Арайлым Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп – лицейінің 8 сынып оқушылары дуэт «Тек алға» әнімен қарсы аламыз.
Буркиталиев Жасұлан Ақшұқыр мектеп – лицейінің 8 сынып оқушысы «Той бастар» қашаған термесі ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:Сөз кезегі шараның қонағы Ауыл әкімі ________________________беріледі.
Осымен лагерьдің ашылу салтанатын жабық деп жариялаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет